|
Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы міндеттері
|
бет | 16/58 | Дата | 27.04.2022 | өлшемі | 5,56 Mb. | | #32529 | түрі | Семинар |
| Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы міндеттері:
1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау;
2) математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және заманымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру;
3) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процесін зерттеу;
4) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау.
Осыған орай математиканы оқыту әдістемесінің жеке міндеттері:
1) оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау;
2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал тигізетін тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;
3) теориялық материалдарды игеруді және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|