279
қалуға жарайтын сӛз – Мағжанның сӛзі. Одан басқамыздың бәрімізді
күмәнді, ӛте сенімсіз деп білемін”, – деген кӛрегенді ой айтады.
М.Әуезовтің 1929 жылы топшылаған бұл пікірі күні бүгін тура келіп
отырған жоқ па?! Ұлылардың ұлылығын айтқан сӛздерінен, ӛнегелі істерінен
танитын болсақ керек. Кезінде “социалистік реализм” сынының отына
қақталған Мағжан ақынның бүгінгі күні халқының жүрегіне сара жол табуы
данышпан Әуезов таныған ақындық құдірет күшінің әсері болса керек.
Әдетте, кӛркем сӛздің кереметі одан рухани азық алып, жандүниеңді
байытып, ӛмір құбылыстарына деген кӛзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған
ортаның қыр-сырын түсінуге кӛмектесетіндігінде болса керек. Мағжан
поэзиясы – міне осы айтылған жағдайларды терең сезінуге негіз боларлық
кӛркем дүние. Оның ақындық шабытынан туындаған кестелі ӛлең жолдарын
құныға оқи отырып ӛмір болмысына, адами қасиеттерге, сезім құпиясына,
айналаға, табиғатқа ақынша қарап, ақын жүрегімен ұғынуға ұмтыласың.
Ӛйткені оқырманның жан-дүниесі ақын түсінігімен ұштасып, жалғасын
таппаса, оның жыр әлеміндегі әуезді ұйқастармен ұштасқан тұнба тұнық
сырға, мұңлы күйге толы поэзиясын түсіну де, түйсіну де қиын-ақ. Мағжан –
сыршыл да ӛршіл маржан жырларының құдіреті арқылы ӛзінің бүкіл
болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. Мұның
бір дәлелі “елу жылда ел жаңа” деген түсінік тұрғысынан алғанда, жарты
ғасырдан кейін ұлтымен қайта қауышқан ақын жырларының кӛз кӛргендер
мен атын естігендер ғана емес, жас буынның да жүрегіне жол табуында деп
білеміз.
Ақын жырларының бұлай бірегей қабылдануының себебі ту баста
Мағжанның ақындық ӛнердің тура жолын тап басып, таңдап алуында жатса
керекті. Ақындық міндетті арына жүктеп, халыққа жеткізер ойдың ұшығын
анық та айқын кӛре білген Мағжан ӛз бағытынан еш айныған емес.
Құбылмалы ӛмір күйінен ӛз әуезін таба білген ақын қашанда тек ұлтының
керегін іздеп қайғысын жеңілдетуге, мұңы мен зарын жоқтауға, қуанышын
кӛркейтуге, жеңісін тойлауға, жаманын жасырмай, жақсысын асырмай
жырлауға берік бекінген. “Мақсаты тіл ұзартып, ӛнер шашпақ” болған ұлы
ұстазы Абайша бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі
болған.
Мағжанның алғаш жарық кӛрген ӛлеңінің ӛзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы
мақсаттары кӛзге шалынды. Мәселен “Айқап” журналының 1911 жылғы 2-
санында жарияланған “Жатыр” атты ӛлеңінің соңғы шумағында ақын былай
дейді:
Достарыңызбен бөлісу: