Математиканы


тақырып. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі



бет39/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#128398
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
Силлабус 2ББ

тақырып. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі




Негізгі сұрақтар: 1) математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері; 2) сыныптан тыс жұмыстың жүйелері; 3) математикадан факультативтік сабақтар және оның өткізу әдістемесі.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 7, 9, 10, 11, 13, 15, 21, 23, 25, 43, 47, 52]

      1. тапсырма. Математика мұғалімінің барлық оқу – тәрбие жұмысы сынып және сыныптан тыс жұмыстарды белгілі бір дәрежеде ұйымдастыруға бағытталуы тиіс. VІІІ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстардың

жоспарымен танысыңыздар. Осы жоспардың VІІІ сыныпқа арналған алгебра және геометрия бағдарламасымен салыстыру талдауын жасаңыздар.

      1. тапсырма. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жалпы сипаттама беріңіздер. Сыныптан тыс жұмыстар деген не? Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды неше түрге бөлуге болады? Үлгерімі төмен оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін және ұйымдастыруын тұжырымдаңыздар. Осы жұмысқа байланысты қандай түрлерін білесіздер?

      2. тапсырма. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрі – математикалық үйірме. Үйірме жұмысына өте жақсы оқушыларды қатыстыруға бола ма? Үйірме жұмысында қандай тақырыптар қарастырылуы тиіс?

      3. тапсырма. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарда жүргізуге болады. Әр бағытқа сипаттама беріңіздер.

      4. тапсырма. Математикалық үйірмеде оқушыларды математика тарихы бойынша өздігінен баяндама жасауға баулу керек. 6-сыныпқа арналған баяндама тақырыбын құрастырыңыздар (бағдарлама бойынша)

      5. тапсырма. Математикадан факультативтік сабақтар 8-сыныптан бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың мақсаты кандай? Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек?

      6. тапсырма. Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесін айтыңыздар. Факультативтік сабақтарда қамтылуға тиісті мәселелер кандай?

      7. тапсырма. ІХ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстарды өткізу нұсқаларын ұсыныңыздар. Математикалық конференцияны даярлау және өткізу әдістемесін тұжырымдаңыздар.

      8. тапсырма. 5 сынып оқушыларына (І нұсқа) және 6 сынып оқушыларына (ІІ нұсқа) арналған математикалық үйірме жоспарын құрастырыңыздар.

      9. тапсырма. Математикалық олимпиадалар V-ХІ –сынып аралығында жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты қандай? Мектеп олимпиадасын өткізу үшін 5-9 сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмаларының бір нұсқасын құрастырыңыз. Бұл тапсырмалар қандай талапқа негізделген? Математикалық олимпиаданы өткізу әдістемесі қандай? Мектепте олимпиада неше турда өткізіледі?

      10. тапсырма. Мектепте математикалық кештерді өткізу әдістемесімен танысыңыздар. «Қазіргі кездегі математика» тақырыбы бойынша математикалық кешті өткізу жоспарын құрастырыңыздар және оған керекті әдебиеттерді көрсетіңіздер.

      11. тапсырма. «Математика апталығын» өткізу жоспарын жасаңыздар.

Онда оқушылардың ролі кандай?

      1. тапсырма. Мектепте математика кабинетінің жұмыс жоспары кандай? Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтаңыздар.

      2. тапсырма. Математикалық конференцияны даярлау және өткізу әдістемесі.

      3. тапсырма. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары, мазмұны және негізгі формаларына тоқталыныз.

      4. тапсырма. Математиканы оқытуда іскерлік ойындарын пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет