301
Хан Абылайдың жорыққа аттанар қолын тоқтатып тұрған Баянның орны
осылай айқындалады. Бұл – оқырманды дайындау шарты. Бұның артын
ширыққан шиеленісте күтіп тұрғаны кәміл. Осыған орай, авторлық баяндау
шегініс жасап себептің мәнін ашады.
Бір жорықтың нәтижесі, қолға түскен қалмақ қызының тағдыры, Баян інісі
Ноянның қызға ғашық болып қалып, уәделескен қызбен қалмақ еліне қашуы,
Батыр Баянның ашу үстінде екеуінде ӛлтіруі.
Мағжан шеберлігінің бір қыры тарихи шындықпен кӛркемдік шындықты
жымдастырып жіберуі. Ел аңызы мен ақын қиялы бірін-бірі толықтырар
бірлік тауып, шығарманың шыншылдығын бекіте түседі.
Баян – артына аңызда, тарихи деректе қалдырған тарихи тұлға. Ол туралы
деректің қайнар кӛзі – Шоқан жазбалары. Поэманың басталуы мен
аяқталуындағы оқиғалар ӛрісі осы Шоқан деректерінен желі тартады. Ал
батыр Баянның інісін ӛлтіруі ел аңызымен байланысты ӛріледі. Ол
аңыздардың бірі Баян қалмақ қызымен қашқан інісін ӛз қолымен ӛлтірді
дегенді растаса, екіншісі жоққа шығарады. Қалай дегенде де, Мағжан
алғашқысына тоқталған. Ӛйткені Баянның ел қорғаны батыр ретіндегі
бейнесін сомдауда, оның тұлғасын кӛркемдік тұрғыдан толықтыруда
аңыздық алғашқы желісі ұтымды. Сонымен бірге Отаншылдық атты ұлы
идеяны биікке кӛтеруде алғашқысы ойға дӛп.
Ноян бейнесі – шығармаға негіз болған ұлы идеяны ӛрлетудің алтын
арқауы. Тарихи шындығы күмәнді осы бейненің кӛркемдік шындығы ӛте
сенімді. Әңгіме Ноянның ӛмірде болған, болмағандығында емес, осы кӛркем
образ арқылы Мағжанның драмалық тартысты дамытып, Баян тұлғасын
даралауда оған ӛзгеше жүк артуында. Баянның психологиялық портреті, ішкі
мінездемесі осы Ноянға қатысы арқылы терең ашыла түседі.
Ақшамаңдай, толқыншаш қалмақ қызына Нояннан бұрын ғашық Баян
жауапсыз қалған сырлы сезімді ішке бүккенді. “Болмасын жас сұлудың
білгеннен соң//Ер Баян қарындас қып ерік берген” деген жолдар – осының
айғағы. Баянның да, ӛзінің де сорына орай “Сұм сұлуға” Ноянда ғашық
болады. Он бес жасар Ноянның хас сұлуға ес-түссіз ғашық болмауы тіпті
мүмкін емес. Мұны Мағжан сӛзбен кестелеген қыз келбетінің ӛзі-ақ
айқындап тұр:
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шақпақтай бет, тісі меруерт,
Сӛздері су сылдырлап құйылғандай
Бір улап кӛзқарасы, бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сӛнбей-жанбай.
Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.
302
“Бар ақылы білегінде” жүрген, ғашықтықтан естен танған жас Ноянның
кӛзсіз кӛбелектей сұлу қыздың “сиқыр” сӛзіне елітіп, елінен безіп соңынан
еруі, қай жағынан болсада нанымды. Шындықтан еш алыс емес. “Сұм
сұлудың” осы бейнесі Ноян түгіл Баянның жүрегіне шоқ түсіріп, ақылын
ашуға жеңдіртеді.
Баянның қашқындар хабарын естіген сәттегі сезім күйі былайша
сипатталады:
Достарыңызбен бөлісу: