ССАБЖ пойыз құрылу жоспарын 4—6-сағат аралығында барлық есептелген кезеңге келетін және жоспарға кіретін пойыздарға ТГНП және мәліметтік-телеграммалар; жоспарланатын кезең басына станса ережесі туралы мәлімет; пойыздардың келуін күту туралы мәлімет және анықтамалық-нормативті ақпараттар негізінде қамтамасыз етеді. Жоспарланатын кезең басына стансадағы ереже туралы мәліметтер стансаның ағымдағы күйіндегі технологиялық модельдің ақпараттық массивтерінде болады:
• қабылдау паркінде құрастыруды күтіп тұрған құрамдардың;
• станса парктеріндегі өз құрастырылуындағы құрамдар және транзитті құрамдардың;
• құрастыру жоспарының белгілері бойынша сұрыптау парктеріндегі вагондардың бар болуы туралы мәліметтер қосады
Жоспарды келесі кезектегі есептер алдында АЕО немесе жол бөлімшесінің диспетчерлік аппараты келесі мәліметтерді хабарлайды:
- келесі кезеңге пойыздар, локомотив және бригадалардың келу жоспарын (0010 хабарламасы);
- кезектегі кезеңге резервке аялдау және резервпен локомотив пен бригадалардың жөнелту жоспарын;
- пойыздардың жөнелту керегеніндегі жеке кестелерді бұзу туралы ақпараттар;
- кезектегі кезеңге керегенде қарастырылмаған қосымша пойыздардың белгіленуі туралы мәліметтер;
- бос вагондарды жөнелту тапсырмасы.
Локомотив және бригадалар туралы мәліметтер локомотив депосының кезекшісінен түседі. ТЖБАЖ локомотив күйінің моделі құрастырылады. Стансаның инженер-технологтары жоспарлауға қажет анықтамалық-нормативті ақпараттың енгізілуі қамтамасыз етіледі:
• БЖБ кодтарының құрастырылатын белгілер кодтарына аудару кестелерінен;
• пойыздардың жөнелту кестесінен;
• құрамдардың керегендік және жоғары рұқсат етілетін салмақ пен ұзындық нормаларынан;
• пойыздардың өңдеу, тарату және жөнелту бойынша операцияларды орындауға уақыттың технологиялық нормативтерінен;
• сұрыптау паркін мамандандыру туралы мәліметтерінен және т.б.
Анықтамалық-нормативті ақпарат жаңа құрастыру жоспары мен пойыздардың қозғалыс керегенін енгізу, жаңа технологиялық процесті енгізу, стансаның техникалық жағынан жабдықталуының өзгеруі кезінде түзетіледі.
Нормативтің жүйеге бастапқы кодталуы мен енгізілуі ЕО мамандары қамтамасыз етеді.
ЭЕМ-да пойыз құрылуының жоспарын есептеу не бекітілген уақыттағы кесте бойынша, не ДСЦ сұранысы бойынша іске асырылады. ЭЕМ жоспарын есептеу нәтижесінде мәліметтерді береді:
•бастапқы жоспарланған кезеңге пойыздардың бар болуы мен сұрыпталатын және транзитті пойыздардың күтілетін келу уақыты туралы;
•сұрыптау паркіне вагондардың бар болуы және күтілетін түсуі туралы;
•локомотив пен бригадалардың жөнелтуге күтілетін дайындығы туралы;
•құрамдардың жинақталуы мен пойыздардың жөнелтуінің аяқталу жоспары (жөнелтуге, кереген тармағына дайын құрамдарды қосып жалғау және оларды локомотив пен бригадалармен қамтамасыз ету).
Қорытынды кестелерде жоспарларды есептеу кезде жұмыса мүмкін болатын қиындықтар назарға алынады (пойыздарды қабылдамау, пойыздарды жөнелтуге арналған дайын құрамдар, локомотив пен кереген тармағының болмауы). ЭЕМ беретін жоспар қабылданған шараны есепке алғанда түзетіледі.
Әріптік-сандық басу құрылғысына (ӘСБҚ) берілетін станса жұмысының жоспар бланкі сонымен қоса жұмысты орындау нақты нәтижелерін жазу үшін графалардан тұрады және орындалған жұмысты есептеу үшін қолданылады.
Ауысым басшыларында өздерінің жұмыс орындарында видеотерминалдық құрылғылар (дисплейлер) немесе ССАБЖ тікелей ақпаратты алу үшін электронды телетайптар болады. Станса жұмысын шұғыл басқару ССАБЖ өңдеп шығаратын шұғыл ақпаратында және жүйемен шешілетін есептер нәтижелерінде негізделеді.
ДСЦ сұрыптау жүйесінің жұмыс координациясын, станса жұмысы мен іргелес телімдердің байланысын, локомотив және вагон деполарымен, пойыздық және айлалық жұмыстардың ағымдағы жоспардың ССАБЖ есептелетін негізінде торап стансасымен стансаның шұғыл өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Шұғыл шешімдерді қабылдау кезінде ДСЦ күтудегі пойыздардың келуі және олардың құрамы, стансаның парктері мен жолдарында пойыздар мен вагондардың бар болуы, шұңыл жоспарлардың тапсырмаларды орындау нәтижелері мен сапасы туралы ЭЕМ арқылы берілетін шұғыл ақпараттың сұранысы бойынша қолданады.
ДСЦ пойыздық және айлалық жұмыстардың ағымдағы жоспарда дайындалатын ССАБЖ негізінде өзінің қызметін ұйымдастырады, сұрыптау паркінде әр жол және құрастырылатын белгісі бойынша вагондардың бар болуы туралы ССАБЖ мәліметтері мен әр құрастыруға жататын пойыздың құрамы туралы ақпаратты қолдана отырып, дер кезіндегі құрамдардың таратылуы, жинақталуы мен құрастырылуын қамтамасыз етеді. ДЦСЦ ЭЕМ пойыздардың таратылу және құрастырылу кезегін таңдау бойынша, пойыздарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша тапсырма береді және нақты тапсырма берген кезде ССАБЖ ұсыныстарын қолданады. Ол ССАБЖ көмегімен құрамды дөңестен түсіру кезегін әр түрлі нұсқаларда мүмкін болатын құрамның құрылуын тексереді. ССАБЖ құрамды құрастыру бойынша жұмыстың сапасын бағалау, пойыздың қозғалыс керегені мен вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесінің нормативтерін орындау үшін ДСЦМ ақпараттар береді. ДСПГ ССАБЖ дайындайын сұрыптау парақтары негізінде құрамның таратылуы мен құрастырылуын қамтамасыз етеді. Таратуды ұйымдастыруда ол ЭЕМ есептерінің негізінде таңдалынған құрамдарды түсіру кезегі бойынша нұсқаулармен қолданады. Жүйе ДСПГ сұрыптау паркінде әр жол және құрастырылатын белгісі бойынша вагондардың бар болуы туралы, әр өңделетін пойыздың құрамы туралы ағымдағы мәліметпен қамтамасыз етеді. ССАБЖ станса қызметкерлерін есептеу операцияларын орындаудан, құжаттарды дайындау жұмыстарынан босатады, сонымен қоса:
• келетін және жөнелтілетін пойыздарды өңдеу мен құжаттарды дайындау;
• стансаға келетін пойыздар мен жүктер туралы ақпаратты станса жұмыскерлері мен жүкқабылдаушыларға жіберуді;
• өз құрастыруындағы пойыздар туралы ақпаратын жіберуді және ТГНП дайындығын;
• пойыздардың бекітілген салмақ және ұзындық нормаларының пойыздардың құрастыру жоспарын сақтауын бақылау:
• есепке алу және есеп беру формаларын енгізу.
СТО қызметкерлері АБЖ құратырылатын пойыздарғы қосылған вагондар тізімі туралы мәліметтер енгізеді, қажет болған жағдайда құрастырылған пойызға жүйе арқылы құжаттарды беру үшін қажетті мәліметтерді түзетеді.
ССАБЖ жүйесі пайдаланушылар арқылы — станса қызметкерлері — ЭЕМ енгізілетін ақпараттың негізінде қызмет атқарады. Ақпараттың бір бөлігі автоматты түрде ЭЕМ-нан АЕО, сонымен қатар жол бөлімшесі мен өзара әрекеттесетін стансалардан келіп түседі. Мәліметтер арнайы хабарламалар түрінде енгізіледі.