Материалдық мәдениеті



бет2/2
Дата04.12.2022
өлшемі39,05 Kb.
#54675
1   2
Музыкаөнері.
Қазақ халқының тұрмысы мен қоғасдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды.
XVIII – XIX ғ.ғ. музыка өнері өткен замандар туындыларының таңдаулы үлгілерін сақтау және олармен сабақтас халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты жаңа шығармалар жасау негізінде дамыды.
Жыраулар мен жыршылар эпикалық және тарихи жырлар мен аңыздарды орындағанда, өздеріне тән әуендік сарындарды, әндік және аспаптық формаларды да пайдаланып отырған.
XIX ғасырдың музыкалық мәдениетінде 1836-37 жж. Феодализм мен отаршылыққа қарсы Исатай Тайманов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыршы Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс елеулі із қалдырды.
Шығармашылық жолын сол жылдары бастаған болашақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбаев(1806-1879) өзінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай” күйін И.Тайманов көтерілісіне арнады. Көтеріліске қатысқан ол бұл күйінде халықтың отаршылдық бұғауынан азат болуға деген талпынысын көрсетті.
Қорытынды.
XVIII-XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті Ресейдің отаршылдық саясатына, қоғамның экономикалық дамуына және т.б. байланысты, бұрынғы салт-дәстүрлерін сақтап, біршама өзгерістерге ұшырады. Қазақтар орыс шаруаларынан бұрын қолданбаған еңбек құралдарын және т.с.с. қолдануды үйренді. Қоғамның дамуына байланысты киім үлгілері де біраз өзгеріске ұшырады.
Қазақстан Ресей бодандығын алысымен орыс ғалымдары қазақтың музыка өнерін, әдебиетін,қоғамдық құрылысын зертей бастады. Орыс ғалымдарының көптеген еңбектері қазақтарға байланысты болды.
Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын қамтыды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет