«Жұмабек Ташенов» атындағы университет
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Жылу электр станциялары.
Орындаған: Исрайыл А.С.
Тобы: ИЭФ-20-14к
Қабылдаған: Бердалиева Т.
Шымкент қ, 2022 ж
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Жылу энергиясының тиімді технологиялары
1.1.Жылу технологиялық процестер мен қондырғылар
1.2.Жылутасығыштар жылуалмастырғыштар.
III. ЖЭС-тің жұмыс істеу принципі
2.1. Бу турбиналы ЖЭС
2.2. Газ турбиналы ЖЭС
2.3. Бу газ турбиналы ЖЭС
IV. Қортынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі ұғым бойынша энергетика (немесе энергетика шаруашылығы) дегеніміз энергетикалық қорлар мен энергияны өндіру, жақсарту, өңдеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Энергетикада негізінен қондырғылардың бес түрі қолданылады:
- өндіруші, олар табиғи энергия қорларының потенциалдық энергияның электрлік, жылулық, механикалық энергия түрлеріне (жылу, су, атом электр станциялары және т.б. арқылы) немесе энергия қорын басқа түрге (газ өндіретін қондырғылар, сығымдағыштар және т.б. арқылы) түрлендіріп өндіреді;
- түрлендіруші, яғни берілген энергия түрінің көрсеткіштерін және басқа ерекшеліктерін өзгертетіндер: өзгертуші (трансформаторлық) қосалқы станциялар, түзетуші және инверторлық электр қондырғылары, жылу тасымалдағыштар және т.б.
- энергияны жеткізу және тарату қондырғылары (электр, жылу, газ желілері, мұнай құбырлары, сығылған ауа желілері);
- жинақтаушы, олар энергияны өндіру тәртібін тұтыну тәртібінің мүддесі үшін ішінара реттейді (электр және жылу жинағыштары, сорғылық-жинақтаушы су электр станциялары және т.б.).
- тұтынушы, олар энергияны тікелей пайдаланатын түріне түрлендіреді (машиналардың электр жетегі, шамдар, өнеркәсіптік пештер, жылыту қондырғылары және т.б.);
Халық шаруашылық салалары көп және әртүрлі болады: мысалы, мұнай өңдеу, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, көлік, машина жасау және т.б. Бір саланың өзінде технологиялық үрдістері әр түрлі болады: мысалы, металлургияда – мыс өндіру, болат өндіру және т.б., құрылыс материалдарын өндіруде – цемент өндіру, бетон бұйымдарын, кірпіш жасау және т.б. Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық жүйелерінің тиімділігін жалпы түрде талдауда қиындықтар туындайды.
Жылу электр станциясы — жылу қозғалтқыштары көмегімен жылу энергиясын электр энергиясына айналдыратын энергетикалық өндіріс орны.
Жағылатын отын түріне қарай қатты отынды (көмір, ағаш, шымтезек, жанғыш тақтатас), газды немесе сұйық отынды (мазут, мұнай) жағатын станция болып ажыратылады. Жылу энергиясы жылу қозғалтқышында механикалық энергияға айналдырылады, соңынан электр генераторы арқылы электр энергиясына түрленеді. Пайдаланылатын жылу қозғалтқышының түріне орай жылу электр станциясы бу турбиналы, газ турбиналы, бу-газ турбиналы болып бөлінеді.
Тек электр энергиясын өндіретін ЖЭС конденсациялық турбинамен жабдықталып, конденсациялық электр станциясы (КЭС) деп аталады. Жоғары қуатты КЭС қондырғылары бірнеше блоктардан құралады, блок құрамында бу қазаны, бу турбинасы, электр генераторы және трансформатор болады. Станцияның жалпы қуаты жеке блоктардың қуатына және олардың санына тәуелді. Егер электр энергиясын өндірумен қатар жұмыс жасап шыққан бу жылыту мақсатында пайдаланылатын болса, ол жылу электр орталығы деп аталады.
ЖЭС энергиямен қамтамасыз ету аймақтарының ерекшеліктеріне сәйкес аудандық, қалалық, орталық, өндірістік, коммуналдық және ауылдық болып бөлінеді. Қуатты ЖЭС мемлекеттік аймақтық электр станциясы (МАЭС) деп аталады. ЖЭС сумен жабдықтау жүйелеріне, қуатына, пайдаланылатын будың сипаттамаларына, т.б. ерекшеліктеріне байланысты да әр түрге ажыратыла береді.
Жылу энергетикасы – жылудың энергияның басқа түрлеріне түрленүін зерттейтін жылу техникасының саласы. Жылуды электр энергиясына түрлендіру жылу электр стансасында жүзеге асырылады. Ол үшін бұларда отын жанғанда немесе ядр.отын ыдырағанда бөлінетін энергия, сондай-ақ, жер қойнауының қызуы мен күн радиациясы энергиясы пайдаланылады. Жылу энергиясынан механикалық жұмыс алу үшін қолданылатын негізгі энергет.агрегат-жылу қозғалтқышы.
Электр сстанциясы-қандайда бір энергияны электірліге айналдыруда қызмет ететін энергетикалық құрылғы. Электр станциясының түрі ең алдымен энерготасымалдаушысының түрімен анықталады. Органикалық отынды жағуда бөлінетін жылу энергиясын қолданылатын жылу электр станцисы кең қолданыс тапты. Біздің жер шарымызда өндірілетін электр энергиясының 76%-ға жуығы ЖЭС те өндіріледі.
Қазақстандағы қуатты жылу электр станцияларының қатарына Қарағанды МАЭС және Жамбыл МАЭС станциялары жатады. Республика бойынша өндірілетін электр энергиясының 80%-на жуығы жылу электр станцияларының үлесіне тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |