Материалдары



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
құрғақ баяндауды көре аламыз.  
IX  ғасырдан  бастап  жапон  басқарма  сарайында  «ішкі  жазбаларын  жүргізуші»  қызметі  
болған.  Оның  міндеті  –  император  арыздарға  берген  жауабын  жинақтау.  Ол  шенеунік  өз 
жұмысының  барысын,  сарайдағы  маңызды  салтанатты  жиындар  турасындағы  жазбаларды  «Ішкі 
жазбаларға арналған шенеунік күнделігі» деп аталатын арнайы журналға тіркеп отырған.  Мұндай 
журналды  Жоғары  императорлық  кеңестің  хатшысы  да  жүргізген.  Ол  –    «Сыртқы  жазбаларға 
арналған  шенеунік  күнделігі».  Осы  сипаттағы  жазбалар  будда  храмында  да  болған.  Онда  храм 
қызметкерлері келушілердің тілектерін жазған.   
Одан кейінгі уақыттарда қытай тіліндегі күнделік жазбаларын көптеген жапон шенеуніктері 
жүргізді.  Бұл  күнделіктерде  жаратылыс  өзгерістерін,  өздерінің  ғашықтарымен  кездесуін, 
сарайдағы  мерекелік  кештер  мен    шенеуніктер  тағайындау  кездері  жайлы  жазылды.  Аталған 
күнделіктердің әдеби сипатынан гөрі тарихи, деректік жағы басым болды.  
Жапон  жазуының  дамуы  күнделік  жазбаларына  да  әсер  етті.  Бұрынырақ    қытай 
иероглифтерімен  жазылған  жазбалар  енді  жапон  жазуына  көшті.  Белгілі  зерттеуші  ғалымдар 
Д.Гуди  мен  И.Уатт  атап  көрсеткендей,  жазу  тілі  мен  қарым­қатынас  тілінің  өзгеруі,  автордың 
өзіндік көзқарасын білдірудегі ұлттық ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді.  
Бұл  заңдылықты  жапон  тіліндегі  мәтіндерден  толық  аңғаруға  болады:  онда  ауызекі  сөйлеу 
тіліндегі дыбыстық ерекшеліктер  жазба тілде көрініс табады. Мұндағы тақырыптық ерекшеліктер 
де автор көзқарасымен үндесіп жатады. Мәселен, Хейан ақсүйектерінің жазбаларынан авторды тек 
әлеуметтік  дәрежесі  бар  адам  ғана  емес,  эмоционалды­психологиялық  күйдің  иесі  ретінде  тани 
аламыз. Бұл, әрине, күнделіктің әдеби сипат ала бастағандығының бір көрінісі. 
 «Тоса никки» («Тоса күнделігі»)  – алғашқы әдеби сипаттағы күнделік болды. Бұл жазбаның 
авторы  Ки­но  Цураюки.  Жапон  тілінде  жазылғанмен,  күнделікте  қытай  тілінің  дыбыстық, 
лексикалық ерекшеліктері кездеседі. Бұл жазба ескерткіш жапон әдебиеті тарихындағы ауыспалы 
кезең, бір дәуір әдебиеті мен келесі буындағы әдебиетті жалғаушы туынды болды. Мұнда болашақ 
жазушылар тарапынан  жазылатын шығарма тілі мен  келер буын бас тартатын қытай жазба тілінің 
элементтері  болды.  Сол  себепті  де    «Тоса  саяхаты  күнделігін»  өткен  дәуір  мен  жаңа  дәуір 
әдебиетін байланыстырған бірегей туынды деп айта аламыз. 
 «Тоса күнделігі» Тоса провинциясы губернаторының астанаға оралу кезеңіндегі оқиғаларды 
суреттейді.Теңіз арқылы жасалған саяхат 55 күнге созылған. Күнделіктегі жазбалар осы күндердің 
барлығын  қамтыған.  Бірақ  күнделіктік  жазбалар  әрқалай  болып  келеді.  Мысалы,  бүгінгі  болған 
оқиғаны  келесі күні  қайта  жазбай,  «кешегідей  болды»  деген  секілді қысқа  жазбалармен  қайырып 
отырған.  Күнделікте  кейінгі  дәуір  жазбаларында  кездесетіндей    автордың  дүниетанымын 
көрмейміз.  Дегенмен,  онда  авторлық  ремарка  мен  болған  оқиғаға  берілген  бағалауларын  ауық­
ауық  кездестіріп  отырамыз.  Бұл  орайда  автор  өзі  туралы  жазбай,  болған  оқиғаның  тек  куәгері 

 
 
233 
 
болып  қалады.  Өзі  көрген­білгендерін  жазған  жазушы  өзін  оқиғалардың  бақылаушысы, 
баяндаушысы ретінде ғана  көрсетеді.  
 «Тоса  никки»  көпшілік  ұғымындағы    жай  «күнделік»  емес,  басты  кейіпкері  де  біз 
ойлағандай, автордың өзі емес, саяхат аяқталғанға дейінгі уақытты ғана қамтитын айналасындағы 
адамдар мен болып жатқан оқиғалар.  
 «Тоса  никки»  күнделік  формасында  жазылған,  сонымен  қатар  бұл  күнделікті  жазушы  оны 
әдеби  мазмұнмен  байытады.Сол  уақыттағы  көш  басындағы  поэзияның  басты  тақырыбы  болған 
қашықтық,  қоштасу  мен  айырылысу,  сағынысу  сезімінен  туған  өлеңдер  жапон  әдебиетін 
ілгерілетіп келсе, Ки­но Цураюки бұл заңдылықты бұзып, күнделігіндегі сезім, көңіл­күйінен сыр 
шерткенде,  Тосаны  қимастық  пен  айырылысуды  емес,  көптен  күткен  астанаға  жақындау  мен 
көрісу сәтін жазады. 
 «Тоса никки»  – сезімге құрылған күнделіктік шығарма. Жазба тілін қытайдан жапон тіліне 
ауыстырған  жазушы  әдебиеттеріндегі  қалыптасқан  дәстүрді  бұзады.  Мысалы,  саяхатшылар 
шығарған  қытай  өлеңдерін  жазбайды,  ал  бұрынырақ  әдеби  шығармаларда  қытай  өлеңдері  жиі 
кездесетін.  Мұндай  күнделік  жазу  үшін  автор  ер  адам  болса,  әйел  адамдай  күй  кешу  керек 
болатын.    «Тосса  никки»  мынадай  сөзбен  басталады:    «Міне,  мен,  әйел,  күнделік  деп  аталатын 
жазбаны жазып көруге бел будым, мұны еркектер де жүргізеді».  
 Жапон  әдебиетіндегі  «әдеби  күнделікті»  зерттегенде,  оның  авторының  әйел  не  ер  адам 
екендігі жөнінде айтпай  кетпеске болмайды. Әсіресе күнделік авторының Хейан ақсүйектер әулеті 
әйелдеріне  қатыстылығы  зерделенеді.  Бұл  күнделіктің  ер  адамдар  аз  қалам  тартып,  әйелдердің 
әдебиетке  келуіне  мүмкіндік  туғызған  шығарма  түрі  болғандығын  айқындайды.  Тіпті  ер  адамдар 
әдеби  күнделік  жазған  күннің  өзінде  Ки­но  Цураюки  секілді  әйел  затының  атынан  жүргізген. 
Әйелдер  әдебиеттің  басқа  да  жанрларынан  қалам  тартудан  шет  қалған  жоқ.  Бірақ  әдебиет 
зерттеушілерінің  саралауынша,  прозалық  шығармалардың  басым  көпшілігінің  авторы  ер  адамдар 
болғаны  байқалады.  Әйелдер  өлеңдер  шығарған,  ер  адамдармен  салыстырғанда  олар  стильдік 
еркіндікке бара білді. 
Жапон күнделіктеріндегі мерзім көрсеткіштері төмендегідей болып келеді: 
1.  Жазбалардың барлығында мерзімі жазылмаған. Мәселен,  «Тоса    
саяхаты күнделігінде» барлық күндер, тіпті онда  ешқандай  оқиға болмаған күннің өзінде  де 
мерзім белгіленген; 
2.  Кейбір  жазбаларда  уақыт  жобалай  белгіленеді,  мұнда  олар  жазуда  басқа  дерек  көздеріне 
сүйенеді; 
3.  Кейбір  жазбалардағы  уақыт  кейінгі  дәуір  ғалымдарының  түпкілікті  зерттеуінің 
нәтижесінде ғана белгіленеді (мұнда автор жазба уақытын көрсетпеген); 
4.  Жазбада  автор  уақыт  көрсетпеген,  оны  тіпті  еш  тарихи  дерек  мәліметтеріне  қарап  та 
белгілеу мүмкіндігі болмайды. 
Әдеби  күнделіктердегі  жалпы  ұқсастық    –    ондағы  жазылған  соңғы  оқиға    көп  уақыт  араға 
салып,  автордың  есінде  қалған  жайлармен  жазылған,  онда  әлбетте  болған  уақытта 
жазылмағандықтан  әсірелеу,  көркемдеу  басым  болып  әдеби  сипат  алады.Жапон  әдебиетіндегі 
күнделіктер  жайлы  сөз  қозғағанда  сол  халықтың  дәстүрі  мен  мәдениетіне  бойламасқа  болмайды. 
Бұл туралы айтар болсақ, жапон халқында поэзияның алар орны ерекше, нақтырақ айтсақ, белгілі 
оқиғаға арналған өлеңдер. Поэзиялық туындылар көбіне табиғат лирикасынан сыр шертті. Әсіресе, 
сакура  гүлдегенде,  күзбен  келген  суық  емен  ағаштары  жапырақтарының  түсін  өзгерткенде, 
алғашқы қар жауғанда ақын жанды халықтың шабытын оятып, осынау кезде туындаған сезімдерін 
өлеңмен өрнектеген.  Сондайда  жапондықтар ақындар сайысын  өткізген,  ғашық  жандар бір­біріне 
арнап  өлең  шығарған.  Шығарылған  өлеңдерді  жанұя  мүшелері  жинақтап,  олардың  қандай 
жағдайда  ,  қашан  туындағанын  қара  сөзбен  жазып  түсіндірген.  Кейбір  өлеңдер  сол  уақытта 
жазылып  алынбағандықтан,  оның  тек  мазмұнын  сөзбен  жазып  қойған.  Міне  осыдан  күнделік 
жазбалардың жазылу ерекшеліктерін байқау қиын емес. 
Өлеңдер  саяхат  кезінде  де  шығарылған:  саяхатшылардың  тыныққан  кездерінде,  өзара  өлең 
сайыстарында,  қонаққа  барған  уақыттарында.  Сапар  аяқталарда  саяхатшы  өзінің    жолжазбасына 

 
 
234 
 
осы сайыстар туралы, оның жалпы мазмұны жайлы жазады.Мәселен, Ки­но­Цураюки өзінің Тосаға 
жасаған  саяхатынан  бастаған  «Күнделігін»  астанаға  оралғаннан  кейінгі  бірнеше  айдан  кейін 
аяқтайды.  Ол  сапар  барысында  асығыс  жазылған  өлеңдерді  осы  бірнеше  ай  ішінде  поэзия 
талаптарына сай өңдейді. Бұл  – деректік жолжазбаның әдеби күнделікке айналуының бір  көрінісі 
еді.  
Алғаш  XI  ғасырдан  көрініс  тапқан  әдеби  күнделік  жазу  үрдісінде    көбіне  әйел  жазушылар 
белсенділік көрсетті, ал ерлер үшін бұл – ең аз қалам тартқан жанр түрі болды. Оның басты себебі 
мынада  еді:  аристократ  ер  адамдардың  арнайы  биографиясы  жазылды:  өмірге  келуі,  қызметі, 
отбасы,  балалары,  өлімі  туралы.  Ал  әйелдер  мұндай  құрметке  ие  бола  алмады,  сондықтан  өз 
өмірлерінің  тарихын  көркем  тұрғыда  күнделік  арқылы  жеткізді.  Әйел  күнделіктері  –    жалпы 
түсініктегі автобиография емес (туғанынан дүниеден өткенге дейінгі аралықты сипаттайтын), оның 
ішкі  сезімі  мен  сырын  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  автобиографиялық  сипаты  бар 
туынды.Аристократтар  күнделігінде    олардың  өмір  жолы  толық  қамтылмайды,  көбіне  сарай 
қызметіне келген уақыттан бастап бастан кешкендері жазылады.  
Күнделіктік  прозаның  жеке адам мүддесіне  қолданылуы,  яғни күнделік  жүргізуші автордың 
тек  өз  қызығушылықтары  мен  қозғаған  тақырыптарының  аясының  тарлығы,  қоғамдық 
мәселелердің қозғалмауы аталған стильдегі шығармалардың әдеби сипатын жоғалтып,  поэзияның 
басымдығына  жол  берді.  Осы  тұста    жапон  поэзиясының  көшбасында  тұрған  әйел  ақын  Сикибу 
Мурасаки күнделігі өз оқырманын тауып, жаңаша серпін алған туынды болды. 
Автордың  өмір  сүрген  ортасы  күнделікте  айқын  көрініс  табады.  Себебі,  бұл 
шығармалардың  ерекшелігі  сонда,  автор  не  көрсе  де,  не  естісе  де,  қайда  бармасын,  күнделік 
жазбалары  өзімен  бірге  болады  және  сол  уақытта,  не  көп  ұзамай  нақты  деректермен  жазылып 
отырады.  Сондықтан  Мурасаки  «Күнделігінде»    «көру»,  «есту»  сөздері  көп  қолданылады.  1008  –
1010 жылдар аралығын қамтитын  Мурасакидің бұл  күнделігі тек күнделікті жазбадан ғана емес, 
адамдар мен қоғам жайлы толғаныстар мен балалық шағынан естеліктермен толыққан.  
 «Күнделік» Фудзивара әулеті жайлы баяндаумен басталады. Әулет билеушісі Митинангтың 
қызы  алғашқы  босануына  келіп,  дайындық  жүргізуі  жайлы  айтылады:  салтанатты  жиындар  мен 
жағдаяттар  –  күнделіктің  алғашқы  бөлігінің  тақырыбы  болған.  Одан  кейінгі  Мурасакидің  назары 
жан­жағындағындағы  әйел  адамдарға  ауады.  Оның  нық  айтылған  сындары  мен  берген  бағасы 
белгісіз адресатқа арналады.  Осындай әрқилы әдістер арқылы С.Мурасаки қоғамда болып жатқан 
оқиғаларға көзқарасы мен кейде болашаққа деген күдер үзгендегі күйініштерін сипаттап жазады. 
Мурасакидің «Күнделігі»  – өз халқының  ақыл­ой мәдениетінің өсу жолын көрсететін  әдеби 
шығарма.  Тек  бұл  ғана  емес,  өзге  де күнделіктер  алдымен,  жазушының    өзін,  қоршаған  орта  мен 
қоғамды танып­білудің басты құралы болды.  
 
Әдебиеттер 
1.  “Қазақстан”:  Ұлттық  энцклопедия/Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев  –  Алматы:  «Қазақ 
энциклопедиясы» бас редакциясы, 1998 
2.  Мещеряков А.Н. Древняя Япония: культура и текст. – Москва: Наука, 1991. 
3.  Японские средневековые дневники. – Санкт­Петербург: «Северо­Запад Пресс»,  2001 
 
 
ӘОЖ. -81.82.81 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ТҮРКІШІЛДІК» САРЫН 
 
Зере Смағұл,  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 
 
 
Аңдатпа.  Бұл  мақалада  қазақ  тарихында  қиын  қыстау  кезеңде  пайда  болған  пантюркист 
термині мен оның әдебиетімізде алатын орны бағамдалады. Сонымен қатар түркішіл ақын Мағжан 
Жұмабаев шығармашылығындағы азаттық идеясы сөз болады. 
 

 
 
235 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақын деген тағдырдың, 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жолы да тайғақ, бұралаң. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұлбұлдың жырын ұқпастан, 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жер басып қанша жүр адам?! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ө.Қожамұратов 
 
 
Иә, тағдырдың бұралаң жолында ақын жүрегін, ақын әлемін, ақын зарын, ақын мұңын, ақын 
айқайын естірлік жан қалды ма екен?!.. 
Бұл тұрмақ тарихымыздың өзін таза қалыпта тірілте алмай келе жатқанымызға қанша уақыт? 
Өмір,  тарих  ақиқатын  іздейміз  деп  жүріп  өз  шындығымызды  жоғалтып  алып  жүрген  жоқпыз  ба? 
Бұл сауалдар әрбір саналы жандардың көкейінде сайрап жатқаны анық. Енді осы сұрақтарға әліміз 
келгенше жауап іздеуге тырыссақ. 
Мағжан  өміріндегі  түрікшілдік    идеясына  байланысты  айтылған  «солақай  сындардың» 
шындығы  қайсы,  шырмауы  қайсы?  Мағжан  мұрасын  шынайы  жаны  ашып  тарихқа  қалдырғандар 
кімдер? Жалған «мағжаншылдар» дегеніміз кімдер? Ақын жайлы естеліктердің ақиқаты мен аңызы 
қайсы?  Мұның  бәрі  ­  жеке­жеке  талқыға  түсіп,  әдеби  майданда  түбі  шындығы  жарқырайтын 
сауалдар.  Соның  бірі  ­  «Мағжан  шығармаларындағы  «пантюркизм»  идеясы  мен  «Түркістан 
легионындағы»  түркішілдердің  «пантюркистік»  идеясы  қалай  сабақтасты?»  деген  келелі 
тақырыптағы мәселе.  
Әрине,  әр  түрлі  аталғанымен  мақсат­мүддесі  бір  Тұтас  Түркістан,  Үлкен  Түркістан, 
жалпытұрандық,  түркішілдік  делінген  идея  бір  күнде  пайда  болған  жоқ.  Оны  Мағжан  сөзімен 
айтсақ, «қалың өрттей аспанға өрлеген,  отты желдей тарихы бар». Түркішілдік идеясы түркі тілдес 
халықтардың  отаршылдық  пиғылдағы  жаумен  қырғи­қабақ  соғысы  барысында  ортақ  ұлттық 
мүдделерді бірігіп қорғау мақсатынан туындады.   
Бәрімізге  белгілі,  Мағжан  шығармаларында  түркішілдік  сарын  басым.  Ол  заңды  да.  Дәуір 
шындығын көре тұрып саясат майданына ұлт тағдыры жолында дауыс қоспау Мағжандай ірі тұлға 
үшін  сын  болар  еді.  Барын  да,  жанын  да  туған  елі  үшін,  «түркі»  халқы  үшін  аянбайтын  Мағжан 
бүгінде  Тұран  елінің  Мұстафа  сынды  даналарының  бірегейіне  айналды.  М.Шоқай  ­  совет 
үкіметінің,  большевиктердің  елге  жақсылықтан  гөрі  қайғы­қасіретті  көп  әкелетіндігін  ашып 
айтқан, совет үкіметі туралы ащы шындықты дүние жүзіне жар салған, ел бостандығын, азаттығын 
аңсаған,  әлемдегі  ең  тәуір  деген  білім  ордасынан  тәлім  алған  оқымысты  заңгер,  бірнеше  шет 
тілдерін  еркін  меңгеріп,  басқа  тілде  сөйлей  де,  жаза  да  білген  тамаша  публицисттың  бірі.  Ол  ­ 
қазақтың,  тіпті  Түркістанның  тарихында  саяси  эмиграцияны  алғаш  бастаған  тұлға.  Оған  дейін 
біздің  тарихымызда  шет  елдерге  шыққан  адамдар  болғанымен, саналы  түрде, күрес  жүргізу  үшін 
эмиграцияға  кеткен  тұлғалар  болған  емес.  Мұстафа  Шоқай  «Алаш  орданың»    Ресей 
Федерациясынан  жеке  еншісін  алып  кете  алмайтындығын  дер  кезінде  байқаған  соң  барлық  түркі 
тектес  халықтардың  басын  қосып  «Түркістан  легионын»  құрмақ  болды.  Мағжанның  да  көксегені 
осы  азаттық  еді.  Оның  шығармаларында  «түркішілдік»  сарынның  басым  болу  себебі  де 
сонда.Оның Мұстафа Шоқайға арналған «Алыстағы бауырыма» атты өлеңінде: 
Алыста ауыр азап шеккен бауырым, 
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым. 
Қамаған қалың жаудың ортасында 
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым... 
Шарқ ұрып, ерікке ұмтылған түрік қаны, 
Шынымен ауырды ма, бітіп халі? 
От сөніп жүректегі құрыды ма,  
Қайнаған тамырдағы ата қаны. 
Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта
Қайғыдан қан жұтамыз... Біздің атқа 
Лайық па құл боп тұру? Кел, кетелік 
Алтайға – ата мирас, алтын таққа! ­ 

 
 
236 
 
деген  шумақтар  бар.  Көріп  тұрғанымыздай  кең  даланың  бостан  ұлдары  үшін  құл  боп  өмір  сүру 
азаптың азабы... 
Жалпы,  «пантюркизм»  идеясы  ХХ  ғасырдың  басында  түркі  тектес  халықтардың 
барлығында да дербес ел болу  мүддесімен сабақтасып жатты. Себебі, бәрінің де көксегені бір­ақ 
мақсат ­ тәуелсіздік алу, түбі бір халықтардың ұлы федерациясын құру. Татар ақыны Шихабиддин 
Маржани:  «Өзінің  дінін,  тілін,  елін  білгендер  ғана  орысша  оқыса,    ол  жақсы.  Оны  білмей  оқыса, 
одан  қайыр  күту  қиын»  деп  жазды.  Сонымен  қатар  Алаш  қайраткері  Жүсіпбек  Аймауытов: 
«...Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, 
баласына  осы  бастан  ұлт  рухын  сіңіріп,  қазақ  өміріне  жақындатып  тәрбиелеу  керек.  Орыс 
тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды» деген тұжырымын айтты. Бұл турасында Абай 
атамыздың жиырма бесінші қара сөзінде де «баланы оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық 
қана,  түркі  танырлық  қана  таза  оқыса  болады...»  деген  жолдар  кездеседі.  Бұлардың  бәрінен  де 
болашағымды  жарқын  етем  деген  ұлт  үшін  алдымен  өзіңді­өзің  танырлық  білім  алу  қажеттігін, 
әйтпесе  өзге  елдерден,  әсіресе  Ресейден  келер  апаттың  мол  екендігін  айқын  сезінгендерін 
байқаймыз. 
Сол  себепті  де  қазақзиялылары  «түркішілдік»  идеясын  ұстанды.  Мағжан  өзінің  «Түркістан» 
атты өлеңінде: 
Түркістан екі дүние есігі ғой, 
Түркістан ер түріктің бесігі ғой. 
Тамаша Түркістандай жерде туған 
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой. 
Ертеде Түркістанды Тұран дескен, 
Тұранда ер түрігім туып­өскен. 
Тұранның тағдыры бар толқымалы 
Басынан көп тамаша күндер кешкен, ­ 
деп  толғанады.  Шексіз  көркемдікке  ие  Тұран  даласының  бауы  мен  көлі,  тауы  мен  шөлінің  өзіне 
жаһанда  жер  жетпейтінін,  «кең  ақыл,  отты  қайрат,  жүйрік  қиялды»  бойына  сіңірген  түріктің 
ерлеріне  ер  жетпейтінін,  туған  жер  топырағының  соншама  қасиетті  әрі  рухты  екенін  әсерлі 
жеткізеді. 
Бұл Тұран ежелден­ақ алаш жері, 
Тұрансыз тарқамаған алаш шері. 
Тұранның топырағында тыныштық тапқан 
Алаштың арыстаны – Абылай ері... 
Шер батса – кім іздемес туған елін
Тұлпар да көксемей ме туған жерін? 
Арқаның ардагері қалың алаш, 
Тұран да, біле білсең, сенің жерің! ­ 
деп  ендігі  уақытта  түгелдей  түркі  халықтарына  ортақ  жерден  де,  елден  де  айрылып  қалмаудың 
жолын ойлайды. 
«Алашорда»  үкіметін  құрған,  ұлт  көсемі    Әлихан  Бөкейханұлының  да  түп  мақсаты  барша 
түркі  халықтарының  бас  бостандығы  еді.  Түркі  халықтарының  бұл  саяси  сипаттағы 
«паншылдығына»  қарағанда  мәдени  сипаттағы  «паншылдығын»  жою  қиын  екенін  түсінген Ресей 
Федерациясы  түркі  жұртының  «Түркістан  Федерациясы»  болып  бірігіп  кетуінен  шошынып, 
оқыған  зиялы  қауым  өкілдерін  қуғанға  алды,  қолдарынан  келгенше  қырып­жоюға,  көздерін 
құртуға  тырысты.  «Түркішілдік»  идеясын  мейлінше  жаныштап,  қаратаяқтарын  жоқ  қылуға 
талпынды.  Алайда  сол  «қаратаяқтар»  (қазақ  оқыған  зиялыларын,  оның  ішінде  Алаш 
қайраткерлерін  революционерлер  осылай  атаған)  қараңғыдан  сүзіліп  өткен  сәуле  сияқты  бізге 
жаһаннан  мол  мұра  жеткізіп  отырды,  рухымыз  басылмады,  керісінше  шет  елде  жүріп  те  легион 
құрып  ел  азаттығын  алуға  тырысты,  «түркішілдік»  идеясын  мейлінше  жандандырды.  Бір  ғана 
М.Шоқайдың  басшылығымен  құрылған  «Түркістан  легионының»  өзінде  түркіше  жырлайтындар, 
«тюркизм»  идеясын  жаңғыртқан  ақындар болды.  Олар  Мағжан  айтқандай  «шер  басып  туған  елін 

 
 
237 
 
іздеді, тұлпар секілді туған жерін көкседі», бірі ­ «Қобызшы Қорқытша» қайғыланды, бірі ­ «Асан 
қайғыша»  күңіренді,  енді  бірі  ­  «Манасша»  қаһарын  төкті,  өздері  туған  Тұран  өлкесін  көрмекке 
арман етті. «Қобызшы Қорқыт» (Мәжит Айтбаев) өзінің «Түркістан» атты өлеңінде:  
   
 
 
...Енді сені, Түркістаным, қайта оралып көремін бе? 
  
 
 
Қатты жапқан қақпамды ашып, ішіне енді енемін бе? 
  
 
 
Ен далада, елсіз жерде молам менің жатса құлап, 
  
 
 
Мені ескеріп кімдер келіп, бас жағымда тұрар жылап? 
  
 
 
Алтын Отан алыста әлі, ата­анам да жанымда жоқ, 
  
 
 
Шет жерлерде шерлі жаспын, басқа қонған бағым да жоқ... 
  
 
 
Мен әлі жас, көргенім аз, қажет емес өлім маған, 
  
 
 
Түркістандай, гүлстандай өте қымбат жерім маған! ­    
деп  тебіренді,  барша  түркі  халқының  сәтсіз  кезеңдерін,  жат  жұртта  кешкен  ауыртпалықтарын, 
туған елге деген сағынышын, сүйіспеншілігін жырмен жеткізді.   
Әрине,  қазақ  поэзиясының  классигі  Мағжанның  отты  жырларымен салыстырғанда  бұл  өлең 
жолдары  поэзияның  биік  талабына  жауап береді  дей  алмаймыз.  Бұлар  ­  көңіл­күйдің  биік  шыңы, 
таза  сезімнің  айнасы.  Ал  мұндай  сезім  қиын  да  жауапты  сәттерде  туатыны  түсінікті.  Мұнда 
Түркістан легионы тұтқындарының көз жасы мен арман­мүддесі бар. Мұнда соғыс салған жараның 
мың қаптар қайғы­мұңы бар.  
Легион  ақыны    Хамза  Абдулиннің  1942  жылы  жазған  «Тұтқын  зары»  деген  өлеңіне  назар 
аударсақ біз азаттықтың қаншалықты қымбыт екендігін түсінеміз: 
 
 
Ашшы мынау қараңғылық сарайын, 
 
 
Бой жазайын, бостандыққа барайын! 
 
 
Қайда сонау еркін өскен кең далам, 
 
 
Көз жіберіп биік шыңнан қарайын! 
 
 
Бар ма екен төбел жүйрік дөненім, 
 
 
Баурайында ойнақ салған төбенің? 
 
 
Тыңдайыншы жастан сүйген жарымды, 
 
 
Айтар ма екен мен туралы өлеңін? 
 
 
Мен дегенде төккен ыстық жастарын, 
 
 
Қайда екен ойнап өскен достарым? 
 
 
Жаһан кезіп кетіп пе екен олар да
 
 
Жыртып тастап болашақтың жоспарын. 
 
 
Жан достарым, сендер қымбат сыйласқан, 
 
 
Әлі есімде айрыларда қимастан, 
 
 
Тұрдыңыздар қолдарыңыз қалтырап 
 
 
Мөлтілдетіп көздің жасын тыймастан. 
 
 
Ерте кезім, өткен күнім ­ алтын шақ, 
 
 
Жас өмірім қайта ту да жай құшақ! 
 
 
Серпіл үстен, қараңғылық тұманы, 
 
 
Аш қойныңды, тарт баурыңа, болашақ! 
Азап лагерінде жүрсе де рухы асқақ ақындарымыз осылайша жар салады, көсілте жырлайды. 
Сондағы  айтайын  дегені  ­  туған  елге,  өскен  жерге  деген  мөлдір  махаббаты,  ыстық  сағынышы. 
Аңсағаны ­ атажұртта өткізген жастық шақтың бал дәурені... 
«Түркішіл» сарындағы Мағжан шығармаларының ізін ала жазылған өлеңдер осы «Түркістан 
легионы»  ақындарының  шығармалары  еді.  Бұлар  арқылы  біз  Мағжан  шығармашылығы  өзінің 
заңды жалғасын тапты дей аламыз. Совет өкіметінің, компартияның коммунизм орнатамын деп өз 
халқын  қырып­жойғаны,  талай  қуғын­сүргін  жасағаны  қазір  ғана  мойындалып отыр,  оның  өзінде 
толық  емес.  Кей  жайларды  әлі  де  жасырып,  бүгуде.  Ал  «Асан  Қайғы»  (ақын  Хамза  Абдулин) 
ақынымыз мұны да әлдеқашан жазған: 
  
 
«Сөндірем,­ деп, ­ бақытты елдің таңдарын», 
  
 
Адам түгіл, үрей қылған аңдарын, 

 
 
238 
 
 
 
 
Жүрген жерде қарғыс атып, жоқ еткен, 
  
 
 
Өмір, Құдай, Табиғаттың заңдарын,­ 
деген  жыр  жолдары  қалай  десек  те  өмір  шындығы.  Алайда  зұлмат  кезеңде  легион  ақындары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет