Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Математиканы проблемалап оқыту



бет19/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

Математиканы проблемалап оқыту
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында оқытудың дамытушылық қызметіне қойылатын талап ұдайы өсіп отырады. Қоғамымызға шығармалық тұрғыда ойлай алатын, алдына қойылған міндеттерді нақты шеше алатын мамандар қажет. Сондықтан оқыту процесінде ғылыми фактілердің жиынтығын берумен ғана шектелуге болмайды. Сонымен бірге, оқушылардың жүйелі, диалектикалық ойлау қызметін қалыптастыру да маңызды міндет екені мәлім. Мұндай өрелі мәселелерді шешудің пәрменді құралдарының бірі — пәнді проблемалап оқыту болып табылады.
Проблемалап оқыту — дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Ал мұндай мүқтаждық проблемалап оқыту барысында жиірек туады. Демек, проблемалап оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап—оны қашан және қалай пайдалануды анықтау.
Проблемалап оқыту кезінде білім мен іскерліктің бірсыпыра бөлігін оқушылар өздігінен, танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді.
Проблемалап оқытумен дәстүрлі оқытудың арасындағы негізгі айырмашылық оқу процесін ұйымдастыру мақсаттары мен принциптерінде байқалады. Проблемалап оқытудың мақсаты — ғылым негіздерін меңгеріп қана қоймай, оқушылардың танымдық және шығармалық қабілеттерін дамыту. Проблемалап оқытуды ұйымдастыру негізін оқушының ізденгіштік, танымдық оқу қызметтері құрайды. Басқаша айтқанда, ғылыми фактілерді, құбылыстарды, заңдарды және алған білімдерін зерттеуге және оны іс жүзінде пайдалану тәсілдеріне баулу болып табылады.
Сонымен бірге, проблемалап оқытуды оқушылардың жаңа заңдар мен құбылыстарды өздігінен «айқындаудың» үзіліссіз тізбегі ретінде де қарастыруға болады. Проблемалап оқыту кезінде мұғалімнін түсіндіруі мен оқушылардың қажетті іскерліктері мен машықтарын шыңдауға арналған есептерді оқушыларға орындату ісіне зор мән беріледі. Дегенмен проблемалап оқыту, оқытудың басқа әдістері сияқты, әмбебап емес, алайда математиканы оқытудың маңызды құрамдас бөлігі.
Проблемалап оқыту кезінде мұғалім материалды баяндап, неғүрлым күрделі ұғымдарды түсіндіре отырып, сабақ үстінде ұдайы проблемалық ахуал туғызады. Мұнда фактілер мен құбылыстарды талдағанда оқушылар тиісті қорытындылар мен жалпылауларды өздігінен жасауға, ережелердің тұжырымдарын, ұғымдардың анықтамаларын беруге, ұғымдардың арасындағы байланыстарды тағайындауға және де пайда болған жаңа жағдайлар — есептерді шығаруға бағыттау керек.
Сөйтіп, проблемалап оқыту оқушылардың ойлау қызметін жандандырудың негізгі құралы — проблемалық ахуал туғызудан басталып, мына негізгі сатыларды қамтиды:
а) проблеманы тұжырымдау;
ә) оны шешу тәсілдерін табу;
б) проблеманы шешу;
в) қорытындыны тұжырымдау;
г) таңдап алынған шешудің дұрыстығын көрсету.
Проблемалық ахуал деп оқушылар игерген біліммен іскерліктің және түсіндіруге қажетті фактілер мен ұғымдардың арасындағы сәйкессіздікті айтады. Бірақ проблемалық ахуалдын негізгі көзі есеп шығару болып табылады. Атап айтқанда, проблемалық ахуалдарды қамтитын есептерді шығару барысында оқушылардың ойлау қызметін шыңдауға қажетті машықтар дамытылады.
Алайда, кез келген проблемалық ахуал проблема емес. Оқу материалының проблемалы болуының қажетті шарттары мыналар:
1) проблеманың түсініктілігі;
2) оның танымдылығы (яғни материал жаңа білім және іскерліктермен оқушыларды байытуы тиіс);
3) проблеманың мазмұндылығы (койылған проблема оқушылардың ынтасын арттыруы тиіс).
Әрбір проблемалық ахуалдың өзіне тән педагогикалық сипаты болады. Оның біреуі, оқушыларды ұғымдарды өздігінен меңгеріп, оның анықтамасын тұжырымдауға бағыттайды. Екіншісі, белгісіз заңдылықтарды ашуға арналған гипотезаларды көрсетуге жөн сілтейді. Үшіншілері, қойылған проблеманың практикалық және теориялық мәнін түсіндіруге түрткі болады, т.с.с.
Проблемалық ахуалдарды шартты түрде себептік (мотивтік) және іздестіру деп екіге бөледі. Себептік проблемалық ахуал негізінен проблеманы шешу барысында пайда болады, және сабақтың мақсаты мен тақырыпты оқыту міндеті негізделеді. Басқаша айтқанда, өтілетін теориялық материалды оқып үйренудін маңызы, қажеттігі, лайықтылығы көрсетіледі.
Проблемалап оқыту идеясы оқушылардың ізденгіштік қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан оқушылардың алдына материалдарды оқып үйренудің мақсаты мен мүддесін қоюмен бірге, оларға математикалық фактілерді өздігінен тағайындауға көмектесетін педагогикалық ахуал туғызу керек. Бұл маңызды міндетті іздестіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Проблемалық ахуал туғызудың бір мысалын келтірейік [55, 176].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет