«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет63/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке жауабы
«Сұраушының, — деді Елік, — күйі мұңлық,
Білмегенін құл сұрап, ұрар құлдық!
1910 Олай болса, мұныма — сүйінген жөн,
Мен сұраған сөзге — сөз үйірген жөн.
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Ей, ізгі бек, тірегім,
Сөйлегеннен, тыңдау абзал, білемін.
Сөз сөйлеуші жанын қинап тынады,
Тыңдаған жан сергіп, семіріп шығады.
Деген екен сынап көрген көрікті ер,
«Тіліңді тый, ақылыңа ерік бер!»
Көп тыңдаған дана болар көп біліп,
Көп сөйлеген басын берер көпіріп!
1915 Есті сөзден — ғибраттанар құлағың,
Көп мылжыңнан лайланар ой-бұлағың.
(Естігеннен қанар құлақ құрышы,
Көпірме сөз пайда бермес, дұрысы.)
Көңіліңдегі айтылмаған сөз — алтын,
Бақыр болар, шықса — нарқын жоғалтып.
(Көрікті ой, біле білсең, ұққанға,
Тоз-тоз болар отыз тістен шыққанда!)
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Дұрыс айттың. Жоқ сөзіңде, сенде — мін!
Мықтап тақтың құттың қамар белбеуін.
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — О, құтты Елік, ақылды!
Құрмет тұтам өзім құлдық затымды.
Бек жолында құлы жанын салады,
Ақылы жетсе, бек көңілін табады.
1920 Білгенімді, тыңда, айтайын мен енді,
Кешіргін тек, қате кетсем егер де!
28. БЕКТІККЕ ЛАЙЫҚ БЕК ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕКТІГІ 
АЙТЫЛАДЫ
Елік айтты: — Көңіліңді бұрайын,
Енді мына сауалымды сұрайын:
Жаратты адам баласын да бір Алла,
Есті-ессіз, ұлық-кішік — бар онда.
Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,
Бай-кедей бар, надан, аңқау, бар залым.
Бəрін соның алаламай бөлектеп,
Басқаратын қандай болу керек Бек?
1925 Жетілсе елі, байып бектің бағына,
Даңқы тарап, өссе халық саны да!
Қазына толып күміс, жібек, лағылға,
Қырғын тоқтап, жауы иіліп табынса.
Əскер толып, тұрса күші дігірлеп,
Тұрмыс, заңды тураласа іліммен,
Бектің аты бар жаһанға тараса,
Күн-күн сайын өссе құты тамаша.
Ұзақ жасап, шат-шадыман ғұмырдан,
Рахат көрсе үзілгенше шыбын жан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет