«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет70/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
— 
Сөзіңді ұқтым, бəрі дұрыс, — деді Елік,
Жауабын айт. Тағы сауал беремін.
2670 Сен не айтасың, сөзіңнен нəр терейін,
Нəрлі сөздің ақы-пұлын төлейін.
Шежіреші-хатшы қандай болады?
Ол жұмысқа қайтсем көңіл толады?!
34. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ШЕЖІРЕШІ-ХАТШЫЛЫҚҚА 
ҚАНДАЙ КІСІ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ
Елік! — деді Өгдүлміш, — жаңылмайтын
Білікті жан бұл істі қабылдайтын.
Үшбу сөзде айтайын білгенімді,
Көңілімде тірліктен түйгенімді.
Бектер қанша білімді болғанымен,
Сөзін жазар жан керек толғауымен.
2675 Жылнамашы бар сырды білгені жөн,
Бəрін түйіп ішіне жүргені жөн.
Шықпау үшін құпия, жиған дерек,
Адал пейіл, қасиет, иман керек.
Кетсе жұртқа жайылып ішіңдегің,
Өзегіңді өрт тілер — түсін, бегім!
Сөзді қанша сақтаған ақылыңда,
Екі адамға айтарсың, ақырында.
Хатшы, уəзір — оларсыз алаңдайсың — 
Екеуінен жасырып қала алмайсың.
2680 Екеуіне ашасың қырларыңды,
Сыр бергенің — бергенің ық жағыңды.
Осы екеуі білетін сөзіңді бар,
Сақтамаса өз ісін өзі бұзар!
(Сақта екеуін өзіндей жанарыңның,
Бірі сатса — тайғаны табаныңның.)
Өтүкеннің* бегі айтқан тебіреніп:
«Тілін тисын — сыр ашсаң еміреніп!»
Сенімді бек, сертіңнен айнымағын,
Сыр аштың ба — кетті бас, тайды бағың!
(Сыр бердің бе — тіліне ие болсын,
Сырға берік пəктерге кие қонсын.)
Аузың ашық үңгірдей, тасы уəлі,
Жылт етсе сөз, жұлдыздай шашылады.
2685 Дүниеге тарайды, жиып болмас,
Күллі халық естиді, тиып болмас.
(Күллі əлемді шарлайды, көрерсіздер,
Қалайша оған қақпақ боп, бөгерсіздер!)
От пенен су ауыздан кезек шығар,
Бірі — өртеп, бірі басып жебеп тұрар.
Керексіз сөз — шыққан өрт, қырар жалын,
Ауыз ашып, күйдірер, шығармағын!
Жақсы сөз тас бұлақтай нұр береді,
Қайда ақса, жер жайнап, гүлденеді.
О, білікті ер, шалқырсың, тасынарсың,
Көңіл сырын көлдетпей, жасырарсың?!
2690 Бəйітті оқып, шын мəнін ұғынарсың,
Тынарсың да, сыр ашпай тығыларсың:
«Жүрек сырын, тілге ашпай, үйірерсің,
Ашып алсаң — опынып, күйінерсің.


 258
259
Зұлым жауы қызыл тіл қара бастың,
Тілді тұтып, жан үшін жағаласқын!»
Болсын хатшы білімді, ойлы, жақсы,
Хатқа жүйрік, ізгірек, бəлиғатты*!
Сұлу жазу серпілтер, еліктірер,
Қуаныш көңіліңе келіп кірер.
2695 Сөз бен жазу жарасса табындырар,
Кереметтей хат тілі бағындырар!
Ыла ұлының сөздерінен аңғарғын,
Жазу бағы — өнер қуған жандардың.
«Күллі ізгі сөз жазбадан құрытылмас,
Жазылған сөз мəңгілік, ұмытылмас.
Жазбашылар жазбаса жазбаларын,
Білер ме едің, білімнің қазыналарын?!
Қалдырмаса, даналар қатқа жазып,
Кім айырар өткенді ақ, қара ғып?!
(Кім ұға алар көненің жұрнақтарын?!
Кім біле алар өткеннің қымбаттарын?)
2700 Болмаса егер жазуың мақұлдаған,
Кім сенеді құр сөзге тақылдаған?!
(Жазылған сөз тас болып қала берер,
Тіл мен жағың жаңылып, тана берер!)
Сəлем жолдар кісілер елден-елге,
Тіл қайтпекші? Хат жазып бермегенде!
(Қасиет бар жазуда өлтірмейтін,
Санасы жоқ, наданды келтірмейтін.)
Жазу — қымбат, сырыңның тас қамалы,
Бектер елді жазумен басқарады!» 
Бек ісіне пайдалы, шарапатты,
Үш түрлі ер, ел басы, барақатты:
Бірі — дана ғалымдар, зейінділер,
Бірі — хатшы, білсін дер кейінгілер.
2705 Үшіншісі — ер жүрек батырларың,
Жау, бөріге салатын жасындарың.
Ойшыл, зерек даналар кеңеседі,
Сөйленеді ел мұңы, келешегі.
Хатшы хатқа ел ісін түсіреді,
Хатпен кіріс-шығысты түсінеді.
Қылыш алып батырлар жауға шабар,
Қырып, жаншып, бағынса — сауға салар.
Қосса басын, жүрегін бұл үш түрлі ер,
Мың тілекке жетер ел, үміттілер!
(Төтен келген жауың да шаба алмайды,
Тарихыңды жазылған ала алмайды.
Дəуірлейді елің де, бектерің де,
Хатың қалар келмеске кеткеніңде).
2710 Бұлардан тыс бар талай тобың елде,
Үшеуінің ботадай соңына ерген.
Ел алса бек қылышпен жасқары анық,
Ел басқарса қаламмен басқарады. 
Білім, ақыл ел ішін түзетеді —
Бұл үшеумен ғаламды күзетеді.
Бек билігі біліммен басталады,
Күллі ісін ақылмен атқарады.
Қылышымен ел* түзіп, жұртты бағар,
Қаламымен ел түзеп, қазына салар.
2715 Бек қылыштан қан тамса — халқын алар,
Қара* тамса, қаламнан — алтын ағар.
Екі нəрсе тұғыр бұл дүниеге,
Өткен істің қамы, һəм бірі — келер.
Ұлық сипат екеуі ұққын, бегім,
Елші бектер, даналар тұтсын берік...
Бұл жөнінде бəйіт бар толғандырар,
Ордалы ойға ой қосып қорландырар:


 260
261
«Білім білсе ер үшін ізгі сымбат,
Қылыш ұрса өнер ол тіпті қымбат!
(Білім білсе — шығарар елдің даңқын,
Қылыш ілсе — қорғайды елдің даңқын.)
2720 Жақсы елді қылышпен алар түзіп,
Елін түзеп қаламмен табар тілек...
(Қылышпен жауға жапа шеккізеді,
Қаламмен тілекке елді жеткізеді!)»
Бауырмал һəм көзі тоқ, сараңдықтан — 
Алыс жүрсін, айнымай адамдықтан.
Көзі тоқ жан сұқтанып, тырбанбайды,
Мүлік алса басқалар, қызғанбайды.
Сараң құлы, малының табын-табын,
Ей, шырайлым, оны кеш, тарылмағын.
Қомағай бек құлы ғой қу құлқынның,
Қайтып ойлар құлқынын бұл жұртымның.
2725 Сұқ көз хатшы білімін аздырады,
Хатын бұзып, құлқынға жаздырады!
Алтын, күміс көргенде қызығады,
Бектің басын, не басын жұлғызады.
Елгезек жан іс қуып, табынады,
Қашан болсын есіктен табылады.
Бек ырзығы дегенде ес қалмайды,
Тəнін-жанын, малын да бекке арнайды.
Шарап ішпес, жаны пəк, таза болсын,
Жаман қылық, сұмдықтан ада болсын.
2730 Шарап ішсе, хатшы азар білімінен,
Қате жазар қалған соң білігінен.
Хатшы жүргей күні-түн қастарында,
Іздеген сəт, табылсын қас-қағымда.
Екі жанды лайықты таңдап алғын,
Екі істі тапсырғын барлап алдын:
Бір — хатшы, қаламды аттай ағызған,
Бірі — елші, тілінен май тамызған.
Алыс-жақын, жат-жұрттың арасында,
Керіс шықса — сұрайсың, табасың да!..
2735 Ісің оңса — оңдырған осы екеуі, — 
Ісің күйсе — тоздырған осы екеуі!
Бірі жазып, сөзінен жаңылғанда,
Бірі — оңдаса тілімен жақын маңда!
Хатшың сондай жан болсын, оны тапсаң,
Сеніп соған, ай, Елік, қолыңды артсаң!
Осындай жан керегі, болсаң сенер
Кісілікті тілесең, содан келер!
(Ондай жанға өмір бойы сенген жөн.
Адамдықтың шарттарына көнген жөн.)
* * *
Міне, Елік, білгенім, баяндадым,
Ісім бітті, сөзді үзіп аялдадым! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет