Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.
Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.
Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.
1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
2. Олар ата-әжесіне қалай көмектесті?
3. Олар нені көрді?
4. Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен?
5. Балалар қандай жақсы іс-әрекет жасады?
6. Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
ҰСТАЗ
біліммен сусындатады;
біліммен сусындатады;
тәлім-тәрбие береді;
өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
табиғатты танып-білуді меңгертеді;
адамдарды түсінуге үйретеді.
Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы
желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн! Сол
күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ
халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз
егемен мемлекет болды.
Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Ұлы Отанымыз –Қазақстанды шексіз сүйеміз!