262
Жанқожа батыр – 18561857 жылдары Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей
отаршылдығына қарсы азаттық күресін басқарған аса ірі тарихи тұлға.
Ол Сыр бойында Қарақұмда, Ырғыз бен Електің бойында көшіпқонып жүрген Киікбай мен
Тама руынан шыққан Есет батырдың апасы Тәже атты әйелінен туған Нұрымбет батырдың баласы.
Анасы – ертеректе Жаңадарияда тұрған қарақалпақ қызы. Тарихшыларымыздың деректеріне
қарағанда, ол 1774 жылы туып, 1860 жылы қайтыс болған деседі. Батыр бала кезінен өзінің зор
күш иесі екендігін байқатқан. Ал жас шамасы он беске толғанда, жеткіншекке сай емес күш,
батылдылық пен табандылық танытқан. Ол өзінің жақын туысы Есенбектің аты мен түйесін алып
кеткені үшін, сол кезде қазақтарды басқарған Қылышбайды айбалтамен ұрып, жазалаған.
Баласының бұл қылығына ашуланған әкесі Нұрымбет, оны Қылышбай батырдың алдына апарады.
Алайда батыр балаға тимеуді өтінеді. Себебі ол өзін шын мәнінде кінәлі санаған еді. Бұл оқиға
Жанқожа батырдың дала қаһарманы ретіндегі өмірінің басталуы еді.
Алаш тарихшысы М.Тынышбаев Жанқожа Нұрмұхаммедұлын «Үш жүзге даңқы жайылған
батыр» деп бағалайды. Сондайақ тарихшының «Жанқожа Үш жүздің ең атақты батырбилерінің
бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да,
қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі де Жанқожа
батырдың өр тұлғасын айғақтай түседі.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған ұлтазаттық көтерілістің мәнжайы туралы құнды
мәліметтерді қазіргі тарихшыларымыз сол кезеңдегі тарихи және саяси ахуалды баяндаған
И.В.Аничков, Н.Веселовский еңбектері, Э.Мейер, Н.Маев, А.И.Макшеев, П.Иванов жазбаларынан
алады, соларға сүйенеді.
Ал біз бүкіл өмірін туған халқының азаттығы мен бостандығы жолындағы күреске арнаған
Жанқожа батырдың тұлғасын тарихиғылыми еңбектерден бөлек, тарихи жырлардағы батыр
келбетінен де тани аламыз.
Жанқожа батыр жайында 10нан (12 мың жол) аса тарихи жырдастандар шығарылып, ел
арасына кең таралған. Солардың арасында Мұсабай, Лұқпан, Жөкей сынды ақынжыраулардың
туындыларын ерекше атаймыз.
Алаш жұртының арын арлап, елдік туын көкке көтерген Ұлтазаттық көтерілісінің қаһарманы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы туралы әр кезеңде жазылған көркем шығармалар аз емес.. Әйтсе де
біртуар батырдың барша болмысы мен кісілік келбеті, ерлікті жорықтары мен елдікті сақтаған
бітімгершілік қасиеттерін сөз ететін тарихи жырлардың орны бір төбе.
Жанқожа батыр туралы өлеңмен жазылған шығармаларды тарихи жырлар деп алып, бізге
жеткен мұралардың ішінен Мұсабай жыраудың «Жанқожа батырдың толғауы», Жөкей
Шаңғытбайұлы жырлаған «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт», Лұқпан Кенжеұлы жырлаған
«Жанқожа батыр» шығармасын қарастырамыз.
Мұсабай жыраудың «Жанқожа батырдың толғауы» атты қырық үш шумақтық жырын 1894
жылы И.В. Аничков алғаш рет Қазан университетінің хабарлары мен сол жылғы С.Петербургте Н.
Веселовский шығарған жинақта қазақ, орыс тілдерінде жарияланғаны мәлім. Кейін осы мәтіннің
қазақ тіліндегі нұсқасы сол қалпында 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналының 5санында
басылғаны да белгілі. Мұның сыртында Мұсабай жыраудың Жанқожа жайлы толғауы біраз
қысқартылып, ықшамдалған нұсқада Қазақстан Ғылым академиясының Орталық ғылыми
кітапханасында қолжазба күйінде сақталған. Осы шығарма жайлы алғаш пікір білдірушілердің бірі
академик С.Мұқанов былай дейді: «Бұл жырдың маңызы: оқиғасы бытыраңқы, өлеңі олақ, сөзі
жасық болғанмен Жанқожаның кім екендігі туралы, оның қайратты ісі туралы оқушыға көп әсер
қалдырады» /1,111 б./. Жырдың бұл нұсқасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында
жарық көрген «Бабалар сөзінің» 62томында берілген.
Мұсабай жыраудың «Жанқожа батырдың толғауы» – батыр өлгенннен кейін ел үшін өмірін
сарп еткен ардагер азаматтың бейнесін халықтың есінде қалдыру мақсатында дүниеге келген. Жыр
Жанқожа батырдың ататек шежіресін баяндаудан басталады. Жырда негізгі екі оқиға жырланады:
1) Жанқожа бастаған Сыр бойы егіншілерінің Хиуа хандығы мен Ресей отарлаушыларына
қарсы күресі.
263
2) Батырдың өлімі.
Мұсабай жырау жырындағы Бабажан сарт – Жанқожа жайлы халықтың тарихи жырларында
ең көп кездесетін кейіпкер. Мұсабай жырында Жанқожаның Бабажанды жазалайтыны бастанаяқ
баяндалмаса да батырдың ерлігіне былайша тоқталып өтеді:
Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,
Көрмедік Жәкең барда еш кемдікті.
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті /2, 12 б./.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1860 жылдың басында Сырдария линиясының бастығы генерал
лейтенант Дебуден Бөрі сұлтанның барымташыларын жазалауға рұқсат алып, сол жолы Дауқарада
отырған Жанқожа ауылын 600 адаммен келіп шабады. Сөйтіп, бүкіл қазақ сыйлайтын батырды
мерт етеді.Осы 1860 жылғы Дауқара мен Қызылқұм шабуылын Мұсабай жырау жырда өзек
еткенде, әсіресе үш мәселеге көңіл бөлген. Олар:
Біріншіден, жырау мұнда батырдың жау келіп жатқанда намазынан тұрып кетпегендігін, сол
арқылы оның еш нәрседен қорықпайтын нағыз ер екенін көрсеткен.
Екіншіден, Жанқожа ауылға жау шапқанда олардың шақырған ұрандарына сеніп мерт
болғандығын айту арқылы, руласы Елекейдің опасыздығын көрсетеді.
Үшіншіден, батыр өліміне кінәлі Елекей мен ол билеген шөмекейлерді айту арқылы сол
замандағы ел арасы татулығы туралы жайттан да хабардар етеді.
Жалпы, Мұсабай жырау елінің берекесін қашырған Елекей хан мен Бабажан бек секілді әр
түрлі ел билеген пасықтардың, орыс отарлаушылардың халыққа қас қылықтарын әшкерелей
отырып, қарадан шыққан ел қамқоры Жанқожа батырдың ерлігін дәріптейді.
Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың бірі – «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт». Бұл –
Жөкей Шаңғытбайұлы нұсқасы. Бұл дастанда Жанқожаның кескінкелбеті, айбары ерекше
сипатталады. Жанқожа батырдың әділдігі, өз халқын қорғап, егескен жауын еңірете жеңіп
отыратындығы, хан төрелерімен қарсы болып, олардың айдауына ермегендігі, яғни, батырдың
осындай қасиеттері жырда ерекше шабытпен суреттелген.
Одан әрі жырда Қоқанның бегі Бабажан сарттың озбырлықтарын, халыққа көрсеткен зәбірін
сипаттайды. Бабажан бастаған Қоқан хандығының ұрықарылары Арқадан ауып, Сыр бойындағы
Шекті руының малын талап, Ақмырза секілді ардагер азаматының мойнына тас байлап, Сырдың
суына тастағанда, алыс ағайының арасында жүрген Жанқожа батыр ағасы Ақмырзаның қайғылы
қазасын естиді. Сырдағы елжұртының, ағайынтуғандарының азапта, қорлауда екенін, оларға
Қоқан бегі Бабажанның зорлықзомбылық жасап, ойына келгенін істеп жатқанынан хабардар
болады. Оған қарсы өшпенділікпен соғыспақшы болып аттанады. Сөйтіп, Бабажанның қазаққа
жасаған шектен тыс озбырлығы мен қиянатын көріп, оған Жанқожаның тыныш қарап отыра
алмайтынын да сеземіз. Бұл көрініс те жырда былайша өрнек тапқан:
...Жұрт жүдеді деген соң,
Қоқандардан жерімді,
Бабажаннан кегімді,
Алайын деп ойлады...
Жанқожа батыр қол басы,
Өңкей көкжал арасы,
Шашақты найза ту алып,
Бір жеңнен қол шығарып,
Атқан қонды ауыр қол,
Жанкентке қарап қозғалды.
Жер қайысқан қалың қол
Тәуекел етіп жүрді жол /2,159 б./.
Жанқожа батырдың Бабажанды тасталқан етіп жеңіп, қамалын қиратып, Бабажанды, баласы
Қарабек екеуін халық қолына бергендігі, олардың тиісті жазасын алуы, халықтың Жанқожа
264
батырдың арқасында қоқандықтарды өз жерінен қуып, олардан кектерін алуы барынша шынайы
баяндалған, көркем тілмен жеткізілген.
Батыр туралы кеңес дәуірінде алғашқы жырлаушылардың бірі Лұқпан Кенжеұлының
«Жанқожа батыр» деп аталатын жыры батыр туралы тарихи жырлардың ең таңдаулыларының бірі
және бұрынсоңды зерттелмегені де.
Бұл дастанда Жанқожа батырдың он жеті жасында Жаңадария бойында Тықы батырдың
қаласын бұзып, өзін өлтіргендігі туралы жырланады. Жас батыр Жанқожаның алғашқы жекпе
жегін оның батырлық бейнесін, қимыләрекетін Лұқпан шынайы суреттеген. Одан әрі жас
батырдың қамал бұзып, қарақалпақтардан қазақтың кегін алып берген ерлігіне сүйсінген Дабыл
батыр Жанқожаға батасын берген екен. Жырда:
Алаштың басқа ерлері
Тықыға қарсы бармады.
Сол Тықыны өлтіріп,
Ортаға салды олжаны.
Осы бала ер жетсе,
Ұрыстың болар палуаны /2,21 б./,–
деп бағалауы да болашақ батырдың талай істі тындырарынан хабардар етіп тұрғандай. Расында да
жырда көп ұзамай Жанқожа ел арасында даңқы шыға бастайды. Ол жырда былай суреттеледі:
Жанқожа батыр ел болды,
Ел ішінде бір болды.
Аңдып жүрген дұшпанның
Жүрегінде шер болды.
...Атағы шығып аспанға,
Күнненкүнге зор болды /2,22 б./
Лұқпан нұсқасында Жанқожаның қарақалпақ Тықыдан кейін Хиуа бегі Бабажан сарт,
түрікмен Әйімбет батырды жеңіп, Жанкент, Қазалы төңірегін жаудан тазартумен бірге Сырдың
ортаңғы бөлігіндегі Созақ, Қосқорған, Сайрам қамалдарын қиратып, жергілікті қазақтарды Қоқан
езгісінен құтқарған жанкешті жорықтары өте әсерлі жырланған. Мұнда жыршы, әсіресе,
Жанқожаның түрікмен Әйімбет батырмен жекпежегіне және батырдың Кенесары ханмен бірлесіп
Созақ бекінісін алу кезіндегі ерлік істеріне ерекше тоқталып, соғыс суретін барынша қызықты әрі
шебер тілмен асқақ эпикалық екпінде сомдаған.
Ерегісіп келгенде,
Жауы бар ма жеңбеген?!
Айбаты суық арсыландай,
Көрген дұшпан қалмайды
Жанынан күдер үзбеген /2,24 б./,–
деген жыр жолдарынан Жанқожаның батырлық келбеті өрілген. Дастанның соңғы тұсы Сыр
бойына орыстардың келуіне Жанқожаның патша бекіністеріне қарсы көтерілісі, оның қазақтардың
қолынан қаза табуына арналады. Ал жырдағы:
Қаһарлы қара найзамен
Кәуірді талай түйреткен.
Орыстар соққан қамалға
Баруға батыр мейіл еткен.
...Жанқожаның қорлығы
Орыстарға күнде өткен /2,44 б./–
деген өлең жолдарынан Жанқожаның батылдығы мен ерлігі ғана емес, ел мүддесі үшін алдына
қойған мақсатты орындай алған қайсар да қайталанбас батыр тұлғасын көреміз.
Тарихи жыр үлгілеріндегі Қабанбай мен Доланқараның, Барақ пен Алакөбектің, Шырыш пен
Абылайдың, Базар мен Қарынның тілдесулері де қалмақ батырының бопсалап қорқытуынан
басталып, қазақ батырының оған жауап беруіне ұласып бірінші кезекті жаудың сұрап алуымен
265
аяқталса, «Жанқожа батыр» жырында сөзбен емес, батырлардың сес көрсетуі қимыл ісәрекет
үстінде танылады. Айталық жырда:
Ат үстінде ойнайды
Екі жаққа бой тастап.
Аспанға балта лақтырып,
Ат бауырынан оралып,
Алады қағып, қайта ұстап
Балтаны қойып, найзамен
Ойнайды тағы ойқастап... /2,29 б./, –
деп Жанқожаның жекпежекке дейінгі дайындығы осылай берілсе, оның қарсылас батыры
Әйімбетті «Қылышын алды, шалқақтап... Көрсетті өнер алшақтап» деп суреттейді.
Даңқты батыр жайындағы жырларда оның өзге замандастарынан ерекшелейтін бірнеше
кісілік қасиетттерін көреміз. Ең алдымен Жанқожа жастайынан өте әділ, тура мінезді, ешкімнен
қорықпайтын жаужүрек әрі бұқара халықтың сенімді тірегі, туған елі мен жерінің қорғаны болған
кісі. Екіншіден, досқа да жауға да бірдей адал, сертке беріктігі назар аудартады.
Қорыта келгенде, бүкіл өмірін өзінің туған халқының азаттығы мен бостандығына құрбан
еткен, әділдік пен шындықтың жақтаушысы болған қадірлі бабамыздың аруағын құрмет тұту үшін
Жанқожа батырдың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатта жоғарыда аталған тарихи жырларды
мұқият зерттеген болатынбыз. Жанқожа батыр мен оның үзеңгілес серіктерінің қаны бекерге
төгілген жоқ. Олар тәуелсіздік таңын жақындатуға қомақты үлес қосты. Сондықтан да Жанқожа
батырдың осы тарихи тұлғасы бедерленген тарихи жырлардағы бейнесін барынша аршып
көрсетуге талпындық. Биыл батырдың туғанына 240 жыл толғалы отыр. Осы айтулы шараға
байланысты еліміздің барлық өңірлерінде батырды ұлықтауға арналған ісшаралардың
ұйымдастырылуы орынды.
Тарихта ерлігімен, ел бірлігін сақтаған бітімгершілігімен халыққа қамқор бола білген
Жанқожа сынды батырларымыз өте көп. Алайда, бұл мәселеге журналисттік көз қараспен қарасақ,
көптеген ұсыныстар мен түйіткілді мәселелердің оңтайлы шешімдері бар. Атап айтсақ:
1) Батырлар жайлы отандық деректі фильмдерді көптеп түсіру.
2) БАҚта батырлардың өмірін кеңінен насихаттау.
3) Тарихи тұлғаларымызды танытатын, батырлар жырларын аудиоға жазып, кең көлемде
тарату.
4) Есімдері тарихта мәңгі қаларлықтай етіп, батырлар атына мектеп, университет, көше
есімдерін беру ісін қолға алу.
5) Және соңғысы, әрі ең маңыздысы жыл сайын республика көлемінде батырлар жырын
жатқа оқудан жыр мүшәйрасының өткізілуін қолға алу.
Жырларда есімдері аталған батырларды дәріптеу, тарихымызды түгендеу, әрбір қазақ
азаматының міндеті. Себебі өз тарихын білмеген елдің ертеңі сенімсіз, болашағы бұлыңғыр
болмақ.
Әдебиеттер
1. Мұқанов С. Қазақтың ХVІІІХІХ ғасырдағы әдебиеті тарихынан очерктер.Алматы: Арыс,
2002.
2. Бабалар сөзі: Жүз томдық. 62том.Астана: Фолиант, 2010.
3. Молдахмет Қаназ, Самат Қалуов “ЕЛ ҚОРҒАНЫ ЕР ЖӘКЕМ” Алматы “Денсаулық” 2012
4. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3т. Алматы: Атамұра, 2010
5. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1979
6. Веселовский Н. Киргизский рассказ о руских завоеваниях в Туркестанском крае. Текст,
перевод и приложение. С. Петербург, 1894 с. 7182, 117124.
266
ӘОЖ.-81.82.81
ДУМАН РАМАЗАН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ГУМАНИЗМ
П. М. Жаңғлышбаева, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекші: Ж. Қ. Смағұлов
Қазақ әдебиетіне келген кейінгі толқындар жайында: «Жастар поэзиясы тәптәуір, бірақ
прозада елең еткізетін құбылыс байқалмай жүр» деген сөзді жиі естиміз. Расында, поэзия жастық
сезімнің найзағай жарқылы тәрізді, ал прозаға өмірлік тәжірибе қажет, сондықтан прозашының
кешеуілдеп ержетуі заңды да. Әйтсе де жастар прозасының есейгенін мойындайтын кез де келген
секілді. Мойындаттырып отырғандырдың бірі – Думан Рамазан. Әр қаламгердің өмір жолы әр
түрлі. Біреулер өз биігіне ерте көтеріледі, енді біреулер өз жолын ұзақтау іздейді. Сол себепті
кімнің қай биікке жетерін болжау қиын. Алайда жазушының азаматтық ұстанымын оның тырнақ
алды шығармасынанақ аңғаруға болады. Азаматтық ұстаным – адалдық, шыншылдық,
шынайылық секілді құндылықтармен тікелей байланысты. Мұндай жолға түскен талант иесі
әдебиеттегі жағымпаздық, құлдық сана, конъюнктура секілді құбылыстарман келісімге келе
алмайды.
Бүгінде әдебиет пен өнерді негізінен екіге бөлінді деп айтуға болады. Біреуі тобырға
арналған; онда автор жұртқа қажет товарды табуға тырысады, өтімді, тиімді тақырып іздейді,
белгілі бір дәрежеде өнерге табыс көзі ретінде қарайды. Екіншісі – сыртқы ортамен, саяси
жүйемен көп есептесе бермейді, ол үшін мәңгілік құндылықтар бірінші орында, алдына қойған
биік принциптерден ауытқымауға, өзінің өміртанымы мен жандүниесінен жасалған өз әлемінің
моделін ұсынуға тырысады. Ондай әдебиеттің жолы қашанда ауыр. Өйткені ащы шындық жұрттың
бәріне бірдей ұнай бермейді.
Мен Думанды Рамазанды осы екінші әдебиеттің өкілі ретінде таныдым. Шығармаларының
тақырып ауқымы кең екен. Автор бүгінгі өмірдің көз қашты көрністерінен бастап, өткен заманның
тарихи тұлғаларының тағдырын, одан әрі орта ғасырлардағы ұлы ақындар шиырлаған діни
философиялық проблемаларды да қамтиды.
Әрине, тарихи оқиғаларды қазқалпына келтіру – көркем әдебиеттің міндетіне жатпайтыны
анық. Шекспир де корольдердің өмірін қалпына келтіруді ойлаған жоқ, олардың өмір тарихы
арқылы махаббат пен зұлымдық, қайыр мен қиянат, адалдық пен сатқындық секілді рухани
коллизияларды көрсету арқылы адам баласының жүрегіне ізгілік рухының орнығуына ықпал
жасады. Өйткені ізгіліксіз, адамгершіліксіз өмір сүру қиын. Ізгілік – адами тіршіліктің мәні. Думан
Рамазанның да тарихи тақырыпқа қалам тарта отырып, қандай қиынқыстау заманда жүрсе де,
туған елдің тағдырына деген ықыластарын жүректерінен өшірмеген қайратты тұлғалардың іс
әрекеттері арқылы бүгінгі елдік мәселелерге меңзеу жасайды. Жұрттың бәрі сенген кеңес үкіметі
бірақ күнде ешкім күтпеген жерден құлап тынып, саяси иделогияның амалсыздан қолшоқпарына
айналған қаламгерлер жаңа қоғамға еш керексіз болып қалды. Одан шығудың жолында Думан
Рамазан да кейбір саналы да санаулы қаламгерлер сияқты ұлт әдебиетінде өзін сөз иесі ретінде
алғашқы қадамымен танытқан әңгіме жанрында қоғам және оқырманмен әдеби ойын, батыл
эксперименттер, өткен мен жаңаны пародиялауға іркілмей бірден көшкені жасырын емес.
Біріншіден, осы бір өліара кезеңде қаламгер кезінде партиялық әдебиеттің талабымен әлеуметтік
өмір мен тарихты 1917 жылдан бастап келгендігіміздің абсурдтығын түсінді. Екіншіден, әдеби
ойынға, карнавалдыққа т.б. соны әдеби қаламгерлік амалтәсілдерге иек сүйеп, алаш өркениетін
түрлі ракурста еліне таныту мақсаты шығармашылық адамы ретінде жаңашыл, экспермантал
тұлғаның ойы мен еркін биледі. Ұлт тарихы алаштың өткенінен басталғандығын біздің буын
ішінде, посмодерндік батылдықпен қазақтың сөзін ұстаған Думан Рамазан үшін адастырмайтын
рухани темірқазыққа айналды.
Д. Рамазанның осы шығармашылық эволюциясындағы шығармашылық ізденісі екі жақты
болғандығы еш дау тудырмайды. Батыс біз енді түскен әдеби соқпақтан баяғыдаақ өтіп кеткен
болатын. Бір жағынан, Думан Рамазан постмодернизмі өзінің нағыз азаттығын сезініп, бұрын
іштен тынып айта алмай келген ойларын сыртқа шығаруға мүмкіндік алды. Екінші жақтан, ұлттың
267
жадында қайыра жаңғырған діни негіздегі имандылық пен әлеуметтікмәдени базаға арқа сүйеді.
Осының негізінде Думан Рамазанның постмодернизмі өзіне тән көркемдік ерекшелікке ие болды.
Жазушымызға сын айтған сыншыларымыздың бұл кезеңді қазақ прозасындағы түйе толғақ
үнсіздік деп атады. Әрине, бұл өте орынды. Осы әдеби дамылдауға ақындар батыл үн қосса,
қаламгер Думан Рамазанның әліптің артын бағып, оқырман санасының өз туындыларын
эстетикалық тұщына қабылдауының қолайлы сәтін асықпай күтті [1,55].
Иә, Д. Рамазанның постмодернизмі ұлт алдына айна қойып, қазақ келбетін түрлі қырынан
алып кескіндей білді. Алаштың әлеуметтік, саяси, діни кескіні айқын таныла бермейтін астарлана
берілетін оның қаламынан «Жын», «Жан», «Көкжал» «Арғымақ», «Алланың әмірі», «Жар
астында», «Күйік», «Ақсақал мен ақ жылан», «Пері мен пенде», «Тақсірет» сынды шынайы өмір
шындығына реалды бет бұрған реалистік әңгімелер шоғыры өмірге келгендігін де үнемі есте
ұстауымыз керек, әрі реализм аясында модернизмнің де бой көрсететіндігін де қаперде ұстайық.
Біз бұл арада жазушыны бірыңғай постмодернизм бағытында ғана жазатын жан ретінде бағалаудан
іргені аулақ салып, автордың әдебииндвидуальды бастамашылдығы бұрыннан қалыптасқан әдеби
конвенция: шындыққа жанасымдық, оқиғаның хронологиялық және логикалық кезектестігі,
жанрлық және стильдік біртұтастықтардың тасталқанын шығарып бұзып немесе келмеске
кетіргендігі кеңестік ділдегілерге мүлдем ұнамай, күні өтіп, ұлттық әдеби процесте өзінен кейінгі
жаңа әдеби бағытқа ығысып жол берген модернизмді аңсау сарыны кең етек жайғаны жасырын
емес. «Постмодернистер кім?» деген сауал қазақ әдебиетіндегі проза жанрында басы ашық тұрған
күрмеуі қиын мәселе десек те, бір ғана жанрдың бағын ашқан жазушыны осы үркердей топқа
іркілмей қоса аламыз. Думан әңгімелерінен қазақ кейін модерндік прозасының алты қасиеті
аңғарылады: 1) прозаның өзіндік кодқа ие болуы, яғни мәтінді ұйымдастыру ережесі; 2) әлемнің
берекесіздігін өздік ұғынуын саналы түрде хаос арқылы беруге талпыну; 3) кез келген беделге
скептикалық қатынаста қарап пародиялауға талпыныс, мәтіннің өзіндік мақсаты «хат беделі»; 4)
көркембейнелеу әдістерінің шарттылығы «әдістерді жалаңаштау»; 5) бір мәтін бойына түрлі жанр
мен түрлі әдеби дәуірді тұтастыру [1,75].
Осы сипатта сөзімнің дәлелі ретінде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әли мынадай пікір айтқан болатын: «Ауру қалса да, әдет
қалмайды» дейді халық даналығы. Атабабаларымыз дұрыс айтқан әйтсе де. Ауырып жүргеніме
қарамай, шалқамнан жатып, біраз дүниені сүзіп шықтым. Көзіммен, әрине. Солардың ішінде
қолыма ала қоймаған, көптің ішінде кезегін күтіп жатыңқырап қалған біраз шығармаларды
ерінбейжалықпай оқып шықтым. Солардың бірі – Думан Рамазанның әңгімехикаялары. Маған
Достарыңызбен бөлісу: |