Мазмұны: Қазіргі мектептегі жаңашылдық процеспен басқарудың ерекшеліктері


Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдар



бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі0,52 Mb.
#69801
1   2   3
Байланысты:
5 дәріс

Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдар:
• Мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық техно
логияны қолдана білуге дайындау (Л.В.Нефедова, М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г.Брусницына,
Ж.А. Қараев, Г.К.Нургалиева және басқалар).
Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни іс-әрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты – инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды
Идеялар
генерациясы
Идеяны жүйелеу
Практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру
Инновация – бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі.
Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады:
білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңашылдық –білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.;
жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар әкелетін жаңашылдық – педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.;

ұйымдастыру-басқарушылық бағытындағы жаңашылдық – білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер.
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:
1
    • НӨЛДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру);

2
    • БІРІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады;

3
    • ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі);

4
  • ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – ескі білім беру моделінің шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады;

5
  • ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯДА шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады);

6
    • БЕСІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады);

7
    • АЛТЫНШЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – жүйені түрлендіруші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.

8
    • ЖЕТІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИННОВАЦИЯ – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет