309
қаһарман алғы күннен үміт күтіп, неден болса да тайсалмауға уәде береді.
“Оң ба, сол ма, жүрер жолым белгісіз” деп ӛзі айтқандай, ақын таңдау жолды
тап басып айқындамаса да, үміттің алдамасына сенім білдіріп, тұғырға
қонған бүркіттей қиырға кӛз салады. Аласапыран кезіндегі ой еркіндігі, сӛз
еркіндігі ақынға қанат бітіргендей. Ақынның “талапты ерге нұржауар”
тілекті ӛзіне-ӛзі тілеуі, осыны меңзесе керек. “Ӛзім”, “Мен” – ақын
еркіндігінің – символы.
Бернияз Күлеев – алғашқы ӛлеңдерінен-ақ бастап ӛзінің рухани жан-
дүниесіне терең үңіліп, жүрек түкпіріндегі құпия сырын ашып, ӛзіндік
болмысын тануға ұмтылған сыршыл да ӛршіл ақын. Ӛршілдік сарын
Б.Күлеев лирикасының ерекше сипаты. Ақынның дүниетанымы, адам,
табиғат, қоғам, ӛмірге қатысты ой-толғамдары поэзиядағы оның осы
ерекшелігін танытатын тәрізді. Ӛйткені Б.Күлеев саяси-азаматтық тақырыпта
жазылған ӛлеңдерінде кӛтерілген мәселені, айтылар ойды кӛңіл-күймен, сол
сәттегі сезіммен астастырып отырады.
Бернияз Күлеев ӛлеңді негізінен 1913-1914 жылдары жаза бастағанмен,
шығармашылығының ең бір жемісті кезеңі – 1918-1922 жылдар аралығы.
Ақынның ӛндіріп жазған осы бес жылдық шығармашылық жолының
алғашқысы 40-қа жуық ӛлең жазған 1918 жыл. Кӛңіл-күй сырларын шертетін
“Аңқыған гүлдің исінен”, “Кӛңіліме”, “Қиял сӛзі”, “Қайтер едің?”, “Жас
жүрегіме”, “Жастық күнім” ӛлеңдерін ақын 1918-жылы жазған. Бұларда
Бернияз лирикалық қаһарманның сыршыл-сезім күйін кӛркем бейнелеуге
ұмтылады. Ақынның адамның нәзік сезімін жеткізуде қаламы ұшқырлана
түскенін аңғару қиын емес. Ӛлеңдерінде ой мен сезім тоғысынан бейнелі
сурет жасап, шеберліктің қыр-сырын жете меңгере бастаған сыршыл ақын,
кӛркем образдарға жан бітірер шынайы суреткер ретінде қалыптасқанын
танытады.
Б.Күлеев шығармашылығы үшін жемісті болған 1919 жылы жиырмаға
тарта ӛлең жазады. Лирикалық кейіпкердің кӛңіл-күй сезімдерін білдіретін
”Жүрегің жанып”, “Жырла да зарла кӛңілім”, “Неге” ӛлеңдері ақын
лирикасындағы сыршыл, күйшіл сарындардың кӛбейе түскенін байқатады.
Бұл жыл – ақын жырларының сапалық тұрғыдан жетіле түскен жылы. Оның
ерекше тоқталуға тұратын ӛлеңінің бірі – “Жырла да зарла кӛңілім”.
Достарыңызбен бөлісу: