154
тәртібінен” бір түскен емес. Бұл сұрақ қазақтың ұлы ақындары Абай мен
Шәкәрімді де ӛмірді сӛзбен ӛрнектеген суреткер ретінде толғандырмай
қоймасы хаһ. “Адам деген даңқым бар, Адам қылмас халқым” бар күңі-
ренген Абай ұйықтаған ойды түртпек ниетпен адамның адам болып қалуын
кӛздеп, талай даналықты алға жайып салды. Ұлы ақынның адам болып қалу
үшін ұсынған бес қағидасын:
Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс кӛнсеңіз.
Шәкәрім “Талап пен ақыл” ӛлеңінде сегізге жеткізеді:
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық тӛмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Ӛлген артық дүниені былғаған.
Шәкәрім ӛлеңді, ақындық ӛнерді “даналық бесігі”, “ақылдың кені”
санайды. Арманы “қазақты ӛрге сүйреп ӛлу” болған ақын ӛрге сүйреудің ең
озық құралы – ӛлең, оның “ар түзейтін” ұлы қасиеті деп біледі. Ал сол ӛлеңді
жаратушыны, яғни ақынды туған халқымен тұтасып кеткен ұлы тұлға
таниды.
Шәкәрім Абайдағы ӛнер-ғылымға үндеудің арнасын отаршылдықтың
езгісіндегі ұлтының бостандығы жолындағы күреске бұруға ұмтылып, ол
жолдағы
ел
мен
ер
бірлігінің
атқарар
міндетін
айқындауды
шығармашылығының негізгі ӛзегіне айналдырады. Жаңа ізденістерге бет
бұрады. Осы бетбұрыстан кейінгі ӛз шығармаларына азаттық ойды арқау
еткен Ахмет, Міржақыптарға ой салған алғашқы идеялардың кӛрінісі бой
кӛрсетеді. Әрине, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармалары тікелей
азатшылдық күресті меңземегенмен, осы ойдың ӛміршең болуына, ӛзінен
кейінгілердің шығармашылығынан мол орын алуына септігі аз болған жоқ.
Азаттық ойдың, ұлт-азаттық идеяның орнығуына үлкен әсер етті. “Қош” атты
ӛлеңінде:
Мен қайғы жедім ғой,
Қапы ӛтті дедім ғой.
Қазағым, қам ойлан,
155
Сен де адам едің ғой, –
дейді Шәкәрім. Бұдан біз ел-жұрт қамын ойлаған тұлғаның халқына
қайырылуын кӛреміз. Мұнда үмітсіздіктен гӛрі сенім басым. Туған халқының
бойындағы ұлы күштің бұлқынысына сенеді ақын, сол сеніміне үмітті серік
етеді. Тұлғаның толығарына, елінің оянарына ақын үлкен сеніммен қарайды.
Шәкәрімнің азаматтық лирикаларындағы бір арна – ӛскен орта – қазақ
қоғамы. Шәкәрім ӛзі ӛмір сүрген дәуірдің кертартпа кесір-кесапатын кӛре
білді. Оның қаншалықты зиянды екенін сезіне де білді. Ӛз ортасынан озып
туған тұлға ретінде әлгі кесапаттан құтылудың емін іздеді. Сол ой ақын
жанын жегідей жеп, жүрегінің тереңінен шыққан кемел ойларын
шығармашылық толғанысқа айналдырды. Ақын жүрегін, ең алдымен, ел
пысықтары, залым билеушілер, атқа мінерлер шошындырды. Оларға тән
мінез-құлық ақынға ӛте таныс болатын. Сондықтан да ақын “Партия қуған
ӛңкей қырт” ӛлеңінде оларды:
Достарыңызбен бөлісу: