Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет127/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,  
Жаралы жолбарыстай күңіренді. 
Қорғасын миын, ойын тӛмен басып, 
Ақылға алғыр құстай ашу тӛнді. 
Бір кӛк сұр түс енгізіп бар денеге
Сұм жүрек қанды ӛзіне жинай берді. 
Ақырда ашу ерді билеп кетіп
Жалп етіп сӛнген шамдай ақыл ӛлді. 
Ӛлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян
Боз үйден оқ жыландай шыға келді. 
 
Бұл  –  қызғаныш  пен  намыс,  ашу  мен  ақыл  шарпысқан  күйзеліс  сәті. 
Мұнда  намысты  қызғаныш,  ақылды  ашу  жеңгенінің  психологиялық  дәлелі 
басым.  Адамды  –  ханды  да  қараны,  батырды  да  бағыланды  долы  сезім 
билеген тұста ақылмен сабырға пұрсат жоқ. Ӛзгеге тұсау салған қорқау сезім 
жаннан  тәнді  айырып  ӛзіне  ғана  билетеді.  Қос  мұңлықты  қуып  жеткенге 
дейінгі  аралықта  Баян  батыр  осы  алапат  сезімнің  жетегіне  ереді.  Жетті… 
Бітті…  Іс  тынды…  Ашу  қысқан  Баян  бойын  қорқыныш  билеген  інінің 
еркелеген  ессіз  күлкісіне  де,  “кӛкелеген”  жалынышты  үніне  де  қарамайды, 
қыздың “ағалаған” ақтық тілегіне де тоқтамайды. “Ӛлген ақыл”, ӛшкен сана 
ештеңені  тыңдатпайды.  Ақылы  білегіне,  ашуы  садағына  кӛшкен,  екі  кӛзіне 
қан толған жүрегі жаралы батыр ажал оғын екі рет тартады. 
 
Екі жас аттарынан ұшып түсті, 
Түскенде бірін-бірі құшып түсті. 
 
Ашу  мен  ыза  уысына  қармалып,  “қызғаныштың  қызыл  итіне”  жем 
болғанын  кеш  түсінген  Баян  санасындағы  ӛкініш,  күйініш,  ӛлшеусіз  қайғы 
психологиялық  тереңдікпен  ашылады.  Жанарына  кінәсін  мойындап,  жүзіне 
еріксіз  күлкі  үйірген  “бӛбек  пішін”  Ноянның  “ерке  түсі”  тұнып  қалған, 
жүрегіне жан бауырдан айырылғанын кеш сезінген қасірет қаны ұйып қалған 
Баян  “Жолды  ӛзекті”  жаңғыртып  ӛзекті  ӛртеген  ӛкініштің  “гӛй-гӛйіне” 
басады.  
 
Күй жүрек! Кӛл бол жасым! Ӛртен ішім! 
Алдымда айнам жатыр бӛбек пішін. 
Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін, 


303 
 
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін. 
Сорлы ағаң атып жығып, ӛз інісін, 
Иіскейді енді зарлап аппақ тӛсін. 
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым! 
Қайтейін, арымадың, арда күшім! 
 
Жүрегінің тереңіне бойлап кеткен қайғының қара жері жас боп ағытылған 
жан  күйзелісінің  бір  сәтінде  ақын  қаһарманына  “Неге”  деген  қияпатсыз 
сұраққа жауап іздетеді. Сол арқылы кӛкіректегі қос сезім тайталасын қаралау 
мен  ақтаудан  тұратын  санадағы  қайшылық  тартысын  сұңғыла  суреткер 
тұңғиық терең сырға тұнған монологтың мың құбылма иірімі арқылы береді.  
Күңіреніп  жатқан  Баян  батырдың  санасында  кенет  жарық  етіп  жасын 
ойнап,  селт  етіп  серпіліс  келгендей.  Ағарып  атқан  таңмен  жарыса  ашу  мен 
ызаның қара бұлтынан арылған санадағы ой ағысы енді ӛзге арнаға лықсиды: 
 
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ… Әлде… Ӛлтірдімбе, 
Үнімді алты алаштың намысы үшін?! 
Арқамдай жер жүзімде жер бола ма? 
Айбыды алашымдай ел бола ма? 
Алашта ерте ӛткен екі арыстан: 
Ер Кӛкше, Ер Қосайдай ер бола ма? 
Солардың нәсілінен Сары, Баян, 
Барыстай ойын салған сар далада. 
Інісі Ер Баянның, жасық Ноян, 
Атадан озып туған дер бола ма? 
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны 
Алашқа бұдан ауыр шер бола ма?! 
 
Санадағы сан тарау тартыс шешімін тауып, намыс деген ұлы ұғымды алға 
шығарады.  Ӛзін-ӛзі  қаралаудан  ақтау  басым  келіп,  ар  алдындағы  арылу 
басталады. Сӛйтіп Мағжан психологизмі басқа қисынға бет бұрады. 
 
Ел беті енді маған болсын арам
Алашым, аттанамын, жауыңда ӛлем! 
 
Поэмадағы  Мағжан  түйген  идея  түйіні  осы.  Ұлт  намысы  –  сатқынға 
тартылған сұр жебе.  
Поэма  болмысында  ӛзгеше  орны  бар  қалмақ  сұлуы  –  Ақшамаңдай  – 
қосалқы  міндет  атқарса  да  айтар  ойға  желі  тартар,  кӛркемдік  шындықтың 
шымырлығы  үшін  қажет  бейне.  Тарихи  шындығы  кӛмескілеу,  болған 
болмаған  белгісіздеу  бұл  кейіпкерді  Мағжан  жүрегін  емген  арда  сезімнен 
жаратқан. Ӛзі сұлу, сӛзі сиқыр сайтан қыз Ноянды махабаттың шылбырына 
матап, сезімнің құлына айналдырады. 
Махаббат  отына  күйіп-жанған  екі  жас,  бірі  –  ессіз  сезімнен  естен  танып, 
отанын оттан ыстық махаббатқа айырбастайды, екіншісі – мӛлдір сезім, киелі 


304 
 
махаббатты  отанына  оралудың  қаруы  етеді.  Баяндағы  қызғаныш  уытының 
улы  шығуының  себебі  ол  ұлттың  намысына  суарылған.  Ноян  мен 
Ақшамаңдайдағы  ортақ  сезім,  екі  ұдай  жан  құбылысы  Баянның  қаһарына 
кезіктіреді.  Жұбын  тапқан  қос  ынтық  жер-ұйықты  ӛзге  жұрттан  іздемесе, 
батыр Баян қос жүректің үмітін тажал оқпен үзерме еді, қос қозысын ажалға 
қияр ма еді?!… Әрине, жоқ! Сондықтан да поэмадағы шырқыраған шындық, 
мерейлі мақсат ұлттық намыс, Отаншылдық рухтан ӛріс тапқан. 
Ұлт  ұйытқысы  хан  Абылай  –  шығармада  тәуелсіздік  айбары.  Ол  – 
кемеңгерлігін  халқы  мойындаған,  айбынды  елге  арқалы  тұтқа  ұлы  тұлға. 
Жанама  мінездеулер  арқылы  жұрттың  оны  мойындауын,  мақтан  тұтуын, 
дәріптеуін  былай  қойғанда,  ер  шыдамас  тағдыр  талқысына  түскен  Баян 
батырдың  жан  дүниесі  алайдүлей  сәтте  оны  еске  алуы  –  Абылай  тұлғасын 
асқақтата түсудің бір тәсілі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет