259
оқырманды ілезде ұйытар уытты сӛзге айналып, кӛңіл түкпіріне құйылып
түсіп жатады. Жинақтағы ӛлеңдері бір-бірімен сабақтаса келіп, бӛлінбес
біртұтас жұмыр дүниеге айналып сала береді. Бұл оның ӛлеңдеріндегі
тақырып аясының бірлігін танытса керекті.
Кезінде Міржақып творчествосына қатысты ол ұлтшыл-байшыл болды,
ұлт мәселесін кӛтере отыра, буржуазияның сойылын соқты, әлеуметтік
теңсіздікті кӛре білмеді деген пікірлер кӛп айтылды. ХХ ғасыр басындағы
ағартушы-демократтар бұл мәселені мейлінше мол жырлағаны мәлім. Ӛзіндік
бағыт-бағдары, ұстанған әдеби қағидасы болғанмен, сол тұстағы әлеуметтік
мәселелерден Міржақыптай ақынның тыс қалуы мүмкін емес еді. ХХ ғасыр
басындағы ақындар әлеуметтік теңсіздікті кӛрсетудің басты шарты ретінде
әйел теңсіздігін алғанын жоққа шығара алмаспыз. Қазақ ақын-
жазушыларынан кезінде бұл мәселеге соқпай кеткені кемде-кем.
ХХ ғасырдың басында ӛмір сүрген кӛзі ашық, кӛңілі сара ақын қазақ
қыздарының басындағы бұл қайғы-қасіретке жаны егілмей тұра алар ма?!
Әйел теңсіздігі тақырыбына кӛлемді жанрдағы алғашқы қадам болып
табылатын “Бақытсыз Жамал” романын былай қойғанда, ақын “Оян, қазақта”
да бұл мәселеге қалам сілтемей қала алмады.
“Жесір даулары хақында” ӛлеңінде жесір дауы, қалың мал дәстүрі сынға
алынады. Ақын әдетке айналған ескі дәстүрдің бүгінгі уақыт талабына ілесе
алмайтынын ашық айтып, ескі салттың тамырына балта шабудың қажеттігін
ӛмір ӛзі кӛрсетіп отырғанын дәлелдей алды.
Қазақ әйелінің кӛрген қорлық-зорлығы, қазақ балаларын жастай
үйлендіретіні, кӛп қатын алу, әмеңгерлік сияқты мәселелерді Міржақып осы
ӛлеңінде тілге тиек етіп, бұларды қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктің
бір белгісі ретінде кӛрсетеді.
Адамның қызығады малына адам,
Адамдығын санайды тағы адам.
Баланың қор болуын ойламайды,
Қылады ӛз басының қамын адам.
Міржақып бірақ жалпы қазақ қанына сіңген құдандалыққа, елдің
сыйластығының белгісі ретіндегі “қалың малға” қарсы емес. Жастардың ӛз
еркімен үйленіп, екі жақты келісім болғанын қалайды:
Достарыңызбен бөлісу: