токарлық, бұзып-жинау цехтары; көкөніс қоймалары; сүрлем қоймалары 86. Өрт қауіпті аймақ дегеніміз не? бөлме ішіндегі не сыртындағы қалыпты немесе бұзылған технологиялық процес жағдайында үнемі немесе мезгілімен жанғыш заттар бар кеңістік 87. Өрт қауіпті аймақтар қандай кластарға бөлінеді? П-I, П- I I, П- I I а және П- I I I 88.Қандай аймақтар П-I класына жатады?лап ете тұтану температурасы 61 °С-ден жоғары сұйықтар қолданылатын немесе сақталатын бөлмелер 89.Қандай аймақтар П-I I класына жатады? ауада өрт қауіпті шаңдар мен талшықты заттар бар аймақтар 90.Қандай аймақтар П-I I а класына жатады? өндірістік бөлмелердегі немесе қоймалардағы қатты немесе талшықты жанғыш заттар бар кеңістік 91. Қандай аймақтар П-I I I класына жатады? лап ете тұтану температурасы 61 °С-ден жоғары жанғыш сұйықтар қолданылатын немесе сақталатын сыртқы өндірістік учаскелер аймақтары 92.Жарылыс қауіпті аймақ дегеніміз не? технологиялық процесс барысында жанғыш газдар немесе булар тотықтырғыштармен жарылыс қауіпті қоспалар түзетін бөлмелердегі және сыртқы өндірістік учаскелердегі кеңістік 93.Қандай бөлмелер жарылыс қауіпті болып есептеледі? жарылыс қауіпті қоспаның бөлменің жалпы көлеміне қатынасы 0,05-тен жоғары бөлмелер 94.Жарылыс қауіпті аймақтар қанша класқа бөлінеді? 6 95Жарылыс қауіпті аймақтар қандай кластарға бөлінеді? B-I, В-Ia, B-Iб, В-1г, В-ІІ, В-ІІа 96.Өртке төзімділік дегеніміз не? материалдардың, конструкциялардың және үйлердің тұтастай алғанда өрт кезінде жоғары температура әсерінен жануға қарсы тұру, беріктігін сақтау қабілеттілігі, қирауға және деформациялануға қарсы тұрақтылығы 97.Құрылыс конструкцияларының өртке төзімділік шегі қалай анықталады? отпен стандарттық сынау басталғаннан өртке төзімділік бойынша қандай да бір шектік күй пайда болғанға дейінгі уақыт, сағ немесе минут 98.Өртке төзімділік бойынша конструкция тығыздығына қатысты шектік күйді атаңыз?