Мазмұны Кіріспе I рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы


II Рухани құндылықтардың ұлттық негіздері



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі30,1 Kb.
#131685
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-75262

II Рухани құндылықтардың ұлттық негіздері

2.1 Қазақтың дәстүрлі рухани құндылықтарының өлшемдері



Кез келген ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, дүниені бейнелеу тәсілі, ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтар жүйесі, яғни өзіндік санасы бар. Ол сол ұлттың мәдениетінің, философиясының негізін құрайды. Ұлттың санаыснда, сол ұлттың рухани ішкі ерекшелігі, тыныс тіршілігі, сезімі, дүниетанымы, адамдардың өзара қатынасы, құндылықтарды түсіну мен қабылдау формасы өрнектеледі. Ал, сол ұлттың санасындағы рухани құндылықтар не нәрсеге байланысты қалыптасатынын қарастырайық. Әрине, ол туған географиялық ортаға, сондай-ақ, материалдық , әлеуметтік-саяси, идеологиялық жағдайларға сәйкес және сонымен тығыз байланыста қалыптасады. Осы факторларға сәйкес адамның рухани дүниесі, ойлау жүйесі, рухани құндылықтар жүйесі, мінез-құлқы, қайрат-жігері, әдет-ғұрпы, ойын-сауығы т.б. өзіне ғана тән қасиеттері тұрақталады. Солар арқылы бір ұлт бір ұлттан ерекшеленеді. Сол ерекшеліктер арқылы қоғамның рухани байлығы артады. «Көшпелілердің ұлттық санасы басқа отырықшы елдерге қарағанда кейбір ерекшеліктері болғаны рас. Ол ерекшеліктер біріншіден ұдайы мал бағып, соның соңында көшіп, қонып жүруі. Ол үшін көбінесе ен дала, жазық жайлаулардың, тіпті шөлді жерлердің қажеттілігі еді. Екіншіден, көшпелі хапықтың бүкіл өмір сүру тәсілі, әдет-ғұрпының сол көшпелі тұрмысқа бейімделуі, көшпелі мал өсіруші елдің бүкіл тұрмысы, тұрған үйі, киген киімі, ішкен тамағы, әрине бұл жағдайда рухани құндылықтар жүйесі де осыған ыңғайланады. Үшіншіден көшпелілердің бір жерге шоғырланбай, мал бағу жағдайына сәйкес ауыл-ауыл болып, бірінен алшақ тұруы. Осыдан кейін, отырықшы ел уәкілі, айталық қала тұрғыны, далалы жерге барып, өзімен өзі болуды аңсайтын болса, көшпелі ел адамдары басқа адамдармен кездесуді, сөйлесуді аңсайды» (39).
Жалпы айтқанда ұлттық сана мен рухани құндылықтар арасында байланыстың бар екенін және қоғамның әр дәуірінде бұл байланыстар әртүрлі сипат алып отыратынын айту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет