248
249
Бұл екеуі гүлдендірер сарайды,
Ұлықтықпен аттары алыс тарайды!
Ыдысшы, аспаз, төсекшісі — түгелдей
Шарапшыны бақсын дəйім, жібермей.
Құсшы, аңшы, садақшылар бабында,
Күнде əзір тұрса қақпа жанында.
Əуелі өзі қайтса үйіне тамаққа,
Қолдастарын ерте кетсе қонаққа!
2560
Ішсін-жесін, тойсын, — асын жимаса,
Құр қайтармай қолда бармен сыйласа.
Ат, тон-толым* қалса жетер: аржағын,
Тағы көрер, үлестірсін қалғанын.
Жат жерлікті кеткенше іске үйреніп,
Көріп, біліп, қосшы қоссын, үй беріп.
Іс бергенше, күтіп, сырттан қарасын,
Тағам, киім, ат-əбзелін, жарағын.
Біліп тұрса ерлерінің хал-жайын,
Аш па, тоқ па? Киім жайын арнайы.
2565 Қолы қысқа — соры қалың адамға,
Мұңын ұғып, қақын берсе табанда.
Біреу-міреу келмей жүрсе сарайға,
Сұрап-білсе жөнін оның қалайда.
Науқастанса, көңіл сұрап тұрған жөн,
Босып, қыңыр кеткен болса, тиған жөн.
Бұлар бекке бауырмалдық, білгендік,
Сүйінсін деп, қызметіне жүргендік.
Айтқан, тыңда, бектің ісін баққан ер,
Қызметімен бектен қадір тапқан ер:
2570 «Қызметші болсын бекке жанашыр,
Жанашырлық — іске жан сап қарасын!
Іскер, адал, жанашыр құл бір ғана,
Бек билігін биіктетер күн санап!
Мейірленіп бек пайдасын ойлайды,
Өз пайдасын еске де ала қоймайды.»
(Адал адам, арам ойға бармайды,
Бегі үшін қызыметтен талмайды.)
Азған шөптің, пайда тисе — құлымын,
Гүл арам ба, кесем тамыр-жұлынын.
Жетелі құл, артық ұлдан жетесіз!
Күйінесіз, көнесіз — не етесіз?!
2575 Жаны ашымас қандастан без алысқа,
Жəйіңді ұғар сен адал дос, танысқа.
(Алыс артық, жаудай қысқан жақыннан,
Құтың болса, ырыс кетер жатыңнан!
Берекесіз туыстан без, тозарсың,
Жаны таза досыңды сүй, озарсың!)
Тілің майда, сөзің шырын татысын,
Жүзің жарқын, жаның досқа ашысын.
Ащы сөзбен суық жүзің мұздатар,
Көңіл қалып ғұмыр бойы сыздатар.
(Қату қабақ жақыныңды жат қылар,
Кісі жанын түсінер ме баққұмар?!)
Мұны меңзер бəйітті оқып алыңыз,
Ащы сөзден тұшынады жаныңыз:
«Сөзбен сөгіп — ащы тілін тигізсе,
Сүйекке — дақ, көңілге өртін тигізсе.
2580 Таяқ — еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді!
(Таяқ табы тез бітеді, қарамас,
Тілмен сөксе, бітпес, уы тарамас!)»
Жауға аттанса — бектер қару асынып, —
Сейілге, аңға, елге аттанса асығып.
Хауіп-қатер болмай тұрмас абайла,
Бекке залал жасалмауын қарайла.
250
251
Қатер бекпен жорықта, аңда шалысар,
Ат үстінде, құс салғанда жабысар.
(Қиқу салып жау қуғанда килігер,
Киік қуып болдырғанда шүйлігер...)
Сенімсізді қусын алыс түгелдей,
Сезіктіні бақсын таса жібермей.
2585
Жаны жақын жігіттерің сенімді,
Жақын жортсын сақтап, қорғап бегіңді.
Əскербасы сақшы тізсін жолына,
Ұшқыр əскер тобы ерсін соңына.
Кіші ұлықтар арасына кірмесін,
Жырақ, шетте жортқан жақын жүрмесін.
Қалай тұрып, қалай жүрсе ел сарайда,
Жорықта, ұлық, сақта соны қалайда!
Қақпа ағасы — жанашыры ерінің,
Нақ осындай болу керек, Елігім!
2590
Бек нанын жеп, бектің ісін атқарар,
Міне, осындай ерлер керек қақпаға!
* * *
Айттым бəрін,
өзің ойлап қарарсың,
Ер таңдасаң, сөзімді ойға аларсың!
Достарыңызбен бөлісу: