«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет62/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Аңсап, тағат жоғалып,
Аласұрса көңіл хошы сол анық!
Көздің құрты — сүйікті өңді бір көру,
Көңіл құрты — жан зауқымен бірге өлу.
(Бір көрінсе сағынғаны — шынары,
Жайнар еді, шіркін, көздің шырағы.
Шықса алдынан аңсағаны — сыңары,
Сайрар еді-ау, шіркін, көңіл құмары.)
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Сұрады Елік: — Нышаны не сүюдің?
Махаббат деп өртенудің, күюдің?
1895 Сүйемін деп ант ішеді шетінен,
Бұл құштарлық мағыналы несімен?
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Сүйген көңіл көрінер —
Сүйгендігін білер қарап өңінен.
Көзің бірақ кейде алдана береді
Көңіл ғана кедергісіз сезеді.
Білгің келсе, сүйер иə сүймесін —
Ашып қара көңіліңнің күймесін.
Сүюде бар белгі, білмес еш пенде — 
Сайрап кетер көзің көзге түскенде.
1900 Шайыр сөзін мұны меңзеп жырлаған,
Ай, ербозы, еске түйіп, тыңдап ал:
«Ғашықтықты ғашықтардың өңі айтар,
Тілін ашса, қызыл тілдің өзі айтар.
(Кірпігі айтар дір-дір еткен жүректей,
Еріні айтар жанды өртеген тілектей.)
Білсем десең сүйер иə сүймесін,
Белгі берер көзің көзге тигесін.
(Батылың барып, көзді көзге қадасаң —
Сүйгендігін күйіп-жанған жан ашар!
Қара көздер өртке күйіп шарпысар,
Сыр беріп ап, қайран жүрек тартысар!)» 
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Елік айтты: — Бұл сөзің де қонымды,
Бір бұйымтай. Берсең енді сонымды.
Енді сенен, керекті сөз сұрайын,
Жете ойланып, сөзіңді айтқын лайық.
Өгдүлміштің Елікке жауабы
1905 Айтты Өгдүлміш: — О, халықтың Елігі,
Бектің атын шығарады білігі.
Бектің өзі — болар білім ордасы,
Құл сөзі құр, біліксіз тіл толғасы...
Сұрау — оңай, қиын боп тұр — жауабы,
Бек білігі болғай жауап сауабы*.
Маған — қиын. Елік алды оңайын.
Қыстама енді. Бек, садағаң болайын.


 202
203
(Керекті сөз айту үшін, о бегім,
Хан білімі керек екен, білерім...
Маған — ауыр, Елік тілі — ұстара,
Құдіреттім, сұрақ қойып, қыстама!)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет