Мазмұны Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері



бет6/16
Дата19.05.2023
өлшемі1,58 Mb.
#94735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-танымдық-белсенділігі

Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс - әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты.Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.Бұл орайда субьект белсенділігі сыртқы материалды және ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс -әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады.Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа жетеді.Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін.Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс.Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді құруының бір түрі.Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды.Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін.Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс - әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірулермен байланысты:

  • белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;

  • белсенділік субьектінің іс-әрекетке қатынасын ( қажеттілік , мотив, ерік,эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі;

Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:

• танымдық белсенділік;
Ақыл - ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады.Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
1 .Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы – зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде; 2.интеллектуальды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде; Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды.Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген денісау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады.Өз бақылауының кең материалында Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.
Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты.Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .
Танымдьқ белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие.Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама берілген .Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:

  • Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин,
    Т.Рибо).

  • Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубенштейн)

  • Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)

  • Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)

  • Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н.А.Половников)

  • Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай (Р.А.Низамова)

  • Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)

  • Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына , мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова)

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді.Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет