6.10 Азаматтық қоғам. Лоббизм мен сыбайластық мәселелері
1 Лауазымдық тұлғалардың, саяси қызметкерлердің сатылуы, сатып алынуы, экономикалық және саяси қылмыс дегеніміз - ...
А) пара алу
Б) синекура
В) мансапқорлық
Г) лоббизм
Д) сыбайластық
2 Мемлекеттік қызметкерге, лауазымдық тұлғаға заңға қайшы келетін қызметі үшін берілетін ақша немесе заттарды не деп атаймыз?
А) пара
Б) синекура
В) мансапқорлық
Г) лоббизм
Д) сыбайластық
3 Белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым, ол қысымшы топтың түрі, саяси қайраткерлермен жақсы қатынастар орнатып, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасаушы топ - ...
А) пара
Б) синекура
В) мансапқорлық
Г) лоббизм
Д) сыбайластық
4 Өз мүдделерін қорғау, шешімдер қабылдаудың дербес орталығының өмір сүруі мен ұйымдасқан құрылымның болуы,, тиімді қысым көрсету қандай саланың белгілері болады:
А) саяси элита
Б) қоғамдық қозғалыстар
В) қысымшы топтар
Г) партиялар
Д) саяси блоктар
5 Азаматтық қоғам мен мемлекет бір – біріне қандай қатынаста бола алады?
А) мемлекет пен азаматтық қоғам өзара бір – бірін жояды
Б) мемлекет азаматтық қоғамды басып жаншиды
В) мемлекет пен азаматтық қоғам әрқашан да өзара әрекеттесуде
Г) азаматтық қоғам мен мемлекет – екеуі бір түсінік
Д) дұрыс жауап жоқ
6 Сыбайластық төменгі деңгейде болып саналатын елді атаңыз?
А) АҚШ, Ұлыбритания
Б) Скандинавия мемлекеттері, Қытай
В) Жапония, Евроодақ
Г) АҚШ, Жапония, Евроодақ
Д) Малайзия, Индонезия, Колумбия
7 Қандай мемлекет тұлғаның құқықтары мен мүдделерін саяси – құқықтық тұрғысынан қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті?