296
Тәтті у еді, сол удан неге айныдым?
Дариға үміт ӛлмек, жүрек сӛнбек.
“Қорқыт” поэмасындағы автор ұсынған идея – мәңгілік күрес идеясы. Бұл
Мағжан поэзиясындағы азатшыл сарынның негізгі желі екендігінің тағы бір
дәлелі.
Мағжанның бір-біріне жалғас туған, алған тақырыбы да, айтар ойы да
ортақ екі поэмасы бар. Алғашқысы – “Оқ жетпестің қиясында”, соңғысы –
“Ертегі”. Алдыңғысы Кенесары жайлы болса, кейінгісі оның батыр ұлы
Сыздық туралы. Екеуі де азаттық атты ұлы идеяны арқау еткен, соған
бағытталған Мағжан мейлі аңыз араластырсын, не қиял қоссын соның бәрі
бір ғана нәрсені жырлаудың ұтымды тәсілі болып шығады. Ол – бостандыққа
ұмтылған халықтың күресшіл рухын ештеңе баса алмайтындығы, оның
ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып кете
беретіндігін меңзеген азатшыл идея. Соның бір куәсі – Әлихан, Ахаң,
Жақаңдармен тізе қосқан ақынның ӛзі. Олар – кешегі Кенесары, Сыздық
рухының ұшқыны. Олардың бұл ісінде Кенесары ұрпақтарының қатар жүруі
– алтын арқаудың үзілмесінің белгісі. “Оқ жетпестің қиясында” поэмасы
арынды шабытпен басталады:
Арқада Бурабайға жер жетпейді
Басқа жер ойды ондай тербетпейді,
Бурабай кӛліменен Кӛкшетауды
Кӛрмесең кӛкіректен шер кетпейді.
Қиясы мен бұлт құшқан Оқжетпестей,
Басқа тау ойды аспанға ӛрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді
Кӛкшеде күңіренген Кенен қайда?!
Дариға жүрегімді дерт ӛртейді.
Мағжан поэмаларының бір ерекшелігі ақын қай шығармасында болмасын
алғашқы түйдекті шумағынан жазар тақырыбының мәнін, айтар ойын
айқындап тастайды. Әрі бастау – әрі түйін. Алғашқы жолдардан-ақ оқырман
жүрегіне жол тауып, кӛкейіне ұялап, кӛңіл қылын шерте жӛнеледі.
Мағжан жаны Кенені неге іздейді?! Міне, бар түйін осында. Поэманың
жазылу мерзімі 20-22 жылдар. Сана серпіліп, рух кӛтеріліп, ел деп атқа
мінген күндер артқа қалған, жүрекке қайғы салған жылдар бұл. Сондықтан да
ӛткенге қайырылады, содан жанына тыншу табады. Ақын жаңа Кенесарыны
кӛре алмай, жалған арман, сӛнген үміт зарын жырлағандай әсерде болады.
Қиялы кӛк пен жердің арасын кезіп, ӛткен мен бүгін, бүгін мен ертеңнің
арасын айырып, жалғасын тауып, ой түбіне жетпек болған Мағжан мен “Оқ
жетпестің қиясындағы” Кенесары ойы үндес. Сондықтанда ол:
Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасақ,
297
Кенедей енді неге ер тумайды?!
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды, –
деп күңіренеді. Поэмадағы лирикалық сезіммен ұштастырылған асқақ
романтика осы күңіреністен нәр алады. Ӛйткені дәл Мағжандай ойы онға
бӛлініп, қалың күдіктен босар жол таба алмай санасы сансырап “ой теңізін
құлаштаған” Кенесарыны ұлы күреске жетелеген ата-баба “аруағы” емес пе?!
“Ата – пір, қасиетті қарт баба” – елдің сағы сынбас, мәңгілік ұлтпен жасар
ұлы рухы. Кенесарыны туғызған сол ұлы рухтағы сондай ұл берері ақиқат.
Мерт болсаң мақсұтыңа жетпей егер,
Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам.
Достарыңызбен бөлісу: