Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет139/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

“Семсерім мен тұлпарым, 
Жанымда қанды қанжарым, 
Қан болған елім, мал-жаным 
Таңырқап тұрдым боп аң-таң. 
 
Оның сенері де, сүйенері де осылар. Туған елі мен жұртын, “Шалажансар 
ғып  салған”  жауына  да,  қасиетті  жері  мен  суына  да  батырлар  кӛзімен 
қарайды,  аңдаусызда  жау  шапқыншылыққа  ұшыраған  елін  батырлық 
жүрекпен  сүйеді.  Азат  ерін  құл  етпек  болған  жауына  қарсы  жорыққа 
аттанады. 
Ақынның  поэмасындағы  ӛткен  заман  жырларымен  біте  қайнасқан 
үндестік  ата-баба  ерлік  рухының  жалғастығының  куәсіндей.  Ақын  бүгінге 
                                                 
87
 Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың . –Алматы, 1969. – 291 б.  


326 
 
ӛткеннің  қайтпас  қайсарлығын  тілей  отыра,  оны  бүгінмен  жанастырады. 
Осыдан келіп ерлік туралы жыр ӛріледі. 
 
 
“Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған”, 
Жағаға елім сыймаған 
Ӛзен, кӛлі суалған. 
…“Балдырғаны білектей, 
Батпауығы жүректей”, 
Жоңышқасы жібектей. 
Ой-қырымды қан жуған, – 
 
деп атамекенін ақын жыраулар үлгісінде жырлайды. Бұл жырға ӛзгеше сипат 
береді. Ғасырлар үндестігі кӛзге ұрып тұрғандай, еш жаттығы жоқ.  
Жоғарғы тармақтар мен шумақтардың кіммен үндесіп жатқанына бір сәт 
назар аударайықшы. Құлаққа атойлаған Қазтуғанның, елім деп еңіреген 
Мұраттың үні келмей ме. Бұл солар суреттеген, сұлулығына тамсанған Еділ 
емес пе? 
Кейіпкерінің жауын суреттегенде де ақын жырдың суреттеу тәсілін қатаң 
ұстанады және ол орнын тапқан тәсіл болып шыққан. Мәселен ежелгі 
жырдың қайсысында да мол орын алатын бір тәсіл – жау әскерін сұсты етіп 
кӛрсету. Бұл батыр соғысар жаудың осал еместігін кӛрсетуге. Оны жеңіп 
шыққан батырдың айбынын асырып, ерлігіне ерекше сипат беру тәсілі. Ақын 
осы дәстүрді сақтай отыра поэманы жыр рухына мейлінше жақындастыра 
түседі. 
 
Ұзындығы ұшы жоқ, 
Кӛлденеңі кӛлдей боп, 
Айналасы жалын шоқ. 
Қатері жоқ қиырдан. 
Болаттан сауыт, сайманы, 
Кӛкпеңбек қылыш, найзалы, 
 
Алпыс екі айлалы, 
Жан-жаққа күзет қойылған. 
Шаңырағымды жағып күл қылып, 
Ерлерді байлап құл қылып, 
Аруды зорлап күң қылып 
Жатыр екен жандары. 
 
Ақын  кейіпкерінің  жауға  шапқан  кезінде,  сол  кездегі  кӛріністерді 
суреттегенде  де  жыр  үлгісін  ұстанады.  Ақын  сипаттауындағы  батырдың 
әрбір  қимылын-ақ  халық  аңсаған  ежелгі  ерлер  рухы,  олардың  халық 
санасында қатталып қалған қаһармандық тұлғасы елес беріп тұрады. 
 


327 
 
Жалғыздың жары “ӛзі” деп, 
Құйысқанды қысқарттым. 
Екі айылды берік тарттым, 
Қалыңға қарай жол тарттым, 
Қыруға шеттен бӛрі боп. 
 
Мен жазғызбын, дұшпан мың, 
Мен жараумын, дұшпан тың, 
Шаба алмасам маған сын.  
Ақырын келіп тиістім… 
 
Албастыдай еліріп, 
Жалмауыздай емініп… 
Күннің кӛзін басты шаң, 
Жердің жүзін басты қан… 
 
Жауына жалғыз шабу, аттанар алдында аллаға сиыну, жауына албастыдай 
еліріп,  жалмауыздай  емініп  тиісу,  осындай  айқастың  нәтижесінде  күннің 
кӛзін шаң, жердің жүзін қан басты деп кӛрсету – қазақ батырларының ерлігін 
жырлаудағы  ежелден  қалыптасқан  кӛркемдік  шарттар.  Ендеше  Бернияз  ұлт 
азаттығын,  оның  күрескерлерін  жырлаудың  қиын  кезеңінде  ӛзінің  іштен 
тынған  ойларын  ауыз  әдебиетінің  үлгісімен  пернелей  отырып  жеткізуге 
тырысқан. Және ол тұста әлі де болса бұл тәсіл халыққа ӛте жақын еді. Соны 
тәсілдерді игеру әлі қалыптаса қоймағанды. Ерлік жырлар елдің ұғымына сай 
болуы  тиіс  еді.  Сондықтанда  сол  тұстағы  ақындар  осы  әдісті  ұтымды  деп 
тапты.  Б.Күлеевте  –  солардың  бірі.  Бернияз  үшін  ертегінің  елесіндей 
батырдың сыртқы тұлғасы, қиялға негізделген қимыл-әрекеті емес, оның ұлы 
арманы, биік рухы қымбат еді. Ақын оқырманын лирикалық кейіпкердің ішкі 
болмысына  бойлатады.  Жаңа  ізденіске  ұмтылыс  әлі  алда  болатын.  Мағжан, 
Сәкен ізденістерінің жемісі Берниязға да тән еді, амал нешік. 
Ӛзін  ұлтының  ұланы  сезініп,  халық  атынан  сӛйлейтін  ақын,  яки,  оның 
лирикалық  кейіпкері  заманалар  соқпағының  сан  түрлі  қияпатынан  ӛткен 
елінің  тәуелсіздікке  қол  жеткізер  болашағына  сенеді.  Сондықтанда  ол 
ұлтының  рухымен  ұштасып  жатқан  лирикалық  кейіпкердің  қаһармандық 
қуатының белгісі мен бейнесін былай береді: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет