245
Кӛңілін кӛтеруге құл халықтың, –
деп, ӛмірлік мұратын білдіреді.
А.Байтұрсынов ӛлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың ӛзіне дейінгі
ақындардан ӛзгелеу бір астарлы сыры бар. Ақын ӛнер, білімді “таза күйінде”
уағыздап қоймайды. Ол оны халықтың санасын оятып, ӛзгенің езгісіндегі
тұрмысының себеп-салдарына кӛз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы
сәулесі деп санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой
нысанасы болып кӛрінбесе, Ахмет ӛлеңдерінде ол негізгі тақырып, ӛлеңге
ӛзек болар ойдың “темірқазығы” іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының
тағдырына күйзеліп, озық кеткен ӛзге халықтармен иық тірестіруді, “тіл
ұстартып, ӛнер шашпақтан” іздесе, Ахмет оны бостандық үшін күреспен
байланыстырады. Оның ӛзіне дейінгі саңлақ ақындардан бір қадам ілгері
басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен құдіреті де осында.
Ахаңның “Досыма хат”, “Жиған-терген”, “Анама хат”, “Жауға түскен жан
сӛзі”, “Жауап хаттан” т.б. ӛлеңдерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой
аңғарында жатыр.
1923 жылы А.Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойына арналған
мақаласында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов: “…Ахаңның майданға
алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері
бәріміздің есімізде… Ахаңның бұрынғы айтқан сӛзін қазақ даласы әлі
ұмытқан жоқ. Ӛлеңдегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ
даласының күшті санасы болып, арқаның қоңыр желімен бірге есіп, шалқып
жатыр” деп, оның поэзиясындағы азатшылдық идеяны ту кӛтерген ӛлең
жолдарының тот баспас асылдығын танытқан еді.
“Маса” жинағына енген ӛлеңдерден, әсіресе, кейінгі басылымдарына
енген ӛлеңдерінен тӛңкерісшіл рух, 1905-1907 жылдардағы саяси толқулар
мен рухани сілкіністерден қанаттанған тасқын күштің серпілісі ұшқын
шашады. Ақын ӛлеңдеріндегі тӛңкерісшілдік сарын ӛлең жолдарындағы ішкі
тегеурінде ширыққан шымыр ойлар арқылы білінеді:
Достарыңызбен бөлісу: