21
мойындайды: “Эта петиция носила программный общеказахский характер и
фактически закладывала политические основы алашского движения”
7
.
Жалпы петиция 11 тармақтан тұрса, онда қамтылған талап-тілектерді
үлкен үш топқа бӛлуге болады. 1) Оқу-ағартудың жолға қойылуы; 2)
Қазақтың ӛз жеріне ӛзінің меншігі деп табылуын талап ету; 3) Қазақ елін
басқару жӛніндегі “Далалық Ереженің" бүгінгі қазақ ӛміріне сай қайта
ӛзгеруін талап ету. Саяси сауаттылықпен жазылған бұл петиция патшалық
Россияның отаршылдық саясатының бар болмысын, әдіс-айласын, қат-қабат
қырларын мейлінше терең ашуға ұмтылған алғашқы айбынды үн еді. Ол
Россияның әкімшілік аппаратын шошындырмай тұра алмады.
Петицияда қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай
талаптар қойылды: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін
ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою,
ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер
ашу, қазақ халқының мән-мұқтажын талқылауға қажет құрал – цензурасыз
газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат беру, жаппай қоныстану
қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға ӛтуіне
байланысты қазақтар отырған жерді олардың заңды меншігі екенін
мойындау, мемлекеттік апаратта, сот орындарында іс-қағаздарын қазақ
тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою т.с.с. …
Кӛріп отырғанымыздай петицияда “қазақ баласының дертті” мәселесінің
бірі ретінде қазақ тілінде газет шығару мен баспа ісіне рұқсат беру талап
етілді.
“…қазақ халқының ағымдағы қажеттіліктерін айқындау үшін қазақ тілінде
газет шығару керек, ол үшін цензурасыз газет шығарудың және баспахана
ашудың ешкімнің келісімінсіз шешетін тәртібін орнату талап етіледі…”
деген сӛздер патша әкімшілігін шенеуіктеріне жаға қоймағаны бесенеден
белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: