Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
-Анау өрмекші көремісің, не істеп жүр?
-Көремін, өрмек тоқып жүр.
-Анау құмырысқаны көремісің?
-Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
-Жоғары қара, аспанда не көресің?
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған өнеге, үлгі.
Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіңе азық етуге.
Құмырысқа бала шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузынан тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек ,- деді.
^ 1.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А. Жирен , қасқа.
В. Жеңіл , тұрмыс.
С.Жәрдем ,көмек.
Д.Жекпе-жек.
Е.Белгісіз , жас.
Мақалды аяқтаңыз. Еңбек түбі – ...
А. Мереке
В. Береке
С. Мейрам
Д. Жақсылық
Е. Байлық
Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
А. Астана.
В. Дәрігер.
С. Түлкі.
Д. Көлік.
Е. Көбелек.
Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.
А. Ғарыш.
В. Орман.
С. Байлық.
Д. Құрлық.
Е. Үміт.
Бітеу және ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
А. Әже.
В. Жазда.
С.Үй.
Д. Үлкен.
Е. Ел.
6.Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз. Мыс.
А. 2.
В. 1.
С. 4.
Д. 3.
Е. 5.
-тан, -тен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылатынын
көрсетіңіз.
А. а,і,ы,у.
В. б,в,г,д.
С. р,л,й,ю.
Д. м,н,ң,л.
Е. и,л,ы,н.
8. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз.
А. Үйге.
В. Талапты.
С. Мектепте.
Д. Балалар.
Е.Ағаштікі.
9. Туынды сөзді табыңыз.
А. Сандықша.
В. Жұмысшы.
С. Қанағат.
Д. Көйлек.
Е. Аймақ.
10. Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Тоғыздан. А. Барыс септік.
В. Шығыс септік.
С. Атау септік.
Д. Ілік септік Е. Табыс септік.