Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. «Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы» курсын оқып-үйренудің қажеттілігі неде?
2. Курстың 6М010900 - Математика мамандығының оқу жоспарындағы базалық және бейіндік пәндермен пәнаралық байланысы қандай?
3.Курстың пәнін,міндеттерін және әдіснамасын тұжырымдап беріңіз.
4. Курс материалдарының кәсіби бағыттылығы неде?
5. Математиканы оқыту әдістемесінің даму кезеңдерінің жалпы сипаттамасы.
6. Ежелгі және орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың әдістемелік-математикалық мәдениетінің ерекшеліктерін ашып беріңіз.
7. Мұсылмандық оқу жүйесінің өзіндік ерекшелігі неде ?
8. «Әбжад хисабы» дегеніміз не ?
9. «Бабди-бажуан» кестесіне сипаттама беріңіз.
10. Халық педагогикасындағы әдістемелік-математикалық идеяларға сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |