Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет77/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   144
Кесені қолыма алып қарай бердім, 
Ішінде нақақ кӛзден жас бар ма деп,… 
 
Ақынның  осы  түйінінде  айтар  ойдың  бар  жиынтығы  жинақталған.  Кӛз 
алдымызда  ақын  салған  керемет  сурет,  бейнелі  образ  мәңгілік  ӛшпестей 
қалып қояды. Күміс кесе түбінде езілген ұлттың мӛлдіреген кӛз жасы тұнып 
қалғандай. 
“С.Торайғыров ӛз туындыларында, ӛмірдің із түспеген тұнық ӛлкелеріне 
шүйігеді,  бұрын  қазақ  тарихында  ешкімнің  санасында  тербелмеген  соны  да 
ірі  мәселелерді  кӛтереді,  оларды  жанды  образға  бӛлеп,  оқушы  миллиондар 
қызығарлық, елігерлік, жаңа әлемнің жан тебірентер жайлы да тамашалығын 
жанымен  сезініп,  ләззат  табарлық  кӛркемдікте  суреттейді”
47
,  –  дейді 
зерттеуші-ғалым  Т.Нұртазин.  Сұлтанмахмұттың  сыршылдығы  мен  ақындық 
суреткерлігі  оның  табиғат  лирикасынан,  табиғатты  әсем  жырлауынан 
танылады. Оның бұл саладағы жырлары жалаң табиғат кӛрінісінен тұрмайды, 
сол кездің қоғамдық жағдайымен үнемі астасып жатады. 
 
Елжіреп қардың кӛңілі ӛкпек желге, 
Жер жібіп және тойып аққан селге. 
Күн сайын күн күркіреп, кӛк дүркіреп, 
“Қош!” – дейді қыстай сасып жатқан елге, – 
 
деп басталатын “Кӛшу” атты 1914 жылы жазылған ӛлең – қазақ поэзиясының 
озық үлгілерінің бірі. Қазақ халқы үшін ең бір қуанышты да қызықты мезгіл 
жайлауға  кӛшу  сәті  суреттелетін  бұл  туынды  –  Сұлтанмахмұттың  шабытты 
шағында  туған  сәтті  дүние!  Суреткер  кӛктемнің  күні  күлімдеген,  кӛгі 
кӛтерілген,  әсем  шағын  туған  табиғаттың  сүйікті  перзенті  ретінде  сүйсіне 
жырлай отырып, болмысқа терең бойлай да біледі. 
Ӛмірдің  сыртқы  сұлулығын,  жалдыр-жұлдыр  жылтырақ  кӛріністерін 
суреттей бермей, оның қайшылықтарын да дәл аңғарады. 
 
Қоймасын тастай салды кӛңмен жауып, 
Жүк жеңіл болуының емін тауып. 
Бел жіп, үзік, ашамай салқам-салқам, 
Су құяр арбасына ауық-ауық. 
 
                                                 
47
 Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы, 1968. – 152 б.  


193 
 
Қыстағы мал тезегі қора сасық, 
Қалпында тазартылмай қалды сасып. 
Ілдебаймен “кӛш жүре түзелер” деп, 
Қорадағы кӛшті қазақ жабырласып. 
 
Сұлтанмахмұт  осыларды  нағыз  халық  ақыны  кӛзімен  кӛріп,  халық 
жүрегімен сезініп суреттейді. 
Суреткер “Кӛшуде” ел ӛміріндегі кӛктемгі ӛзгерістерді ауылдағы таптық 
жіктеушілікпен  байланыстырады.  Бұл  туралы  академик  Серік  Қирабаев 
“Бұның  бәрі  де  Сұлтанмахмұттың  шығармашылық  жолында  дәуірдің 
әлеуметтік  жағдайларын  суреттеуді  бірінші  орынға  қойғандығын  танытады. 
Ол нені жырласа да әңгімені заман мен оның адамына, оған әсер етіп жатқан 
жағдайларға бұрады”,
48
 – деп түйеді. 
Ал “Жапырақтар” деген ӛлеңіндегі ой мен суреттің айқындығы оқушыны 
ерекше сүйсіндіреді. 
 
Кӛңілдің қосып әніне, 
Мәз болып жапырақ сәніне. 
Тұр еді жаным балбырап, 
Жылы жел тиіп тәніме, 
Кӛзіме түсті қу жапырақ 
Ойладым мұның мәні не? 
 
Кӛгеріп гүлі ашылмай, 
Сарғайған түсі басылмай. 
Тұрған жалғыз сорлыны 
Кӛк жапырақтар жасырмай. 
Сарғайса да бұл сорлы 
Ӛзгеге тұр бас ұрмай. 
 
Бұл  ӛлеңде  ӛмірдің  түрлі  шағының  шындығы  астарлы  берілген.  Мұны 
жазғанда ақынның кӛз алдына түрлі ӛмір белестері елестеп, кӛңілін мың сан 
құбылтқанына  кәміл  сенеміз.  Жас  есейеді,  кәрі  ӛледі,  ескінің  орнын  жаңа 
басады.  Бұл  –  ӛмір  заңы.  Кешегі  бүгінге  жетсе,  бүгінгі  ертеңге  жетеді. 
Ертеңгі  дүниеге  тағы  да  жаңаша  келеді,  кӛгере  келеді.  Әркім  ӛзіне 
мӛлшерлене берілген ӛмірді ӛкінбестей етіп ӛткізуге тиіс. Артында ӛкінішін 
басар  іс  қалса  одан  артық  не  бар.  Сұлтанмахмұт  осы  ӛлеңінде  “кӛп  кӛк 
жапырақ  ішіндегі  жалғыз  сарғайған  жапырақ  арқылы”  ӛзінің  бір  сәттегі 
кӛңіл-күйін әсем бейнелеп береді. 
                                                 
48
 Қирабаев С. Ақын тағдыры⁄⁄ Торайғыров Сұлтанмахмұт. Екі томдық шығармалар жинағы . Т.1.-Алматы, 1933.- 8 б. 


194 
 
“Кеш”  ӛлеңінде  Күн  мен  түн  аралығындағы  уақыт  тұрғысынан  алғанда 
ӛте  қысқа  сәттің  ӛзіндік  құбылысын  кӛркем  суреттейді.  Түн  қараңғылығын 
жол  таба  алмай  қорқақтаған  лирикалық  кейіпкердің  жеке  сезімімен 
ұштастырады. “Қараңғылықтың” символдық мәні бар. Ол  - қорқыныш, Ол - 
қауіп, Ол - қасірет. Одан жол тауып шығу оңай емес. Ақын ӛлеңіндегі түйін 
осы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет