Байланысты: Салу есептерін шешу әдістері бойынша оқу - әдістемелік құрал
2.4. Бұру әдісі Берілген нүктені айналдыра жазықтықты бұру деп, осы нүктеден шыққан әрбір сәуле бір бағытта, бірдей бұрышқа бұрылатын қозғалысты айтады.
Егер О нүктесін айналдыра бұруда Х нүктесі Х' нүктесіне көшсе (31-сурет), онда Х нүктесі қандай болмасын ОХ және ОХ' сәулелері бірдей бұрыш құрайды. Бұл бұрыш бұру бұрышы деп аталды.
Бұрудың қозғалыс болатыны жеңіл дәлелденеді.
Кейбір салу есептерін шешуде бұруды пайда-
лану тиімді болады. Бұл әдістің мәнісі мынада:
талдауды жеңілдету үшін немесе есептің шешімін
бірден табу үшін фигураның кейбір элементтерін
берілген центрден берілген бұрышқа бұрады. 31 – сурет
Мысал: Параллель екі түзу және олармен шектелген жолақтан А нүктесі берілген. Екі төбесі берілген түзулерде, бір төбесі берілген нүкте болатын тең қабырғалы үшбұрыш салыңыз.
Шешуі:
Талдау: Есеп шешілді делік, яғни в║с, Ав, А с, Вв, Сс, АВ = ВС = АС (32-сурет). АВС үшбұрышы дұрыс болғандықтан, А = 600 (В = С = 600). Олай болса, В төбесін 600-қа сағат тілімен бағыттас бұрсақ, ізделінді үшбұ-рыштың С төбесі шығады. Ендеше салу жоспары төмендегідей:
С
алу: 1) R: в→в' түзуі
2) С = в' с нүктесі с 3) (А, АС) шеңбері
4) В = в нүктесі в 5) АВ, ВС, СА кесінділері
АВС – ізделінді үшбұрыш.
Дәлелдеу: R: в→в' болғандықтан АС, АВ кесінділерінің арасындағы бұрыш 600-ты құрайды, яғни САВ = 600. АС = АВ (радиустар), бұдан АСВ = АВС. Онда АСВ = = 600. Олай болса, АВС – тең қабырғалы үшбұрыш.
Зерттеу: Салу жоспарының 1) – 3) қадамдары орындалады, ал 4)-ші қадамға байланысты мына жағдайларды қарастырайық:
а) в, яғни АС АН. Онда АН = АН болғандықтан АС АН. Бірақ бұлай болу мүмкін емес, себебі АСН үшбұрышында АС – гипотенуза. Сонда шеңбері мен в түзуі міндетті түрде қиылысады (33-сурет).
б
) в қимасы бір нүкте – В нүктесі, онда АС=АН.
Бұдан АС=АН, бірақ тікбұрышты үшбұрышта гипо-
тенуза мен катет тең болуы мүмкін емес.
в) в қимасы В және В нүктелерінен құралған.
Осы екі нүктенің біреуі үшін ғана салу жоспары
орындалады, себебі САВ ≠ САВ. Сонымен
есептің жалғыз шешімі болады.