«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет67/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
2430 — Ұқтым сенің сөздеріңді, — деді Елік, — 
Енді мына сауалға бер төрелік.
Бəрін біліп, бəрін билер ісіңнің,
Хажыб қандай болу керек, түсіндір!
Хажыбтарды билей алар қандай жан?
Бола ма жан қызмет үшін сарғайған!
Қуанса елі, өзі, бегі жəне де,
Халық тілі дұға қылса бəріне!
* * *
Айт! — деді хан, — тағы сырлы сөзді шаш —
Шамшырақтай сөздеріңмен көзді аш!
31. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ҰЛЫҒ ХАЖЫБТЫҚҚА ҚАНДАЙ ЕР 
КЕРЕК ЕКЕНІН АЙТАДЫ
2435 Айтты Өгдүлміш: — Қиын сұрақ бұл да аса!
О, құтты Елік, құтың тасып, мың жаса!
Ұлы Хажыб адал болсын, ақ болсын,
Дінге берік, ақиқатқа жақ болсын!
Тегі асыл боп, ізгі жаны ашылсын,
Күн мен айын елін ойлап батырсын.


 240
241
Тегі ізгіден ізгілікті ер туады,
Ізгі жанның жуар елді шуағы.
Ізгі жанды ер — ізгіліктің иесі,
Рахат та, байлық та оған тиесі.
(Бар ізгілік ізгілерден келеді,
Ішіп-жерің, киерің мен мінерің).
2440 Құлқы жақсы сөзіңді ұғар мүлтіксіз,
Сөз тыңдаған ердің іші кіршіксіз.
Көзі де тоқ, арлы, нəзік, ақылды,
Зерек болып, білсе білік асылды.
Қарамас ер параңа да, басқаңа,
Парақор бек күлкі болар, масқара.
Бітпек істен пара кесел табады,
Біткен істің берекесін алады.
(Пара əуелі құлқыныңды майлайды,
Содан кейін өн-бойыңды жайлайды.)
Ұяты бар, құлқы түзу ер болса,
Ісі ізгі, жан-мінезі кең болса.
2445 Ұяты бар, ессіз іске бармайды,
Жаманатсыз, кісіліктен танбайды.
Арлы ерге дəулет болар жұғымды,
Арлы ерге құт та қонар ғұмырлы.
Білімді жан ісінен еш жаңылмас,
Түйсігі бар мал үшін еш тарылмас.
Білікті ердің ойы өлмейді, сеніңіз,
Білген құлдың сөзі өлмейді, сеніңіз:
«Бектің ісін — білікті ер күйлі етер,
Білімсіздер күллі істі күйретер!
(Бектің ісін білікті істер сара бас,
Біліксіздер ештеңеге жарамас!)
2450 Білімсізді ақымаққа балағын,
Сырты — тірі, тіріөлік деп санағын!
Білімімен өрлеп адам ұланы,
Ісі өніп, жұрттан үстем тұрады!
Білікті орны — көк төрінде асыл ғой,
Білімсіз құр, сыр бояушы пақыр ғой!»
Ақыл — зерек ұстар істің құлағын,
Білім-зейін — кеудеңдегі шырағың.
Дүниенің бар қызығы ақылда,
Ақыл болса ардақталар атың да.
2455 Ақылсыз жан — ағашқа тең жеміссіз,
Кімге керек мəуесіз құр келіссіз.
Зейіндінің қос жалғанда алды ашық,
Даңқы шығар зейініне жалғасып.
Зейін-зердең — кісілігің, бастысы:
Кісілердің серкесі, елдің басшысы. 
Өңді болсын, сақал-мұрты басылған,
Ер дауысты, сөзі айқын жасыннан.
Сүйкімді өңі көрер көзді қандырса,
Кірсе-шықса, тек сүйініш қалдырса.
2460 Сақал, шашқа ұқыпты ер сымбатты,
Сымбатымен құрметті де қымбатты.
Дінді білсін. Дық түсірмей көңілге,
Көңілі ақтың — ісі де ақ өмірде.
Тақуа жан дін ісі үшін аянбас,
Тақуа жан ізгіліктен тая алмас.
Тақуа жан жейді жұрттың қайғысын,
Тақуалар елдің ізгі, сайлысы!
Хажыб дəйім назарында жұртының,
Сұлуы жөн ішінің де, сыртының.
2465 Көрікті өңді көріп, көңіл ашылар,
Көз қуанып, сезім тулап, тасынар.
Мұны меңзер дана сөзі тағы бар,
Есті сөзге ер көңілі жадырар:


 242
243
«Қандай жақсы көркем еді кісі өңі,
Екі көзің суын қанбай ішеді!
(Нұрлы жүзден көзің шоқтай жанады,
Сұлулықтың кəусарына қанады.)
Құтты көркін байқап көріп, түй ішке,
Ісің оңды болар, тілмен тиіспе!..»
Жүрегі мен ақылы сай жарасса,
Құлқы нұрлы болса, тіпті тамаша.
2470 Көңілі бар — кісі сөзін жұтпайды,
Көңілі жоқ — бас ұрсаң да ұқпайды.
Көңілі жоқ көзіне де ілмейді,
Ақылы жоқ істің жөнін білмейді.
Көңілсіздің жүрер ілбіп сүлдері,
Көңіл ауса, анық ісің гүлдері.
Ақылды боп, аяу жүрсе есінде — 
Көңілі аусын кедей, жетім-жесірге.
Зеректікпен заңды жақсы түсінсін,
Зейінімен қолға əлемді түсірсін.
2475 Аузын ашса ақ жүрегі көрінсе —
Майда тілден шырын шекер төгілсе.
Құрыстырмай, бұзбай кескін-кейібін,
Кісілікпен кең ұстаса пейілін.
Сыпайының сөзі əділ, дұрыс-хақ:
«Тіл, көңілді кішік ұста, ер қыпшақ!»* 
Көңілі пəк, кішіктерге құт үйір,
Жылы сөз бен жылы жүзге жұрт ұйыр.
Ықыласқа елтір, ерір халық та,
Құлдық ұрып, түсер тіпті тамұққа!»
2480 Сабыр келіп, өзін төзім жаныса,
Көзіне — ұят, тілге — тізгін дарыса.
Құлағы сақ, ақыл-білім кең болса,
Ісі — ізгі, тіл мен тіні тең болса.
Парасатпен өнер білсін, хат танып,
Күллі істі білігімен атқарып.
Өнерге ұста, түзіп білім нұсқасын,
Ұлығ Хажыб жүзін жарқын ұстасын.
Қызметтің ең нəзігі, тозағы,
Хажыбтықтың машақаты болады.
2485
Хажыб болса бəрі керек осының,
Ел бастауға біліп жөнін, жосығын.
Мұны меңзер шəйір сөзін аңғарғын,
Шəйір сөзі — көзі надан жандардың:
«Он нəрсе бар хажыбтыққа керекті,
Ақыл, ажар, тіл, бой, білік, зеректік.
Жіті жанар, сақ құлақ һəм кең пейіл,
Құлық-қылық осыларға тең келер!»
Бектің өзі қанша өмір сүреді —
Оң көзі боп Хажыб бірге жүреді.
2490 Заңды Хажыб бұлтартпаса басынан,
Ел алдынан құт қақпасы ашылар.
Мұны меңзеп келді сөзі дананың,
Көңіл беріп тыңдаған жан алады:
«Хажыбтық іс — ұлы істердің төресі,
Істесе — істер жеткен ақыл-өресі.
Хажыбсың ба, бек пе — істер ісің бір,
Үлкен келер, кіші келер — түсіндір!
Хатшы, ісші, қазынашы — қабылда,
Тоншы, етікші, асшы келер — тарылма!
2495 Жат елшісі келсін-кетсін — бағала,
Мұрсат беріп, сыйла, жат деп қарама.
Қонатын жай, ас-суын бер — жасқама,
Аш па, тоқ па — ескерусіз тастама.
Жол аузында жұртты бастап қарсы алғын,
Заң, дəстүрді бұзғызбауға жан салғын.


 244
245
Кедей, жетім, жесірлерді елегін,
Түгел тыңдап, жеткіз бекке дерегін.
Кісі келсе нақақ күйіп, сорлаған,
Халін біліп, салғын дұрыс жолға аман.
2500 Ішкі-сыртқы кемшілікті көргесін,
Тыйсын, аршып жөнін білсін, тергесін.
Бітпес іс көп күткен оның жарлығын,
Ұлы Хажыб қолы жөндер барлығын.»
Қай іске де жəрдем тиер Хажыбтан,
Іс бұзылса сөгіс естір халықтан.
Хажыб, хақан, сақ болмаса — сорлайды,
Кейде берік, тас болмаса — оңбайды.
Ең əуелі — бектің сөзін сақтасын,
Екіншіден — нəпсіні ақыл ақтасын.
(Нəпсісіне шідер болсын ақылы,
Туралығын білер болсын жақыны!)
2505 Үшіншіден — өзін бекем ұстасын,
Сөзі текке шықпасын да ұшпасын.
Арбаса да пара-жала алмасын,
Сырттағанды бегіменен жалғасын.
Екі мінді көрсең, Елік, жолатпа,
Іс тапсырып, ондайларға қол артпа:
Бірі — тілі үйір болса жалғанға,
Бірі — арамға, ұлықсыған паңдарға.
(Өсекшінің сөз тоқтамас тіліне,
Сұмға сенбес өліде де, тіріде).
Ал екеуі бір адамнан кездессе,
Болмас, Елік, атынан-ақ безбеске.
2510 Үш нəрсе бар, қызметші ес қылар,
Байқамаса, өзін-өзі жеп тынар:
Естігенді тіл шашпасын, бақыла,
Көзін жұмса, теңсіз* көрсе қапыда.
Үшіншісі — əділдіктен таймасын,
Сүйінішпен кешер күнін, айларын.
Сөзін алғын білікті бек, дананың,
Істе себі тиер білсең амалын:
«Басыңды ойла, бектің сөзін таратпа,
Кесір келсе, келер қарап қабаққа!
(Көп мылжыңнан — лағып басың қаңғырар,
Қаңғыған бас баққан жауға алдырар!)»
2515
Елге жайсаң, қара басың шабылар,
Тілді тиып, бақпаған тіс қағылар!
Талай көрдім лайықсызды, тиылған —
Сөзді жайып, қыл мойыннан қиылған.
Көп естідім: қу тіл сайрап, сүйдірген,
Сырын ашып талай ерді күйдірген.
Дана сөзі əр нəрсені аңдаған:
«Басын жұтар өзін ұстай алмаған!»
Хажыб құлқы басқаға оқтай тимесін,
Көрер көзін, айтар сөзін билесін!
2520 Уақсыз уақта бек алдына кірмесін,
Сұрамастан, текке сөйлеп жүрмесін.
Дана ойы жолыңды ашып дұрыстар,
Ақылды сөз астарында ырыс бар:
«Сəті түссе, жүздесіп қал бегіңмен,
Сөйлегін тек сауал болса берілген.
(Сəті түссе, жүздес бекпен көзбе-көз,
Сауал берсе, жауап қайтар сөзге-сөз.)
Бар нəрсенің мезгіл, сəті келеді,
Дер кезінде көздің өзі-ақ көреді!»
Болса осындай қасиеттер басында,
Бақыт жүрер ұлы Хажыб қасында.
* * *
2525 Міне, осылар, Елік, менің білгенім,
Баян еттім, ашып тілдің ілгегін.


 246
247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет