Мазмҧны кіріспе


Әріп Тәңірбергенов (1856-1924)



Pdf көрінісі
бет52/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Аягӛз ӛңірінде туып-ӛскен. Ӛз тұсындағы 
алуан  қырлы  әлеуметтік  оқиғаларға  араласып,  сан  түрлі  қызмет  атқарған. 
Мұсылманша  да,  орысша  да  білім  алған.  Ӛз  кезіндегі  ӛрелі  жанның  бірі 
ретінде  бағаланып,  кӛп  тілді  игерген  (орыс,  түрік,  араб,  фарсы,  қытай). 
Шығыстың классикалық әдебиетінен де, орыс әдебиетінен де нәр алып ӛсуіне 
байланысты  шығармашылығында  осы  әдебиеттер  әсері  алмасып  кӛрініс 
тауып  отырады.  Ӛлеңдерінде  ӛз  дәуірінң  ӛзекті  мәселелерін  кӛтере  білген. 
Бірақ  жалпы  шығармашы-лығында  қарама-қайшылықтар  кездесіп  қалатын 
кездері бар. Бірқатар ӛлеңдері поэзиялық тұрғыдан жатық, ұйқасы келісімді, 
ой  ағыны  айқын  болып  келеді.  Кейбір  ӛлеңдері  табан  астында  суырып 
салмалылықпен  шығарылғандықтан  да  мағынасы  жағынан  шашыраңқы 
шығып жатады. 


142 
 
Әріп  шығыс  әдебиеті  үлгісінде  қиссаларда  жазған  (“Зияда-Шамұрат”). 
Абай  мен  Әріп  арасында  ұстаздық,  шәкірттік  қарым-қатынастар  болған. 
Жалпы шығармашылығын тақырыбына, кӛтерген мәселелеріне орай шартты 
түрде  тӛрт  салаға  бӛлуге  болады:  Сатиралық  ӛлеңдері,  ағартушылыққа 
үндеген  ӛлеңдері,  адам  баласына  тән  сезім  күйлерін  жырлауы,  ӛмір  жайлы 
ӛсиет-ӛнеге сӛздері. 
Ақын  отаршылдық  саясат  зардаптарын  тұспалдай  айтып,  ел  басқарған 
әкімдер  мен  надан  байлардың  елге  істеген  қиянатын  ашық  сынға  алған 
(“Найман  Секікбай  қожаға”,  “Тұрғали  болысқа”,  “Тәуірбек  болысқа”, 
“Қабділдә  биге  айтқаны”  т.б.).  Бұл  ӛлеңдерінде  сатиралық  сипат  басымдау 
жатады және тапқыр әжуа, сықақ, әзілге де толы болып келеді. 
Әріп біраз ӛлеңдерінде еңбекті ардақтап, ғылым-білімнің пайдасы жӛнінде 
ой  толғайды  (“Еңбек  туралы”,  “Замандасқа”,  “Ғылым  туралы”, 
“Шәкірттеріме”,  “Шұғбанға”,  “Орыстың  муссанифы  Пушкин  дана”, 
“Халқыма”,  “Ғанидің  тірлігі”  т.б.).  Достық,  махаббат  жайлы  ӛлеңдері  де 
(“Сараға”  т.б.)  кездеседі.  Ақынның  ӛнеге-ӛсиетті  негіз  еткен  дидактикалық 
сарындағы  ӛлеңдері  де  бар  (“Ақыл”,  “Дүние  туралы”,  “Ӛлім  туралы”, 
“Нәпсіге”,  “Иман  туралы”  т.б.).  Бұл  топтағы  ӛлеңдерінде  Әріп  тақырып 
ретінде  алынған  мәселелер  туралы  ӛзіндік  кӛзқарасын  танытады.  Онда діни 
тұжырымдар басымдау шығып жатады. 
Әріптің “Біржан мен Сара айтысына” қатысы бар. Кейбір зерттеушілер осы 
айтысты  шығарған немесе әдеби ӛңдеген Әріп деген пікірді ұстанады. Оған 
дәлел  ретінде  Қазандағы  баспаға  1898  жылы  Зайсаннан  жіберілген 
қолжазбаны  айтады.  Қанша  дегенменде  Сара  мен  Әріп  арасындағы 
адамгершілік,  достық  қатынастар  болғандығы  рас.  Бірақ  айтысқа  Әріптің 
қатысы  туралы  пікір-талас  әлі  бір  жақты  шешіле  қойған  жоқ.  Әріп  Кеңес 
тұсында да бірді-екілі ӛлеңдер жазған. Бірақ шығармашылықпен толыққанды 
күйде айналыспаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет