258
259
Зұлым жауы қызыл тіл қара бастың,
Тілді тұтып, жан үшін жағаласқын!»
Болсын хатшы білімді, ойлы, жақсы,
Хатқа жүйрік, ізгірек, бəлиғатты*!
Сұлу жазу серпілтер, еліктірер,
Қуаныш көңіліңе келіп кірер.
2695 Сөз бен жазу жарасса табындырар,
Кереметтей хат тілі бағындырар!
Ыла ұлының сөздерінен аңғарғын,
Жазу бағы — өнер қуған жандардың.
«Күллі ізгі сөз жазбадан құрытылмас,
Жазылған сөз мəңгілік, ұмытылмас.
Жазбашылар жазбаса жазбаларын,
Білер ме едің, білімнің қазыналарын?!
Қалдырмаса, даналар қатқа жазып,
Кім айырар өткенді ақ, қара ғып?!
(Кім ұға алар көненің жұрнақтарын?!
Кім біле алар өткеннің қымбаттарын?)
2700
Болмаса егер жазуың мақұлдаған,
Кім сенеді құр сөзге тақылдаған?!
(Жазылған сөз тас болып қала берер,
Тіл мен жағың жаңылып, тана берер!)
Сəлем жолдар кісілер елден-елге,
Тіл қайтпекші? Хат жазып бермегенде!
(Қасиет бар жазуда өлтірмейтін,
Санасы жоқ, наданды келтірмейтін.)
Жазу — қымбат, сырыңның тас қамалы,
Бектер елді жазумен басқарады!»
Бек ісіне пайдалы, шарапатты,
Үш түрлі ер, ел басы, барақатты:
Бірі — дана ғалымдар, зейінділер,
Бірі — хатшы, білсін дер кейінгілер.
2705 Үшіншісі — ер жүрек батырларың,
Жау, бөріге салатын жасындарың.
Ойшыл, зерек даналар кеңеседі,
Сөйленеді ел мұңы, келешегі.
Хатшы хатқа ел ісін түсіреді,
Хатпен кіріс-шығысты түсінеді.
Қылыш алып батырлар жауға шабар,
Қырып, жаншып, бағынса — сауға салар.
Қосса басын, жүрегін бұл үш түрлі ер,
Мың тілекке жетер ел, үміттілер!
(Төтен келген жауың да шаба алмайды,
Тарихыңды жазылған ала алмайды.
Дəуірлейді елің де, бектерің де,
Хатың қалар келмеске кеткеніңде).
2710 Бұлардан тыс бар талай тобың елде,
Үшеуінің ботадай соңына ерген.
Ел алса бек қылышпен жасқары анық,
Ел басқарса қаламмен басқарады.
Білім, ақыл ел ішін түзетеді —
Бұл үшеумен ғаламды күзетеді.
Бек билігі біліммен басталады,
Күллі ісін ақылмен атқарады.
Қылышымен ел* түзіп, жұртты бағар,
Қаламымен ел түзеп, қазына салар.
2715 Бек қылыштан қан тамса — халқын алар,
Қара* тамса, қаламнан — алтын ағар.
Екі нəрсе тұғыр бұл дүниеге,
Өткен істің қамы, һəм бірі — келер.
Ұлық сипат екеуі ұққын, бегім,
Елші бектер, даналар тұтсын берік...
Бұл жөнінде бəйіт бар толғандырар,
Ордалы ойға ой қосып қорландырар:
260
261
«Білім білсе ер үшін ізгі сымбат,
Қылыш ұрса өнер ол тіпті қымбат!
(Білім білсе — шығарар елдің даңқын,
Қылыш ілсе — қорғайды елдің даңқын.)
2720 Жақсы елді қылышпен алар түзіп,
Елін түзеп қаламмен табар тілек...
(Қылышпен жауға жапа шеккізеді,
Қаламмен тілекке елді жеткізеді!)»
Бауырмал һəм көзі тоқ, сараңдықтан —
Алыс жүрсін, айнымай адамдықтан.
Көзі тоқ жан сұқтанып, тырбанбайды,
Мүлік алса басқалар, қызғанбайды.
Сараң құлы, малының табын-табын,
Ей, шырайлым, оны кеш, тарылмағын.
Қомағай бек құлы ғой қу құлқынның,
Қайтып ойлар құлқынын бұл жұртымның.
2725
Сұқ көз хатшы білімін аздырады,
Хатын бұзып, құлқынға жаздырады!
Алтын, күміс көргенде қызығады,
Бектің басын, не басын жұлғызады.
Елгезек жан іс қуып, табынады,
Қашан болсын есіктен табылады.
Бек ырзығы дегенде ес қалмайды,
Тəнін-жанын, малын да бекке арнайды.
Шарап ішпес, жаны пəк, таза болсын,
Жаман қылық, сұмдықтан ада болсын.
2730
Шарап ішсе,
хатшы азар білімінен,
Қате жазар қалған соң білігінен.
Хатшы жүргей күні-түн қастарында,
Іздеген сəт, табылсын қас-қағымда.
Екі жанды лайықты таңдап алғын,
Екі істі тапсырғын барлап алдын:
Бір — хатшы, қаламды аттай ағызған,
Бірі — елші, тілінен май тамызған.
Алыс-жақын, жат-жұрттың арасында,
Керіс шықса — сұрайсың, табасың да!..
2735 Ісің оңса — оңдырған осы екеуі, —
Ісің күйсе — тоздырған осы екеуі!
Бірі жазып, сөзінен жаңылғанда,
Бірі — оңдаса тілімен жақын маңда!
Хатшың сондай жан болсын, оны тапсаң,
Сеніп соған, ай, Елік, қолыңды артсаң!
Осындай жан керегі, болсаң сенер
Кісілікті тілесең, содан келер!
(Ондай жанға өмір бойы сенген жөн.
Адамдықтың шарттарына көнген жөн.)
* * *
Міне, Елік, білгенім, баяндадым,
Ісім бітті, сөзді үзіп аялдадым!
Достарыңызбен бөлісу: