Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Қозғалыс траекториясы



бет1/18
Дата18.12.2023
өлшемі2,92 Mb.
#140732
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


1 ЧАСТЬ


Кинематика – қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі. Материялық нүкте қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Қозғалыс траекториясы – дене бойымен қозғалатын сызық. Жылдамдық - бірлік уақыт ішіндегі дененің орынауыстыруының мәнін көрсететін векторлық шама . Үдеу – бірлік уақыт ішінде жылдамдық өзгерісін көрсететін векторлық физикалық шама. Өлшем бірлігі м/с². Айнымалы қозғалыс, траекторияның әрбір нүктесінде жылдамдық өзгеріп отырады. Теңүдемелі түзусызықты қозғалыс – дене кез келген тең уақыт аралығында жылдамдығы бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс.
2.
Қатты дене кинематикасы. Жалпы өмірде кездесетін жағдайда дененің деформациясын елемеуге болатын немесе дененің екі нүктесінің (яғни екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермей сақталатын денелерді абсолют қатты денелер деп айтамыз. Абсолют қатты дененің қозғалысы ілгерілемелі қозғалыс және айналмалы қозғалыс болып келеді. Бұрыштық жылдамдық деп, дененің бұрылу бұрышынан уақыт бойынша алынған бірінші ретті туындысына тең физикалық векторлық шаманы айтады. Бірлік уақыт ішінде бұрыштық жылдамдықтың өзгерісін сипаттайтын шаманы бұрыштық үдеу деп атайды.


3.
Қозғалыстың негізгі заңдары.Ньютонның бірінші,екінші, үшінші заңы. Бүкіл әлемдік заңдары. Инерттік және гравитациялық массалар? 
Ньютонның бірінші заңы (инерция заңы) Сыртқы күштер әсер етпесе, зат тыныштықта қалады немесе түзу сызықта бірқалыпты қозғалады. Формула: F = 0 (барлық күштердің қосындысы нөлге тең). Ньютонның екінші заңы (қозғалыс заңы) Затқа әсер ететін күш оның массасын оның үдеуін көбейткенге тең. Формула: F = m * а (күш массаның үдеуіне тең). Инерция – дененің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау қасиеті.(Ньютонның екінші заңы бойынша). Ньютонның үшінші заңы (өзара әрекеттесу заңы) Әрбір әрекетке тең және қарама-қарсы реакция бар. инерция қозғалыстың өзгеруіне қарсылықпен байланысты, ал гравитациялық масса ауырлық күшінің затпен әрекеттесуін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет