Мазмұны Кіріспе І бөлім


Далалы аймақта кездесетін эндемикалы өсімдіктер және олардың биологиялық ерекшеліктері



бет7/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
-dip -oqo-nyn-zhanuarlar-duniesi

Далалы аймақта кездесетін эндемикалы өсімдіктер және олардың биологиялық ерекшеліктері
Далалы жерлерде бәйшешек сияқты азайып бара жатқан әсем өсімдіктерді де өсіруді қолға алса нұр үстіне нұр болар еді. Мектеп басшылары мен оқытушылары, оқушыларға бұл тамаша өсімдіктің әсемдік мәнінің түсіндіріп, қорғау жөнінде түсініктер беріп отырғаны жөн. Қысқасы бұл өсімдікті халық болып қамқорлыққа алу қажет. Енді бәйшешектің Қазақстанда өсетін түрлеріне тоқталайық.
Королков бәйшешегі (шафран Королков). Бұл Алатау бәйшешегіне қарағанда аз кездесетін түр. Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғыз Алатауында, батыс Тянь-Шань және Қаратауда өсетін эндемдік түр. Ол жерлерде аласа қырқалардан бастап аршалы жоталарға дейін көтеріле алады. Өркеннің биіктігі 10-20 сантиметрге жететін шағын өсімдік. Түйнекпиязының түрі сопақша немесе домалақ,сыртқы қабыршағындағы талшықтары параллель немесе аздап тор тәрізденіп шатасып кетеді. Қоңырау тәрізді гүлдерінің түсі ашық сары, кейде қоңырқай. Бұл түрдің бір ерекшелігі гүлі күн ашық кезде ашылады да, бұлтты күндерді және түнде жабылып қалады. Гүл сабағының түбінен жасыл түсті жіңішке жапырақтар шығарылады. Алатау бәйшешегінен кешірек, март, апрель айларында 18-25 күн бойы гүлдеп тұрады. Жапырақтары гүлдерімен бірге немесе сәл кешірек өсіп, гүлдеп біткен кезде толық жетіледі. Алматы ботаника бағында 1969 жылдан қолдан өсіріледі, көп күй таңдамайды. Табиғаттағы жабайы түрлерінің кез-келген өсу фазасында қазып алып, жаңа жерге отырғызуға болады. Тіпті гүлдеп тұрған кезде гүлімен әкеп отырғызса да өсіп кетеді. Құнарлы топырақта вегетативтік жолмен оңай көбейеді бір жылдың өзінде 3-4 түйнекпияз бере алады. Бұл жағдайда гүлдерінің көлемі де ұлғаяды. Тұқымдарын күзде сепсе көктемде жаппай өніп шығады, 3-4 жылдар гүлдейді. Бір егілген жерінде табиғи түрде тұқымдарын шашып өздігінен көбейе береді. Бұл да ерте көктемнің әсемдік сапасы жоғары өсімдігі.

Түйнекпияздарын 100-200-ден топ-тобымен арақашықтығын 7-10 санти-метрден асырмай отырғызу керек. Түйнекпияздың тереңдігі 5 сантиметр етіп егіледі. Көп өсірілген жерлерінде аналық аузын тағамдарды бояуға пайдала-нуға болады. Бұл айтылған екі түрдің де өскен жерлерін заказникке айналды рып қорғауға алу қажет. Табиғаттағы жабайы түрлерінен әсемдік сапасы жоғары, жаңа сорттар шығаруда теориялық және селекциялық мәні бар. Аты әлемге әйгілі бәйшешектің жабайы түрлерінен айырылып қалған жағдайда жаңа сорттармен будандар шығару мүмкіндігі азаяды. Сондықтан адам баласына қуаныш әкелуге асығып тұратын бәйшешекті мәпелеп, қорғау көптің ісі болмақ.


Итшомырт шырғанақ. Бұл түрі әлі одақтық «Қызыл кітапқа» ене қойған жоқ. Алайда топ тоғайларының қазір жойылуының тездігіне байланысты республикалық «Қызыл кітапқа» еніп отыр. Алтайдыға Катун және т.б. өзендердің бойынан, Бурятиядан әлі де топ тоғайларын кездестіруге болады. 1975 жылғы есеп бойынша Одақ бойынша шырғанақ 10 мың гектар жерге өседі. Шырғанақ туысының ішінде шипалық, тағамдық мәні зоры итшомырт шырғанақ.Бұл шырғанатқтың піскен жемістері ащылау, оның есесіне алғашқы аязға ұрынғаннан кейін жағымды қышқыл дәмге ауысады. Ертеден Сібіліктер сырттан келген меймандарын шырғанақ жемісінің жасалған тосаппен, тағы басқада тағамдарға қосқан. Қазіргі зерттеушілерде шырғанақ жемісінің тағамдық сапасының өте жоғары екендігін мойындап отыр. Шырғанақ жемісі нағыз витамин қоймасы. Оның мөлшері 900 мг/процент. Одан кейін каротин немесе А витанмині 60 мг/процент. Шырғанақтан өсімдіктерде өте аз кездесетін, адам организмінің ішкі секреция бездерінің қызметін күшейтіп, зат алмасуды реттейтін Е витамині табылады. Бұлардан басқа В6, Ғ, Р витаминдері, фоли қышқылдары барлығы анықталды. Жемісін 8 процентке дейін, май 3,6 процентке дейін қант және 2,6 процент инозит, органикалық қышқылдар, илік заттар, темір, бор, марганец сияқты микроэлементтер де алынады. Жеміс құрамында болатын майдың шипалық қасиеті өте жоғары бағаланады. Оның жағымды дәмі, ашық түсі 8 процент майға байланысты. КСРО Денсаулық сақтау минстрлігінің ғалымдары шырғанақ майымен операциядан кейін жараны, күйікті. Үсікті, дененің ойылуын, тері туберкулезін, құлақтың, тамақтың, мұрынның қабынуын, көз ауруларын т.б. көптеген басқа ауруларды емдеуге болатындығын анықтап отыр. Асқазан рагын сауле арқылы емдеген кезде шырғанақ майы ішуді ұсынады. Шырғанақ майын ауруды бәсеңдету үшін, балалар көбіне ішуден бас тартатын балық майының орнына пайдаланады. Алайда бұқ барлық адамға бірдей пайдалы емес. Мысалы, холецистет және қарын асты бездерінің ауруы бар қартаң адамдарға ішуге болмайды. Шырғанақтың шипалық қасиетін халық ежелден білген. Ертедегі монғолдар мен тибеттер жеміс пен жапырақ қосылған қайнатпа буынның сырқырап ауруына бірден-бір дауа. Косметикада жеміс қайнатпасын шашы түсу қаупі туса ішуге немесе жағуға пайдаланылады. Итшомырт шырғанық шығыс бен Батыс Сібірде тараған, аздап Орта Азияда кезедседі. Бұдан біраз уақыт бұрын Кавказдағы Балқар, Баксон аңғарларында, Азербайжанда Самур өзенінің аңғарларындағы шырғанақ күтімсіздіктің салдарынан құрып кетекн. Шырғанақты көбейтіп, табиғи қорын болашаққа сақтап қалу үшін елімізде бірқатар шаралар жасалуда. Қазір бұқ өсімдікті қолдан өсіріп, табиғи қорын қорғау қолға алына бастады. Бұл мақсатта шырғанақтың жабайы өскен тоғайларын кеңейту, совхоздарда, орман шаруашылықтарында өндірістік плантациялар жасалуда. Сібірде 5500 гектар. Алтайда 2000 гектар жерге шырғанақ қолдан өсірілуде. Қазір Алтайдағы Катун, Чульшман, Чук, Тешкин, Жиде, Селенга, Иркурт, Өзбекистандағы Заравшан, Қырғызстандағы Жерғалат, Қызылұйғыр өзендерінің, Ыстықкөл жағасындағы, Кавказдағы Баксон және Терек өзендерінің аңғарларындағы шырғанақ өсетін тоғайларды заказникке айналдыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Қазақстанда Іле және Алматинка өзендерінің жағасындағы шырғанақ тоғайын заказникке айналдыру көзделуде. Бұл әрине қуанарлық жағдай. Алайда басқа жерлерде өсетін топ тоғайлары да назардан тыс қалмаған жөн. Шығыс Қазақстанның Кендірлік өзені жағасындағы, Талдықорған облысындағы ірі шырғанақ тоғайларын да заказникке айналдыру кешіктіруді күтпейтін мәселе. Алматы облысының ұйғыр нарынқол ауданының Текес, Байынқол өзендерінің аңғарларында, Көмірші, Шибут, Қошқар сайларында әжептеуір шырғанақ қоры болған. Жергілікті халық оны қамқорлыққа алуы тиіс. Жақын жылдардың ішінде шырғанақты коллективтік бақтарда, жекеменшік және мектеп айналасындағы учаскелерде, ауруханалар мен саниторийлердің, демалыс үйлері мен бала бақшалардың ауруладында өсіру қажет. Шырғанақты қандай жерге болса да тұқымдар, тамыр атпалары, сидам шыбықтары арқылы және өркенін қаламшалап өсіруге болады. Шырғанақ әр гектарынан шамамен 2-5 тонна өнім береді. Ал алдыңғы қатарлы шаруашылықтары 21-50 тоннаға дейін өнім жинайды. Шырғанақтың баяу өсетіндігін ескеру керек. Сондай-ақ ол екі үйлік өсімдік екенін ұмытпаған жөн, яғни аталық гүлі бір өсімдікте болса, аналық гүлі екінші өсімдікте болады. Сондымен қатарда 1-5 түп аналық өсімдіктен кейін бір топ аталық өсімдік болу керек. Бұл аналық өсімдіктердің тозаңдануын толық қамтамасыз етеді. Өсірген жерде тек аналық өсімдік болған жағдайда шырғанақ гүлденгенмен тозаңдана алмайтындықтан жеміс бермейді. Есейген кезде көрші тұрған түптер бір-біріне жақындап тиісті тұруы және жерде қалың қара шірік пайда болуы тиіс. Бұқ болашақта шырғанаштың жауы шырғанақ шыбынының көбеюінен сақтайды. Топырақ қопсытылып, арамшөптен тазартылып, өсімдікке жел жақсы тиетіндей болғаны жөн. Жел шырғақтың тозандануын қамтамасыз етеді. Бұтақтың бетінде қотыр пайда бола бастаса, оны кесіп алып өртеп жіберу керек. Шырғанақ суыққа өте төзімді. Оңтүстіктің құрғақ ауасына да шамасы келгенше шыдап бағады. Топырақты көп талғамайды, тіпті құмда да өсе алады. Тамыр атпалары арқылы жан-жағына жабыла өсіп кететіндіктен құлама жарларда, тас және темір жолдарда қазылған орлардың топырағын бекіте алады, құмдардың қозғалуына тосқауыл болады. Шырғанақты тоғайда басқа өсімдіктердің арасынан айыру қиын емес. Жас бұтақтары жылтыр болса кейін қызылқоңыр түске енді. Бұтағының ұшында ұзындығы 7 сантиметрге жететін тікені бар. Қандауыр тәріздес жіңішке жапырақтарының түбі қысқа сабақ арқылы сабаққа бекінеді. Үстіңгі жағы күңгірт жасыл да астыңғы жағы жылтыр және ақ түсті, гүлдері ұқсас. Аталық гүлдері қысқа масақ тәрізді гүл шоғырына біріккен аналық гүлдері қысқа гүлсабақтары арқылы бұтақтардың қолтығына шығады. Ұсақ гүлгін қызыл жемістерінің ішінде жұмыртқа тәрізді сопақша сырты жылтыр және сайлы, қоңыр түсті сүйектері бар. Апрель, май айларында гүлдеп, тамыз, қыркүйек айларында жеміс піседі. Көбіне өзен-көлдерінің, тау-өзендерінің жағасында, тауда жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың шекарасында өседі. Бұқ 30 жылдай тіршілік ететін өсімдік. 11-15 жылда жемісті көп бере бастайды. Одан әрі біртіндеп өнімі төмендейді. Шипалық мақсатта жемістерін қыркүйек, желтоқсан айларында жинайды. Тағам үшін жеміс пісіп, өзіне тән түсіне ие болған кезде жиналады, бұл кезде бұқтың құрамында витамин көп болады. Майын алу үшін кеш жинау керек. Жеміс жинаудың ең ыңғайлы мерзімі алғашқы аяз ұрған қыс кезі. Бұқ кезде ағашын қаққанда жемісі судырап жерге төгіледі. Түбі адам қолы жете алатын жерде болса жемісті қабықтан тоқылған корзинаға, тоқталып тұрған жерлерде берзентті, мата немесе синтетикалық жарғақты жайып, соған жинайды. Бұтақтар қағылған кезде олардың сынбауын қадағалау керек. Жемісті күн ашық кезде жинаған қолайлы. Себебі, күн сәулесінен жемістің қабығы аздап ериді де, жұлынғанда жеміс тісегімен бірге жұмсағының көбі ағашта қалады. Бұдан алынатын майдың біраз бөлігі кемиді. Жемісті таза шырынды немесе қатып тұрған күйінде бөлу керек. Жиналған жемісте піспегендері 1 зиянкестер бүлдіргендері, 1 минералдық қоспалар, 0,5 бұтақ немесе жапырақ қоспалары, 1 мыжылғанмен сөлі сақталғаны 35 проценттен аспау тиіс. Көп жатып қалған, піспеген, қарайып кеткен, құрттап кеткен, басқа исі бар, жентектеліп қалған жеміс пайдалануға жарамайды. Алыс жерге тасымалау үшін шырғанақ жемісі сыйымдылығы 150 метрлік ағаш күбіне салынады. Ол ыдыстардың және өте таза болуы қадағаланады. Ыдысқа жемісті мата дорбамен де тасымалдауға болады. Бір күн тимейтін жерге сақтау керек. Одан даярланған майдың күңгірт қызыл түсі және жағымды исі болады. Шырғанақ жемісінен Бийскідегі витамин заводы дәрі, улан-удэдегі, алкогольсіз сусындар заводы шырғанақ майын және басқа тағамдар жасайды. Шырғанақ өсіру шаруашылығы көп еңбекті қажет етеді. Десекте, Сібірдің бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Барнаулдағы қндірістік шаруашылығы шырғанақтың әр гектарына 961 сом пайда тауып келеді. Бұдан шығатын қорытынды Қазақстан жағдайында да осындай арнайы шырғанақ өсіретін шаруашылықтар ұйымдастыруға болады деген сөз. Оны алдымен Бейск қаласына тасымалдауға жақын және шырғанақтың жабайы тоғайлары бар Шығыс Қазақстан, Семей және Талдықорған облыстарында қолға алған ыңғайлы. Мұндай жағдайда шырғанақтың табиғи қорын көбейтуге мүмкіндік туар еді. Сондықтан да ауыл және орман шаруашылығы министрліктері мен мекемелер бұқ мәселеге тиісті мән беруі керек.
Герман құртқашашы деген түрінің шипалық мәні бар. Оның тамыр сабағынан «шегіргүл тамыр» деген атпен медицинада және парфмерияда қолданылатын зат алады. Тамыр сабағында крахмал көп, аздап фруктоза мен маннозаға ыдырайтын полисахарид табылды. Су құртқашашы деген түрінде емдік заттар бар. Кейбір түрлерінің жапырағы С витминіне бай. Кейбір түрлерінің жапырақтарынан жуан талшықтар алынады, оны сыпыртқы жасауға пайдаланады. Құртқашаштың жемістері антибиотик болып саналады. Тибет медицинасы құртқашаштың тамыр сабағын, гүлін, тұқымын дәрі ретінде пайдаланған. Гомиопат дәрігерлері «шегіргүл тамырын» қорын асты сілекей бездерін емдеуге пайдаланады. Құртқашаш жапырағы оқу процесінде де өте қолайлы метериал болып саналады. Жапырағын мектеп программасында оқылатын жапырақтыңжүйкеленуін анық байқауға болады. Бұдан көлденеңінен кесінді жасауда оңай. Ол микроскоп арқылы дара жарнақты өсімдіктердің жапырағының ішкі анатомиялық құрылысын зерттеуге өте ыңғайлы объект. Түрлері мен сорттарының ерекшеліктеріне байланысты құртқашаш мамыр-маусым айларында пісіп жетіледі. Бұларды көбіне тамыр сабақтарын бөліп көбейтуге ең ыңғайлы уақыт шілде – қыркүйек айлары. Бұл жұмысты жүргізген жағдайда жақсы өсіп кеткенмен бірінші жылы нашар гүлдейді. Тамырсабағын бөліп көбейту үшін бір түпті тамыр сабағымен қазып алады да, оны бөлшектеп кеседі. Кәрі бөлім кесіліп тасталады. Тамырсабақ ірілеу бөлшектенетін болса, ол тез өсіп көп гүл береді. Тамыр сабақты бөлу жұмысы жазда немесе күзде жүргізілсе, суды аз буландыру үшін жапырақтарының көпшілігін қырқып тастайды. Қажет болған жағдайда күрекпен қырқып лауға болады. Мұндай әдіспен бөлген кезде бір жағынан өсіп тұрған өсімдік сиретіліп, жасартылу жүрсе, екінші жағынан жаңа жерге отырғызуға көп көшет алынады. Бөлініп алынған өсімдік қорытылған жұмсақ топыраққа отырғызылып, әбден өсіп кеткенше суарылып тұрады. Осылай вегетативтік жолмен көбейткенде өсімдікте сорттың немес түрдің генетикалық белгілері толық сақталады. Құртқашашты тұқымы арқылы көбейту тек жаңа сорт шығару мақсатында ғана жүргізіледі. Себебі, тұқым сол сорттың генетикалық белгілерін ұрпақтарына береді. Көп түрлер мен сорттардың тұқымдары өну үшін алдымен бірақ уақыт мұздаудан өту керек. Сондықтан тұқымды қыстың алдында топыраққа немес қардың астында қалатын беті ашық ағаш жәшікке себеді. Одан келесі жылы көктемде өсіп шығады. Ол өскінділер күні бұрын даярланған мөлдектерге көшіріледі. Жақсы күтім болса ол келесі жылы гүлдейді. Бірінші жылғы гүлдері әдетте нашар болады, сондықтан өсімдіктерді сұрыптау жұмысын екінші жылы гүлденгенде жүргізу керек. Жаңа сорт шығаруды тұқымды өздігінен тозаңдағанжақсы сорттардан немесе осы мақсатта арнайы қолдан тозаңдырған сорттар мен түрлерден жинайды. Мұндай жағдайда сұрыпталып алынған жаңа формалардың саны артады. Мысалы, америкада жыл сайын 2,5 млн. Будан көшеттер өсіріліп, олардың 0,2 проценті ғана жаңа сорт ретінде сұрыпталып алынып, 99,8 проценті тасталады екен. Бұл жұмыста сорт жасалып жатқан жерде өсімдіктің жаңа қасиетінің қалыптасуы сол жердің ауа-райының жағдайына мәжбүр болады. Сондықтан әуесқойлар айтылған жағдайды ескеруі тиіс. Құртқашаш топырақта талмағанмен органикалық және минералдық тыңайтқыштар берген қолайлы. Мұндай жерде ол жақсы өсіп көп гүл береді. Ерте көктемде құрқашаш түптерінің айналасына қызған қи төгіп, жаздың аяғында сұйық тыңайтқыш құйса жақсы нәтиже береді. Қи болмаған жағдайда 2-3 рет минаралдық тыңайтқыш беріледі. Ерте көктемде азот, калий жазда минералдық тыңайтқыштың толық қоспасымен тыңайтылады. Әсіресе ыстық оңтүстік аудандарда құртқашаш жақсы өсу үшін жеткілікті етіп суғарып тұру керек. Алайда судың аса көптігінен де ыстыққа қарағанда тез өліп қалатындығын ескерген жөн. Құртқашаш өзінің әсемдік сапасын 3-5 жыл бойы жақсы сақтайды, бұдан соң түп аралықтары сиретіліп отырылмаса сапасы төмендей бастайды. Сондықтан құртқашашты сиретіп, жасарту жұмысын жүргізіп тұруды да ұмытпау керек. Бізде бірнеше жабайы түрлерді будандастыру арқылы «буданды құртқашаш» деген атпен шыққан толып жатқан сорттар мен формалар бар. Будандастыру үшін бұған дейін негізінен ашық түсті ірі гүлді түрлері пайдаланып келеді. Құртқашаштың көптеген будандық сорттары негізінен ақшыл құрқашашты шұбар құртқашашпен, аласа сорттары аласа құрқашашты жатаған құртқашашпен будандастыру арқылы шыққан. Осы жолмен будандастыру арқылы шыққан құртқашаштың сорттары мен формалары өте көп, оны санау мүмкін емес. Осының өзі құрқашаштың адамға қанша құрметті екендігінің дәлелі болса керек.
Дермене жусан күрделігүлдер тұқымдасының ішіндегі жусан туысының ішіндегі биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық жартылай бұталы өкілі. Бұтақшалары қызғылт түсті, жалаң әрі жылтыр, жоғары қарай тік өсетін болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сабақ жапырақтары ақшыл-жасыл түсті, тамырға жақын сабағы қоңыр жасыл. Гүлдері де уақ, себебі басына бірнеше себеттер құрып өсетін екі үйлі болып келеді.
Алатау бәйшешегі (шафран Алатауский). Бұл жазық жерлерде, тау жайылымдарында, бйік таулардың етектерінде өсетін түрі. Негізінен Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарында кездеседі. Биіктігі 10-15 сантиметрдей ғана шағын өсімдік. Домалақ түйнекпияздарының яыртындағы қабықтарында параллель орналасқан талшықтары бар. Сабақтары өте нашар дамыған. Бір сабақтан көбіне жалғыз гүл шығады, қолайлы жағдай туса кейде бірнеше гүл де жетілуі мүмкін. Гүлқоршауы қоңырау тәрізді бөлімі жоғары қарай кеңи келіп алты тілімді күлте алақандарын жасайды, кейде гүл тілімдері алтыдан көп те болуы мүмкін. Гүл қоңырауының ішкі жағы ақ, түп жағы сары, сыртқы беті қара қошқыл, ақшыл көк, қоңыр сары түсті. Табиғатта ақшыл күлгін және ақ түсті түтігінің ішкі жағы ақшыл сары түбі ақгүлдер де болуы мүмкін. Гүлдің осындай алуан түсіне сары түсті аталықтары мен аналық жақсы үйлеседі, оған қайталанбас рең береді. Бұл түр Алматы ботаника бағында 15 жылдан өсіріледі. Олар баққа түйнекпияздары арқылы орын тепкен. Қолдан өсіргенде әжептеуір толғампаз екендігін байқатты. Алатау бәйшешегін гүлдеп бітіп, тұқымы жетіліп келе жатқанда ғана орын ауыстырып отырғызуға болады. Мұндай жағдайда көп тұқым алуға болады. Егер түйнек пиязын гүлдеп тұрғанда көшіріп отырғызса түгелдей өліп қалады. Далада гүлдеп біткен өсімдікті табу үшін, оны алдын-ала гүлдеп тұрған кезде белгілеп қою керек. Бұл өте ерте гүлдейді. Күнгей беттерде қар жаңадан кетіп, теріскей беттерде әлі қар жатқан кезде гүлдеуі басталады. Қыс жылы болса январь айының басында да гүлдей береді. Бұл Қазақстандағы алғашқы көктем гүлі. Кейде бәйшешектің гүлдеу мерзімін анықтау қиын. Себебі азғантай жылылық түсіп, топырақ жыли бастаса январь-февраль айларында гүлдейді. Ал қыс созылып кетсе күннің жылуын күтіп жата береді. Күн жылыса гүлдеуге әрқашан да дайын, басқа өсімдіктер сияқты мерзімнің дәл келуін күтіп тұрмайды.


Таусағыз құпиясы. Атақты саяхатшы Колумб Оңтүстік Американы ашқанға дейін европалықтар каучугті білмейтін еді. Колумб серіктерімен жаңа жерге табан тіреп, жергілікті халықпен байланыса бастаған кезде, олардың бәрі домалақ, өзі жеңіл, жерге құрса қайта серпілетін затпен айналысатынын байқап таң тамаша болған еді. Бұл кәдімгі резина доп болатын. Мұндай допты жергілікті халық бұрыннан білетін болып шықты. Тіпті ондай доптар Мексикада қазбадан да табылды. Бірақ, ол кезде Колумб серіктерін ойыншықтан гөрі тағам, асыл тас, қазба байлықтар көп қызықтыратын. Сондықтан олар доптың арғы сырына үңілмей біраз уақыттан кейін ол ойыншық жөнінде ұмытып та кетті. 1735 жылы француз ғылым академиясы оңтүстік Америкаға экваторлық белдеудегі мридиан доғасын өлшеу үшін арнайы экспедиция аттандырды. Экпедиция мүшелерінің құрамында Шарль де Кондамин деген жас геодезист болады. Ол экспедициямен бірге қайтпай қалып қойып, өзінің тікелей мамандығы геодезиялық жұмыспен бірге Оңтүстік америка флорасын да зерттей жүреді. Ол жергілікті үнділер «ағаш көзінің жасы» деп атап кеткен солді де табады. Бұл экскаватордағы састилоя өсімдігінен алынатын каучуг еді. Алайда Кондамин бұл өсімдіктің систематикалық тегін аша алмады. Бұдан кейін 1775 жылы Обле ғалым «Каучуг Амазонкадағы хевея өсімдігінен табылды» деп қате түсінік жазып жібереді. Кейін ғана бұл өсімдіктің туыс аты састилоя екені дәлелденді. Сөйтіп нағыз каучуг беретін өсімдік састилояға жабсырылған жалған ат осы кезге дейін көп еңбектерде сақталып қалды. Бұл каучугтың алғаш тапқан Кондамин де қатерліктер арасынан шырмалып шыға алмады. Алайда Кондамин Эквадорда үнділердің ағаш қабығына тілік жасап, одан аққан сүт шырындарының күнге шыққанда қарайып кететінін алғаш көрген европалық болды. Үндістер ол шырынды қақтап каучуг жентегін жасайтын. Шарль де Кондамин тағы да мынадай жағдайларды байқады. Үндістер әлгі качуктен ерекше галош жасайтын. Алайда, ол галош қазіргідей өлшеніп пішілмейді, оны аяқтың өзі өлшеп алады. Жұқа каучукті олар аяғына созып киеді, бұдан кейін ол қайтадан тартылып, қалпына келмеген күйінше қала береді. Бір кемшілігі ондай галош ыстық кезде аяққа жабысып қалады. Үндістер әлгі каучуктен бөтелке, пипетка сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Ол үшін үндістер алдымен топырақтан қалып жасайды да, оған дымқыл каучукті жағады. Ол кепкен соң қалыпты тастаса бұйым даяр болады. Бұл көргендерінің бәрін Кондамин Парижға қайтып оралғанда француз ғылым академисына баяндайды. Бұл каучукт жөніндегі алғашқы хабар болатын. Алайда жас ғылымның сөзі ескерусіз қала береді. Тек фотосинтез ғылымының негізін салушылардың бірі, химик Кристлин Кондамин әкелген каучуктің бір түрін қарындашпен жазған жазуларды өшіруге пайдаланады. Сөйтіп алғашқы рет осы кезге дейін пайдаланып жүрген өшіргіш ашылады. 1819 жылы пайдақұмар Макинтож деген фабриканы су өткізбейтін тас көмір өңдегеннен кейін шыққан сұйық қалдыққа каучукты ерітіп матаның сыртына жағады. Ол кепкен соң су өткізбейтін болып шығады. Мұндай матадан ол фабрикасында су өткізбейтін жол плащтарын жасап шығарады. Ол кезде жауыны көп англияға пәуескемен саяхат жасайтын адамдар үшін бұл толтырылмайтын сырт киім еді. Макинтож баюдың жолын осылай табады. Сол кезден бастап «макинтож» деген сырт киімінің аты шығады. Бұған қарамастан XIX ғасырдың аяғында әлгі жолмен жасалған киімінің көптеген кемшілігі бар еді. Ол аязда қаудырап түсіп қалса, ыстықта денеге жабысады, жағымсыз иісі бар және онша мықты емес. 1852 жылы химик Гудаир күкіртке салып өңдеу арқылы әлгі кемшіліктерді жою әдісін тапты. Өз жаңалығын ол «вулканизация» әдісі деп атады. Оның мәні мынада. Каучук қоспасын күкірт ұнтағына араластырып қайнатады немесе каучукті еріген күкіртке малып алады. Бұдан кейін каучук көп заттарда еріметін, ыстықта жабысып және тартылмайтын қасиетке ие болады. Бұдан кейін кептірілген каучук емес өсімдіктен алынған сөлді бірден сапалы каучук алуға қол жетті. Ол кезде Бразилияда хевея немесе састолия ағашының тұқымын сыртқа шығаруға тыйым салатын заң бар болатын.Бұған қарамастан 1876 жылы Генри Уикхем Бразилиядағы Топожос өзенінің жағасынан каучук ағашының 70 мың тұқымын Кью ботаника бағына әкеп өсірді. Оның 2800 тұқымы ғана өсіп шығып, қалғаны өліп қалады. Ол өскінділердің көп бөлігін Цейлондағы Переденик ботаника бағына апарып отырғызады. Осы өскіндерден Цейлонда каучуктің өндірістік плантациясы өркенделеді. Цейлоннан каучук ағашын өсіру Малакк түбегіне және Индонезияға өтеді. Ол кезде каучук ағызып алудың бірнеше әдісі бар болатын. Жергілікті Үндістерден үйренгені бойынша бразилиялықтар ағаштың жоғарғы жағынан бастап бір бүйірінен көлденен тілік жасайды. Сөйтіп ағаштың түбіне дейін жетеді. Одан каучук сөлін ағызып алған соң ағаштың басқа бүйірінен тілік жасайды. Аққан сөл құмнан жасалған құмыраларға төгіледі. Оның бәрін үлкен аузы ашық ыдысқа құяды. Сол жердің өзінде түтінді көп шығаратын заттардан от жағып, ағаш таяқты сұйық сөлге малып отқа айналдыра қақтайды. Ол кепкенде тағы да малып алып, таяқ басындағы каучук жентегі 50 килограммға жеткенше қақтай береді. Каучук ағызудын тағы бір әдісі мынадай. Ағаштың жоғарғы жағынан бастап төмен қарай балтаға ұқсаған кішкене аспаппен көлденені 2см. етіп қабығын сыдырып, ағаштың түбіне дейін сай жасайды. Енді оған жан жағынан қиғаштап, бірнеше сай жасап әкеп қосады. Жанама сайлардан аққан сол орталық сай арқылы төмендегі ыдысқа құйылады. Адам баласы автомобиль жасап, оған резина дөңгелектің қажеттілігі артуына байланысты каучуктің бағасы да күшейе түсті. Күнделікті өмірге пайдаланумен бірге, каучук стратегиялық материалға айналды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі Россияда каучук өндірісі үшін шикізатты сырттан қымбат бағаға сатып алатын. Россияда бірінші резина фабрикасы 1832 жылдан бастап жұмыс істеді. Ол резина галоштарын, тағы басқа бұйымдар жасап оны шетелге сататы. Алайда шикізат өзінікі болмағандықтан Россия бұдан көп пайда түсіре алмайтын. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін резинаға қажеттілік бұрынғыдан да арта түсті. Синтетикалық каучук жасап шығаруды С.П.Лебедьев тапқаннан кейін ғана бұл проблема шешіле бастады. Синтетикалық каучук шықпас бұрын кеңес ғалымдары табиғи каучукты өзімізде өсетін өсімдіктер арасынан іздей бастаған еді. Бұл зерттеулер качук тек қана тропикалық және субтропикалық белдеудегі ағаш немесе бұта тектес өсімдіктерде емес, бізде өсетін шөптесін өсімдіктерде де болатындығын дәлелдеді. Ондай өсімдік күрделі гүлділер тұқымдасына жататын таусығыз «козлец». Бұл өсімдікті 1929 жылы Қаратаудың жергілікті шаруасы М.Дюрбенов алғаш рет табады. Одан соң 1930 жылы ботаниктер С.Ю.Липищ пен Г.Г.Босс сипаттама жасап оны жаңа түр ретінде жариялайды. Таусағыз Орта Азия мен Қазақстанның ыстығына төзімді және көп жыл жасай алатын жартылай бұта. П.М.Жуковский [50] бұл өсімдіктің жүз жылға дейін жасайтын түптерінің кездесетіндігін жазады. Көп жыл жасауын жер астындағы өте мықты, жуан (8-9 см), кіндік тамыры қамтамасыз етеді. Бұл тамырдың жанама бұтақтарынан тамыр атпалары шығады. Ол топырақтардың ортасында аздап иректелген, гүл шығаратын сабақтар болады. Сабақтардан жыл сайын бірден себет (корзина) тәрізді гүлшоғырлары жетіледі. Олар жеміс бергеннен кейін кеуіп қалады. Сары түсті жеке гүлдерінің күлтелерінің арасында күңгірт қызыл жүйелері бар. Айқас тозанданады, жаппай гүлдеуі тұқымнан өскеннен кейін 3-4 жылдары басталады. Жемісте өте ұзақ тұқымдары болады. Таусағыз дүниежүзіндегі құрамында каучугі көп өсімдік. Тамырындағы каучуктің мөлшері абсалюттік құрғақ салмағының 4-40 прцентін қамтиды, жапырағы мен сабағында 0,5-1,5 процент каучук бар. Тамырының орташа салмағы 100-150 гр-ға жетеді. Каучугінің сапасы атақты хевея ағашының каучугінің сапасынанда кем түспейді. Каучук жасауына байланысты таусағыз тамырының анатомиялық ішкі құрылысының ерекшеліктері бар. Тамырыныда каучук сөлін жинайтын сүт жолдары болады. Олар соңғы жасаушы ткань-кобмбиден жасалады. Сүт жолдары тамырда шоғырланып (концентрлі) орналасады, сәулеленіп (радиальды) орналасуы өте аз.


Таусағызда комбийдің бөлінуі арқылы іске асатын соңғы қалындауының болуы көптеген сосуд – талшық шоқтарының жасалуын қамьамасыз етеді. Олардың тін (сыртқы) және сүрек (ішкі) бөлімінің арасына шеңберлік комбий орналасып, бөліп жатады. Комбийдің флоэма мен ксиеманың арасында орналасқан бөлімін шоқ комбий (пучковой), екі шоқтың арасындағы бөлігін шекаралық (межпучковой) комбий дейді. Шекаралық комбийден инсулин және каучук жасалады. Сабақ шеңберінің сыртынан ішіне қарай радильда бағытта созылып жатқан паренхимиялық клеикалардан құралатын сәулелер жасалады. Комбийден сабақтың сыртына қарай жасалатын сүт жолындағы каучук ұйып қалады да біртіндеп қабықтың құрамына еніп кетеді. Сондықтан пайдалануға жарамайды. Тамырдағы каучук мөлшері өсімдік есейген сайын көбейіп отырады. Мысалы, бір жылдық өсімдіктің тамырында каучук мөлшері 6-7 процент, екі жылдықта 8-10, үш жылдықта 12-13, ал көп жылдық тамырда 35-40 процентке жетеді. Таусағыз таулыадалық жерлерде өсетін эндемдік түр. Қарату мен Тлалас Алатауларының тасты қорымды жерлерінде кездеседі. Аздап Помирде, Алайда өсетіндігі жөнінде деректер бар. Таусағыз 1930 жылдан бастап резина өндірісіне пайдаланыла бастады. Ол жылдары бүкілодақтық «каучуконос» бас басқармасы Қазақстанға каучукті іздеп, оның қорын анықтау мақсатында біренеше экспедициялар ұйымдастырды. Бұл экспедиялық зерттеулер Сырдария Қаратауының батыс, орталық және шығыс бөліктерін және Талас алатауының солтүстік беткейлерін қамтыды. Осы кездерден бастап таусағыз шикізаты жинала бастады. Әсіресе соғыс жылдары таусағыз шамадан тыс көп жиналды. Отанның басына төнген бұл қауіп таусағыздың болашағын ойлауға мүмкіндік бермеді. Негізгі мақсат неміс босқыншыларын жеңуге жұмсалғаны мәлім. Осы сұрапыл кезеңде қазақстандық таусағыздық босқыншыларды жеңуде орасан көп үлесінің болғанын ешкім теріске шығара алмайды. Бұл жылдары соғыстың кесірінен таусағыз қоры Қазақстанда күрт азайып кетті. Осыдан келіп бұл бағалы өсімдікті қолдан өсіру қажеттігі туа бастады. Бұл жұмысты кеңес ботаниктері М.В.Культиасов (1938), П.М.Барановский (1948-1951-1956) жақсы атқарып шықты. Бұлардың зерттеулері таусағыздың Орта Азия мен Заковказьенің оңтүстігінде қолдан жақсы өсетіндігін дәлелдеді. Оның плантациясының әр гектарынан екінші жылы 25 центнер тамыр алуға болады, бұл бір гектар жердегі таусағыздан құрамында 15 процент каучук бар 400 кг. таусағыз жиналады деген сөз бар. Қазіргі кезде синтетикалық каучуктің шығуына байланысты таусағыз Қазақстанда өндірістік мақсатта жиналмайды. Алайда жоғарыда айтылғандай пайдаланудың әсерінен таусағыз қоры азайып кеткендіктен одақтық «Қызыл кітапқа» енді. Ұлы Отан соғыс жылдарында одан алынған каучук әскери техникалық дөңгелектерін жасауды қамтамасыз етті. Басқаны айтпағанда осы қасиетінің өзі таусағызды құрметтеуге тұрарлық. Тіпті таусағызды Отан соғысынан қалған тірі экспонант ретінде сақтаса болашақ ұрпақ рахметін айтады. Сондақтан бұл тамаша өсімдіктің өскен жерлерін заканникке айналдырып, қорғауға алу керек. Ботаникалық бақтарға, парктерге, Отан соғысына қатысқандардың және батырлардың ескерткіштерінің айналасына өсіріп, туристерге, мектеп оқушыларына, жастарға таусағыздың Отан соғысы кезінде атқарған ролін айтып беретін болса, жастарды патриоттыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет