295
оның поэзиясы, мәңгі жас, ӛміршең ӛлеңдері. Мағжанның сыршыл
лирикаларынан бастау алған бұл сарын – яғни ӛмірді бейнешілдік арқылы
суреттеу, ӛмір мұң-зары туралы ой толғау оның “Қорқыт” поэмасында
жинақталып, ең шырқау биігіне кӛтерілген.
Мағжанның поэманы “Қорқыт” деп атауында үлкен мән-мағына, терең
сыр жатыр. Ақынның ӛз поэмасына арқау етіп, аңыздағы ажалмен алысқан
Қорқыт бейнесін алу себебі біріншіден, туған әдебиеттегі озық бейнелердің
болмысын жанымен түсініп, соны ӛзінше жырлауды мақсат тұтқан ойдан
туса, екіншіден, жалпы түрік елінің ӛткенінен ӛзінің тынымсыз ойына тиянақ
тауып, бабалар рухына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз кӛрінісі.
Мәңгілік ӛмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында аңыздық бейне
күйінде қалып қоймайды. Қазақ санасына ой мәйегі тұнып қалған дана
ойшылының, ӛнерлі рух ұстазына айналған күй атасының романтикалық
құлшыныстан туып, кӛркемдік шындықтан жаралған кӛркем образы
жасалады. Ақынның ол туралы:
Ӛткен күн ертегі ғой тамаша таң,
Ойласаң ӛткен күнді жұбанар жан.
Байқасаң адамзатта болған ба ақын,
Қорқыттай атасынан бата алған, –
деуі осыны танытса керек. Қорқыт – жанды бейне. Рухы күшті ұлық ұстаз
ажалмен күреске саналы түрде барады. Мағжан “Қорқытты” белгісіздігі
басым аңыздың ішінен шығып, ӛмірлік болмыстан туған ақиқатты тұлғаға
айналады. Ол ажалмен сенімсіз, тылсым күштер арқылы емес, ұлы ӛнер
күшінің құдіреті, күңіренген күйдің сазы арқылы кездеседі. Мұны ақын
Қорқыттың ішкі әлемімен астастыра бейнелеп, биік романтикалық рухтың
табиғатын ашып, нанымды суреттейді.
Мағжанды Қорқыт тақырыбы рух үндестігімен қызықтырған. Ӛйткені
Қорқыттың ажалмен күресі – ақынның бостандық сүйгіш, азатшыл рухымен
үндес. Мәңгілік ӛмір идеясы – мәңгілік еркіндік идеясының әу бастағы
шамшырағы іспетті. Қайда барса алдынан “кӛр” шыққан Қорқыт тәрізді
тәуелсіз ӛмірді аңсаған Мағжан әлемі де үнемі қайшылыққа ұрынудан кӛз
жазбайды. “Қолмен ұстап, кӛзбен кӛріп” сендім дегені сағымға айналып
шыға келсе амал бар ма?! Аз уақыт ішінде тәуелсіздікке қол жетті деп, екі рет
алданған шерлі жүрек қалайша күңіренбесін. Ақын жаны қалай алас
ұрмасын.
Достарыңызбен бөлісу: