жайлы жазылған еңбектерді оқу, талдау, талқылау барысында да екіге бөлінеді. Бұның барлығы
226
оқырманның ойсезімі мен танымының көрінісі»/5, 184 б./деп, оқырманның да түрге бөлініп,
шығарма тану ерекшелігін айтқан.
Бұл шығармадан оқырман өзіне қажетті өзекті нәрсені тауып, адамгершілік жағынан үлкен
сабақ алады. Жоғарыда оқырманның екі түрі болатынын айтқан едім. Сол кәсіби филолог ретінде
Ә.Кекілбайдың шығармаға берілген оқырман пікірі: ««Парасат майданы» қайталап айта беруге,
тіпті жіліктеп талдап беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойын оң саққа жүгіртіп,
ойланасың, тебіренесің. Ойлаған сайын ойсырап, құлазып, тебіренген сайын теңсеел күйзелесің.
Нағыз өнердегі «шок терапиясы»». /6, 56 б./.Т.Әбдікұлы шығармалары туралы Г.Орда мынандай
баға береді: «Өткен ғасырдың 60жылдарындағы әдебиет, ол – адамның жан дүниесіне үңіліп,
талдау жасау жағынан ерекшеленетін. Төлен ағамызды шығармашылығы адам бойындағы ерекше
құбылыстарға және сонымен бірге психологиялық талдау жасау арқылы оқырманға,
замандастарына үлкен ой салған, жекелеген кейіпкерлердің өмірлері арқылы үлкен философиялық
ойларға жетелеген қаламгер қатарына жатқызуға болады. Мысалы, «Оң қол» әңгімесі алпысыншы
жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы болса, соңғы жазылған «Парасат майданының» өзі де
соның заңды жалғасы ретінде көрініп отыр». Т.Әбдікұлы шығармалары оқырман қауымын оятып,
тың ой салып, шығармашылық сүйсіндіргені анық.
Қорыта келгенде, қазіргі уақытта шығармалардың тілін, көркемдік ерекшелігін зерттеуден
бөлек көркем мәтіноқырманавтор концепциясын зерттеу басты нысанаға алынды. «Үштік»
концепциясы автор идеясының көркем мәтінде көрініс табуын және көркем мәтінді оқырманның
түсініп, ой жалғастыруын зерттейтін бағыт. Автордың тұлғасы, идеясы, жазу шеберлігінің мәтінде
көрінуі автор шеберлігінің белгісі. Автор шынайы бейне жасағанда ғана шығармасы шынайы
болып шығады. Өйткені, көркем мәтін автор мен оқырман арасындағы ой байланысы. Көркем
мәтіннің құндылығы – қаламгердің астарлы ойы. Астарлы ой шығарма тақырыбынан бастап, оқиға
желісі, кейіпкерлердің бейнесі, шығарма идеясы арқылы өріледі. Ал жақсы ой оқырман
ұстанымының қалыптасуына, шығармашылық байланыстың орнауына себепкер болады. Көркем
мәтінавтороқырман концепциясы ажырамас, күрделі, мәңгілік үдеріс. Бұл көркем мәтін арқылы
автор мен оқырман арасында жүзеге асатын шығармашылық үдеріс.
Әдебиеттер
1. Жақыпбекова Р. Т.Әбдік шығармаларының композициялық ерекшеліктері. Шымкент:
Яссауи атындағы қазақтүрік университеті, 2006. – 56 б.
2. Савельева В.В. Психоантропология и современная художественная литература //
Художественная литература и проблемы антропологии. Караганда, 2002.
3. Гиршман
М.М.
Целостность
литературного
произведения.
В
книге
Проблемы
художественной формы социалистического реализма. Т.2. – Москва: Наука, 1971. – 352 с.
4. Әбдіков Т. Оң қол. Алматы: Атамұра, 2002.
5. Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. 230 б.
6. Мауленов А.А. Т.Әбдіковтің «парасат майданы» повесіндегі модернисттік бағыттағы
көркемдік ерекшеліктер. Алматы. «қазақстанның ғылыми әлемі» журналы, №53 (10). 2010
ж, 5457 б.
Т. ІЗТЕЛЕУҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МЫСАЛ ЖАНРЫ
Мекебаева Қатира Олжабайқызы, магистрант, Сулейман Демирель университеті
Түйін
Т.Ізтелеуұлының мысал жанрындағы рөлі. Т.Ізтелеуұлы шығармашылығы қазақ әдебиеті
дамуындағы ақындық мұра болып табылады. Өз мысалдарымен адамдарда патриоттық сезімдер
мен адалдықты тәрбиелеуге шақыруы.
227
Кілт сөздер: роль, жанр, сюжет,патриотизм
Аннотация
Роль Т.Ізтелеуұлы в жанре басни. Творчество Т.Ізтелеуұлы является наследием в развитии
казахской литертауры . Он своими баснями стремился воспитывать чувства патриотизма и
верности в человеке.
Ключевые слова: роль, жанр, сюжет, патриотизм
Аbstract
The role of T.Izteleuuly in the genre of fable. Creativity of T.Iztеleuuly is the heritage in the
development of Kazakh literature . With his fable he tried to bring up the sense of patriotism and devotion
in the man.
Keywords: role, genre, plot
Қазақ әдебиетінде мысал жанрының пайда болуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы. ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында мысал жанр ретінде қалыптасып, өзіндік даму
белестерін танытты. Мысал жанры ұлттық әдебиетке шығыс әдебиетінен де, батыс әдебиетінен де
келді. Аталған кезең аралығында шығармашылықпен айналысқан қазақ қаламгерлері ауыз
әдебиетінің бай мұраларынан, әдеби жәдігерлерімізден қанып ішіп сусындады. Ұлттық
мұраларымызды толық игерген қаламгерлер ендігі кезекте батыс пен шығыс әдебиетінің
классикалық үлгілеріне үңіле бастады. Сондықтан да олардың шығармашылықтары шығыстық, не
батыстық әдебиет үлгілерімен тығыз байланыста қалыптасты. Мысалы, Дулат Бабатайұлы,
Майлықожа, Молда Мұса, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары секілді ақындардың мысал
өлеңдері мен дастандары шығыс фольклоры және әдебиеті материалдарының негізінде дүниеге
келді деуге болады. Ал, Ыбырай, Абай секілді ағартушы ақындарымыз бастаған Ахмет
Байтұрсынұлы, Спандияр Көбейұлы, Бекет Өтетілеуұлы, Сәбит Дөнентайұлы тәрізді жаңаша
оқыған келесі топ орыс әдебиетімен сусындады. Кейінгі топ өкілдері негізінен орыс мысалдарын
қазақ тілінде сөйлетті. Солардың ішінде қазақ тіліне көп аударылғаны – И.А.Крылов мысалдары.
/1/.
Мысал жанрының қалыптасу, даму барысында көптеген ұқсастықтарды байқауға болады.
Мәселен орыс әдебиеті қаламгерлерінің бірсыпыра мысалдарының түп негізі шығыс
мысалдарында жатқанын байқауға болады. Бұл – әлемдік әдеби құбылыс. Мұның негізінде
қалыптасқан әдеби үрдіс жатқаны аңғарылады. Әлемдік әдебиетте қалыптасқан әдеби
шығармашылық жолына қазақ әдебиеті де өз даму жолымен, ағартушылық ойидеясымен,
қалыптасқан дәстүрлі үрдісімен келіп қосылды. ХХ ғасырдың басында жаңа жанрретінде танылған
мысал толыға, толыса келіпқазақ әдебиетінің төл жанрына айналды/1/.
Мысал жанрының осылай қалыптасуының өзінде екі жол бары аңғарылады. Бірі –
аудармалық нәзиралық немесе нәзиралық дәстүр, яғни белгілі бір шығарма негізінде еркін
жырлаушылық, екіншісі – көркем аударма деуге саяды. Сонымен бірге екі әдеби шығармашылық
жолдың бір ақын шығармашылығында қатар орын алуы да әбден мүмкін. Өз кезегінде көркем
аударманың өзі де дәлмедәл немесе еркін аударылу мүмкіндігі туралы да әр кез сөз болып
жатады. Демек, аудармалық, аудармалық нәзиралық әдеби дәстүр табиғаты өте күрделі. Яғни
мысал жанрының қазақ әдебиетіне ену үдерісі де осы қиын да күрделі шығармашылық жолды
бастан кешті /1/.
Фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс
қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында аздыкөпті
пікірлер бар. «Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін
сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма» /2, 36/ деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні
хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып
жатыр. Мұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой
пікірлерімен нақтылай түсейік.
228
«Мысал жанрының әр түрлі үлгілері барлық халықтардың ауыз әдебиетінде бар. Ежелгі
грек елінде мысалдың таралуы аты аңызға айналған Эзоппен байланысты айтылады. Батысшығыс
әдебиетінде де бұл жанр кең таралған. Үндінің «Пачатантрасы», арабтың «Қалила мен Димнасы»,
византияның «Стефанит пен Ихнилаты» шығармаларында мысал дәстүрі берік орын алған, деп
келе ғалым Күмісбаев Ө. мысалға мынадай анықтама береді мысал айтылатын өнегелі ойды
тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді шығарма, мысалдың
тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да
қатыстырылады» /5 ,236237/.
ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен біршама ақындарды кітаби ақын не шайыр деп атап
жүрміз. Осы қатарды қиссашыл, дастаншыл ақын дегенмен де толықтырамыз. Себебі олардың
ақындық тәрбие алған бастауы жыраулық поэзия болғанымен, мектеп, медреселерде білім алған
жаңаша сауатты, көзі қарақты ақындар болып қалыптасты. Сондықтан да олардың
шығармаларында өмір, қоғам туралы философиялық толғамдар басым. Олар мектеп, медреселерде
оқып, шағатай, араб, парсы тілдерін жақсы біліп, сол тілдердегі Орта Азия мен Қазақстанға тараған
Шығыс әдебиет үлгілерін, діни шығармаларды оқып өсті. Сол шығармалардың сюжетін негізге
алып, қисса, хикая, өлең, мысалжәне мысал дастандар жазған, аударған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың
соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында қазақ халқын шығыстың классикалық шығармаларымен
таныстырып, насихаттауда, сол арқылы қазақ әдебиетін жаңа жанрларымен, жаңа туынды, жаңа
сюжеттермен байытуда кітаби ақыншайырлардың елеулі орны болғандығы сөзсіз /2,5859/.
Кітаби ақыншайырлар жырлаған басты жанрлардың бірі – мысал жанры. Яғни, олар шығыс
фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілерін қазақ тілінде жырлау барысында мысал жанрына да
ерекше мән берді. Мысал оқиғасы арқылы қазақ оқырманына ағартушылық ойларын айтып
отырды. Шығармашылығы тұтас дерлік шығыс фольклоры және әдебиетімен тығыз байланыста
қалыптасқан, сол салада мол шығармашылық табыс берген кітаби ақын шайырымыздың бірі –
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы.
Ол – «Мәрді дихан», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауабану» секілді шығыс
фольклоры сюжеттерінің желісі бойынша жырланған дастандар шоғырын, сонымен бірге әлемдік
дәрежедегі ұлы туынды – Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамасын» кең көлемде, биік көркемдікте
жырлаған ақын.Ақын шығыс фольклорымен классикалық әдебиеті үлгілерін мысал етіп жырлауға
да үлкен мән берген.
Сондықтан да ақын шығармашылығының үлкен бір саласы – мысал жанры.Т.Ізтілеуұлының
әрбір мысалы – ежелден адамзат баласының игілігіне жұмсалып келе жатқан шығыс фәлсафалық
ойларын арқау еткен туындылар. Ақын осы мысалдарымен қазақ әдебиетіне екі түрлі қызмет етті
деуге болады: бірі — шығыс фәлсафасын әдеби шығармамысал етіп қазақ оқырманына ұсынуы,
екіншісі – мысалдары арқылы қазақ әдебиетін жаңа жанрдағы жаңа шығармалармен, жаңа
тақырып, жаңа сюжеттермен байытуы.
Тұрмағамбет мысалдары – түрлі әлеуметтік, фәлсафалық тақырыптарды қамтитын «Лұқпан
хәкім», «Ата мен бала», «Сүлеймен мен кірпікшешен», «Төрт дос», «Дарақ пен соя», «Жолаушы
мен дана» т.б. секілді туындылар. Ақын бұл туындыларында адам мен қоғам, жеке кісінің сан
қырлы сипатта жаратылу, ғұмыр кешу философиясын ағартушы ұстаз ақын ретінде қазақ халқына
жеткізуді мақсат тұтқан.
Ежелгі Рабғузи қиссаларынан алынған «Лұқпан Хакім» мысалы данышпанның ұлына айтқан
үш насихатын және соны іс жүзінде тексеріп, ақтығына көз жеткізген ұлының оқиғасын арқау
етеді.
Ұлына үш насихат айтты Лұқпан,
Олардың оңалмас жан сөзін шыққан.
Бұларды болма өмірде ұмытушы,
Сүйікті, – деді, ей, ұлым, іштен шыққан!
Жасырын сырыңды айтпа қатыныңа,
Жаңа мал біткеннен қарыз алма, мықтан!
Патшаның жендетімен жақын болып,
229
Жаныңа зақым қылар, жүргізбе ықтан!..
Ащыны, тұщыменен аңдайды анық,
Санаса, сұрап әркім сөзді ұлықпан.
Атамның «етпе, деген, үш түрлі ісін»
Сынып ем, сақтануға соңғылықтан.
Үлгісіз іс, күлкіге тұс етеді екен, деп
Лұқпан хакім ұлы ойға алған ісін орындап, кінәсіздығын дәлелдеп шығады. Ақын:
Бағасын білімді ердің білмейді ешкім,
Ажарлы айуан артық ақылы жоқтан, деп қорытады /3,87/.
Ақынның қызықты да, ойлы мысалдарының бірі – «Сүлеймен мен кірпікшешен». Мысал
негізгі оқиғаға көшпес бұрын ұзақ насихат айтумен басталады. Ақын насихаты әсем өрілген ойлы
жолдармен, ғибратты сөздермен, нақылдармен берілген. Тіпті тұтас мақалмәтелдер өлең
жолдарына кірігіп кеткен секілді. Мысалы:
Ісі жоқ кем ойлының кеңеспенен,
Кең ойлы: «Кеңес шығар, –демес, –менен…
Жаманды жар көкірек жан деп білме,
Құр кеуде көпті жеңген өңешпенен.
Болса да құл баласы қол қусырып,
Жұрт білер жөнді сөзге егеспенен ….
Өмір – жар омырылған, өлімқұрдым, – /3,93/
Секілді жолдарда ғибратты ойда, нақылда, мақалмәтел де тұнып тұр.
Мысалдың негізгі оқиға желісі Жебірейілдің:
Су, –деді, –өлместікке берілген бу,
Сарқып іш, саған тәңірім сыйлау қылды,
Қолымда тұрсын, –десең, –тірлік ту».
Өлімге алып қайтам, –десең, –құлмын,
Тағылмас бұл турада саған бір мін.
Ішсеңде, ішпесеңде ерік өзіңде,
Арнайы айтуға оны келіп тұрмын, –деп
Сүлеймен пайғамбарға мәңгі өлмес су ұсынуымен, Алла аманатын жеткізумен басталады.
Сүлеймен жауапты бірден бере салмай, елжұртымен кеңескенді жөн көреді. Жиылғанжан, аң
менен құс суды ішуін мақұл көреді. Әйтседе, келмей қалған кім бар деп сұрайды. Жиынға
келмеген кірпікшешен болып шығады. Оған ат пенен қаршығаны жұмсайды. Олар оны оны тапса
да, патша әмірін жеткізсе де, ол келмейді. Сүлеймен енді оған итті жұмсайды. Сонда:
–Опа жоқ қаршыға мен қалайда атта,
Көрсете көрме қысым бұл халатта.
Есігін иесінің күзететін,
Ит артық, өз ойыма, инабатта,–
Деп кірпікшешен оған еріп келеді. Мұнда ақын мысалдың адалдықты ту етіп көтерген фәлсафасын
жырлап отыр. Сүлеймен сұрағына:
–Бұл суды, кірпікшешен,–деді, –ішпе,
Бұл болар іше қойсаң, күйікішке.
Көңіліңнен кетпес қайғы, көзіңнен жас,
Қатарың қадір білер түсер еске.
Қатардан қате, –деймін, –қалмағыңды,
Кейінгі білмейді ауыр салмағыңды.
Арманда соныңүшін болабола,
Жүдерсің тістеуменен бармағыңды, –деп кеңес береді.
Бұл ойды Сүлеймен пайғамбар да жөн көреді /3,9394/. Мысалда үлкен философиялық ой
жатыр. Табиғат, жаратылыс заңы бойынша өмір өтпелілігі, сол заңға қарсылық әрі мүмкін емес, әрі
орынсыз. Өмірдің өзі өз кезеңімен көрікті т.т. ойлар бар. Сонымен бірге, мұнда дәрежең қанша
230
үлкен болса да көппен кеңес, аспа, таспа – «Ұлық болсаң, кішік бол» ғибраты жатыр. Мысал өте
қызықты, ойлы, көркем туынды болып шыққан.
«Төрт дос» мысал өлеңінде бірлік, ынтымақ, достық тасбақа, түлкі, қарға, киік секілді
жануарлар арқылы жырланады. Ақын мысалды:
Болады бақ, ықпалдың бірлік кілті,
Болмайды бір, болғанның жаннан мүлті, – деп бастап шығарма:
Береке болмай қалмас қай күнде де,
Бірлікпен осылайша басты қосқан, –деген оймен аяқтайды /3,97/.
Сол сияқты ақын шығармаларында астарлап сөйлеудің әр түрі кезедседі. Ақынның осы
бірлік ойы өзара дауласып, соңынан ынтымақ етіп, бас қосқан «Көкқұтан мен шымшық»
мысалында да жырланады.
Образ жасау үшін көкқұтан мен шымшықты әдейі қолданған. Бұл мысалда есеппен күн
көретін, рухани жарымжан адамдардың бейнесі жасалады. Мысалдың қысқаша мазмұны мынадай
шымшық пен көкқұтан бір ағашқа ұя салып тату тәтті өмір сүріп жатады. Автор оқиғаны
шиеленістіру үшін екеуін болмашыға араздастырады.
–Өзіңнің жынысың кішік, – атың – шымшық,
Қаралы тұмсығыңа , титтей мұрның.
Жылан кеп шаға қойса, бірің аман
Қояр ма болса дағы балаң бір мың?
Әр түрлі осы арада дұшпандар көп,
Солардың бәрінен мен сақтап тұрмын!
Сонда шымшық:
Сен , маған айтпа ондай ұнамсыз кеп,
Онан да бірігейік, болайық шет!
Таптырмас таулықты қолдан беріп,
Кетпейік қапелімде өкініш жеп.. / 4,6, 9799, 6062/.
Шымшық татулыққа шақырады. Кішкентай болса да үлкен ақыл иесі ретінде көрінеді.Ақын
татулық, бірлік туралы насихат сөздерін шымшық арқылы көрсетеді.
«Өгіз бен есек» мысал өлеңі шағын төрт оқиғадан тұрады: біріншісі, диханның Сүлейменге
хайуанаттың тілін үйрет деп өтінуі, кісіге айтсаң өлесің дегеніне айтпаймын деп ант беріп, тіл
үйренуі; екіншісі өгіз бен есек оқиғасы және оны диханның сәтті шешуі; үшіншісі, дихан
қатынының сырыңды айт деп талап етуі; төртіншісі, қораз бен ит әңгімесі себебімен қатынын
қамшымен қатты сабап, жазалап, өлімнен аман қалуы.
Ақын мысал өлеңін:
Басынар дұшпандарың бәріңді де,
Көрсетсең өзіңді осал өзгелерге,
Сескенер сырттағылар, сұсың болса,
Дос күліп, жолай алмас дұшпан шенге.
«Жау қорқар – сен қорықпасаң» деген нақыл, /3,225/.
деп жас оқушыларын қайратты азамат болып қалыптасуға шақырып аяқтайды.
Әр шығармасында имандылық, адамгершілік, бірлік, жамандыққа бармау, үлкенді сыйлау, кішіге
қамқор болу, менмендіктен аулақ болу сияқты адами қасиеттерді насихаттайды.
ХХ ғасыр алғашқы жартысында шығармашылықпен айналысып, қазақ әдебиетін шығыс
фольклоры, классикалық әдебиет үлгілері тақырыптарымен, сюжеттерімен байытқан, солардың
негізінде жырланған дастандар шоғырын берген, мысал жанрының дамуына да мол үлес қосқан
ақындардың бірі – шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлы болды. Ол – қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын
ешкімге ұқсамайтын стильдік ерекшелігімен, тілдік өрнектерімен байытқан ақын.
Әдебиеттер
1. Ергөбек С.С. Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті (ХІХХХ ғ.ғ.).Монография. – Түркістан:
«Тұран», 2012
231
2. Сыдиықұлы Қ. Халқыммен қайта табысқандар. –А., 1997.
3. Ізтілеуов Т.Назым. –А., 1982.
4. Жанбершиева Ұ.Жалын, 1990, №4, 9799 бб.
5. Әдебиеттену. Терминдер сөздігі. –А,1998
6. Кәрбозов Е. Т.Ізтілеуов шығармашылығындағы адамгершілік мәселелер, кандидаттық
диссертация, 2005
ЖАПОН ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КҮНДЕЛІК ЖАНРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байболова Жансая Кунтуганкызы, Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Тебегенов Т.С.
Аңдатпа. Мақалада жапон әдебиетіндегі күнделік жанрының қалыптасу, даму ерекшеліктері
қарастырылды.
Аннотация. В статье рассматривался особенности образование и развитие дневникового
жанра в японской литературе.
Abstract. The article was considered particularly education and development of the diary genre in
Japanese literature.
Кілт сөздер: күнделік, жанр, жапон әдебиеті, мемуар.
Соңғы жылдары оқырмандар арасында «нағыз» дерекке, өткен дәуір мен қазіргі болмыстағы
көркем шындықты айғақтайтын әр түрлі автобиографиялық шығармаға – эпистолярлық мұра,
мемуар – белгілі қоғам қайраткерлерінің күнделіктеріне қызығушылық артты. Мұның өзі қазақ
әдебиетінде бұрынырақ тек жазушының өзіндік стилі, не көркем әдебиетке жатпайтын туынды деп
қарастырып келген күнделікті әдеби теориялық тұрғыда талдауды қажет етеді. Әйтсе де, бұрын
соңды жанр ретінде ғылыми тұрғыдан арнайы зерттелмегендіктен қазақ әдебиетіндегі күнделік
жанрын зерттемес бұрын, өзге де халықтарда кең таралған жанрдың ғылыми екшелгені жөніндегі
мағлұматтарды ала отырып,өз әдебиетіміздегі тап сол шығарма түрінің зерттеу моделін жасап
алуымыз қажет. Осы мақсатты көздей отырып, мен бұл мақаламда күнделік жанры кең таралған
жапон әдебиетіндегі осы тектес шығармалардың қалыптасу, даму,зерттелу тарихын саралап
көрдім.
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедиясында: «Мемуарлық жанрдың бір түрі болған күнделік –
жазушының, ғалым, не саяхатшының өз көзімен көріпбілген жайларын есте сақтау үшін
жазылатын шығарма» деп түсінік берілсе /1.4б./, күнделік жанрын зерттеуші ғалым Н.Мещеряков
«Күнделік» термині («никки» – күнделікті жазбалар) әр түрлі мазмұндағы мәліметтерді жинақтау
ұғымын білдіреді» деген / 2. 136б. /
Деректік жанрдың жапон әдебиетіндегі алар орны, оның қалыптасуы мен даму тарихын
зерттеуде орыс әдебиеті ғалымдары көш бастады. Аталған жанрдағы шығармалардың құрылымы,
әдеби, тілдік ерекшеліктері мен қоғамдық маңызы жайын А.Н.Мещеряков, Н.И.Конрад,
В.Н.Горегляд, О.Г.Егоров сынды ғалымдар еңбектерінде мәселе етіп көтерді.
Күнделік – жапон әдебиетіндегі кең таралған жанр түрі.Тіпті өзге халықтар әдебиетіне
қарағанда бұл халықта күнделік стиліндегі шығармалар оқырмандар арасында да өзіндік
сұранысқа ие. Бірақ әр түрлі белгілеріне қарай жапон әдебиетіндегі күнделіктер еуропа ақын
жазушы күнделіктерінен өзгеше. Жазылу тіліне қарай оларды Н.И.Мещеряков 2 топқа бөледі:
1. қытай тілінде жазылған күнделіктер(камбуна);
2. жапон тілінде жазылған күнделіктер, мұнда қытай иероглифтері аз мөлшерде кездеседі.
/3.5б./,
232
Біріншісінде көркем әдебиетке тән белгілер кездеспейді, ал жапон тілінде жазылған
күнделіктерде троп түрлері қолданылған өлең жолдарын көруге болады, ал тілдік тұрғыда зерттеп
қараған адамға көркемдік сапасын аңғару қиын емес.
«Никки» термині жапон әдебиеті тарихында VIII ғасырдан бастап кездеседі. XII ғасырға
дейін бұл жазбалар қытай тілінде жазылып, онда әдеби сипаттағы күнделікке тән авторлық
көзқарас болмады, тек басқарма сарайындағы болған оқиғаларды түзу мақсатында жүргізілген бұл
күнделіктердегі жазбалар тек тарихи құнды мәліметтер болып есептеледі. VIII ғасырдан бастау
алған «жолжазба» күнделіктер де авторлық көзқарасқа құрылмайды. Күнделіктің бұл түрі жапон
саяхатшыларының Қытайға жасаған сапарларында көргенбілгендерін түйіп, Қытай елін
сипаттауға арналған. Мұндай жолжазбалардың алғашқы үлгісіне Киби Макибидің «Дзайто никки»
(693775), Энниннің «Нитто гухо дзюнрэй коки» (794864) деп аталатын жазбалары жатады.
Алайда Киби Макибидің жазбаларының мәтіні сақталмаған. Ал IX ғасырда будда монахы
Энниннің сақталған дін жолында жасаған саяхаты барысы жайлы жазылған жолжазбасы (794 –
864) қытай тілінде жазылған. Автордың 838 – 847 жылдар аралығын қамтыған бұл жазбаларда
Корей, Қытай елдеріндегі будда шіркеулеріне барғандағы көргенбілгендері жазылады.Мұнда тек
Достарыңызбен бөлісу: |