Мазмұны I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Өнімдерді сақтау шарттары мен мерзімдері



бет3/7
Дата09.12.2022
өлшемі3,61 Mb.
#56116
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аруна отчет (5)

2.2. Өнімдерді сақтау шарттары мен мерзімдері

Ыдыссыз сақтау барысында шикізаттар арнайы автокөліктермен жет- кізіледі: тұз –самосвалдармен (өзі түсіретін машиналар); ашыған ерітінді, сұйық қант және маргарин –цистернамен. Шикізаттар сұйық күйінде жеткізілсе, оны сақтауға арналған арнайы ыдыстарға сорғымен айдап қотарады. Ыдыспен жеткізілген шикізаттар арнайы қоймаларға транспортталып, сақталады. Қажетіне қарай, құрғақ шикізаттар арнайы тәсілмен ерітіліп, ыдыстарда сақталады. Дәм және хош иіс беретін заттар оқшауланған бөлиелерде сақтау ұсынылады. Себебі иіс шикізаттың басқа түрлеріне сіңуі мүмкін. Барлық тағам өнімдері үшін кепілді сақтау мерзімдері белгіленген.


ІІ-кезең – шикізатты өндіріске дайындау, яғни араластыру, еріту, тортасын айыру, сүзу және басқа да операциялар жүргізу. Бұл санитарлық қалпын және технологиялық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.
ІІІ-кезең – ашытқы қамырды дайындау. Бұл үшін ұн, су, ашытқы мөл- шерленіп алынып, қамыр илейтін машинаға салынады. Машина ашытқы қамырды илейді. Əбден иленген ашытқы қамыр ашуы үшін біршама уақытқа қойылады.
IV -кезең – қамырды дайындау үшін әртүрлі қондырғылары бар қамыр илеу машиналары қолданылады. Бұл машиналар белгілі бір өнімнің ассортиментіне қажетті рецептурада көрсетілген әртүрлі компоненттерден біртекті масса алуға арналған.
V -кезең – қамырды бөлшектеу. Ол мынадай технологиялық опера-циялардан тұрады: қамырды бөлшектерге бөлу, бөлшектерді дөңгелету, алдын ала толықсыту, қамыр дайындамасын жасау және ақырғы рет толықсыту. Қамырды бөлшектерге бөлуді қамыр бөлетін арнайы машиналар орын- дайды. Қамырдың әрбір бөлігінің массасы – суытылған өнімнің массасынан 10...12% көп болуы керек. Себебі пісу және сақтау барысында қамыр мен нанның массасы азаяды.
VI -кезең – өнімді пісіру – нан өндірісінің ең соңғы кезеңі. Ол нан пісіретін пештерде жүзеге асады. Пісіру барысында өнімнің көлемі көбейіп, қыртыс пен жұмсақ бөлігі қалыптасады. Пісіру алдында қамыр дайындамалары белгілі бір түрдегі дайын өнімнің қалпын беру үшін бөлінеді. Пештің температурасы мен пісіру ұзақтығы ассортиментке тікелей байланысты.
VII -кезең – нанды суыту, сақтау және сауда орындарына транспорттау. Піскен нан өнімдері кәсіпорынның нан сақтайтын бөлмедеріне жөнелтіреді, мұнда суытылып, сақталады. Бөлме таза, құрғақ және жақсы желдетілетіндей болуы шарт. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша нан экспедицияға жіберіліп, одан ары арнайы автомашиналар арқылы сауда орындарына жеткізіледі. Автомашиналардың шанақтарына арнайы контейнерлер қойылған. Ағаштан немесе пластмассадан жасалған науалары бар контейнерлерге дайын өнімдер салынады.
Азық-түлік тауары туралы ақпарат сатылатын елдің тілінде жазылуы тиіс. Заттаңбада:

  • өнімнің, оны өндірушінің атауы

  • өнімнің дайындалған уақыты мен қапталған уақыты;

  • өнімнің жарамдылық мезімі мен сақтау мерзімі;

  • сақтау шарттары;

  • салмағы, көлемі, саны;

  • өнімнің құрамы;

  • тағамдық құндылығы және басқа да ақпарат көрсетулі міндетті.

Өнімнің шығарылған уақыты, жарамдылық мерзімі нақты және анық жазылуы керек. Тауар қаптамасындағы үлкен әріппен жазылған сөздерге ғана емес, артқы жағындағы кіші қаріптерге де назар аударған жөн. Кіші таңбалармен жазылған ақпаратты толық оқу арқылы өнімнің шынайы сипаттамасын білуге болады. Кей жағдайда тауардың нақты атауын көрсетпеу өндіруші үшін тиімді. Мысалы, ірімшік пен сүзбенің орнына "ірімшік өнімі" немесе "құрамында сүт бар өнім" деп сатылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет