«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет71/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
2740 Елік айтты: — Түсіндім бұларыңды,
Ұқтыр бүгін тағы бір сұрағымды.
Қандай болсын, қазынашы түсіндір,
Қазына — кілт, тұғыры ғой ісімнің.
Айтқын, қазына — береке, беделімді,
Кімге сеніп, алаңсыз берерімді.
Алтын-күміс, қазынаны қолға алса,
Айтқан істі ойдағыдай оңғарса!
 35. 
ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚҚА
ҚАНДАЙ КІСІ КЕРЕК ЕКЕНІН АЙТАДЫ
Айтты Өгдүлміш: — Ойласаңыз, Құтты Елік
Алтын-күміс қуаныш Һəм құт, көрік!
Адал, кемел, заңға жүйрік, турашыл,
Болсын, ойын əрне бұрып тұрмасын.


 262
263
2745 Əлем кезіп, дүние нарқын түсінген,
Сарттар басы хатқа былай түсірген:
«Жаның тəтті, бар одан да тəттірек,
Алтын-күміс шыбын жаннан тəтті, бек!
Егілместі — алтын-күміс егілтер,
Еріместі — алтын-күміс ерітер!
(Жеріместен — алтын-күміс жерітер,
Сергіместен — алтын-күміс сергітер!
Иілместің басын алтын иеді,
Үйілместі басыңа алтын үйеді!)
Күміс көрген адам көңіл бермесе,
Жарар оны шын періште ер десе!
(Алтын көріп, адам көңіл бұрмаса,
Көзі тұнып, дымы құрып тұрмаса.
Ондай жанды періште деп санаңыз,
Шынында да періштеге балаңыз.)
Алтын көрсе ердің өзі жұмсарар,
Күркіреген кердің сөзі жұмсарар!»
2750 Көңіл тойып, ерді жебеп тұрса бақ,
Қазынасы арта берсе күн санап.
Ен байлыққа тойып көзі, жасқанса,
Хақтан қорқып тұрса — көңіл мастанса...
Айыра алса адал менен арамды,
Парықтаса жақсы менен жаманды.
Көзі тоқтар жатқа сұғын салмайды,
Адал жандар ласқа қолын малмайды.
Алтын-күміс көріп өскен жасынан,
Аулақ жүрер сұғанақтық насынан.
2755 Өзі Алладан қорыққан кісі, табынып,
Ақ жолынан айнымайды қабынып.
Адалдығың — асылдардың асылы,
Рахат, хайыр адалдықта əсілі.
Адалдардың жаны күндей жайнайды,
Мəңгі-бақи құты бастан таймайды.
Құлағың сал мейірімді ер сөзіне,
Мейірлі сөз медет болар өзіңе:
«Шыншыл болсын, көңіл, тілің, қылығың,
Дүние, дəулет келер, берер шырынын!
2760 Адалсың ба, құтты күнің бақытты,
Сау-саламат өткіз сүйген уақытты!
(Көңіл таза — деніңнің сау болғаны,
Денің сау ма — көңілің тау болғаны!)»
Бауырмалдық, сақтық керек, сергектік,
Мың түрлі іске ояу, зерек ер жетпек.
Ұятты біл, ұятсыздан қашық бол,
Парасатқа, пəк көңілге асық бол!
Ар-ұятың жаман істен сақтайды,
Бұзықтарды ұят түзеп, ақтайды.
Шарап ішпей, өзіңді-өзің ұстағын,
Өзін тұтқан табар құтын, ұшпағың.
2765 Шарап ішкен — мал, ырысын ішеді,
Құты қашып, мүскіндікке түседі.
Қазынашыға қараулау жан қолайлы:
Сараң малға, нəрсеге сақ қарайды
(Сонда құны қазынаңның артады,
Арзаныңды алтын қылып жарытады!)
Сенімді адам үмітіңді ақтайды,
Бек ырысын тасытады, баптайды.
Сенімді адам, сирек адам ұқсаңыз,
Бектей көріп, ақ пейілін жықпаңыз!
Қазынашың іскер болса, саспағын — 
Мол байлықты ұстар қосып бастарын.
(Бəрін ойлап, жөн-жөнімен бағалар,
Қайда — пайда, қайда — зиян саралар.)
2770 Есі бар жан ешқашан да жаңылмас:
Санға жүйрік, білер ісін қағылмас.


 264
265
Ұмытшақтық — ессіздіктің белгісі,
Ессіз кілтші ісін бұзар ез кісі.
Есеп-қисап жүрген жерге ес керек,
Есеп білмес, есі жоқтар не істемек?!
Жазу білу қажет есеп жазарға,
Хаттамасаң, қалай тұрар назарда?!
Жазсаң айқын: күллі кіріс-шығысың,
Жазу сақтар қазынаңның жұмысын.
2775 Күнін, айын, жылын түгел жазып қой,
Күллі санды ашық-айқын салып қой.
Есебіңді жазу сақтап білгізер,
Хатталса есеп алшаң-алшаң жүргізер.
Жанашыр жан сөзін ұғып, түсініп,
Есеппен бек тұтар жігін ісінің:
«Хатталмаған іс есіңде тұра ма?!
Жазып қой, ұл, құр көңілге құлама?!
Жазсаң — тұрар, жазбағаның — жоғалар,
Есепке осал ісші ұлыр тоналар.
2780 Білер болса түрлі жазу сырларын 
Сақтап соны, таныса істің қырларын.
Қызметші болса есептен сүрінер,
Есептесер сəттерде өліп-тірілер.
(Болса егер, қазынашы жаңылар,
Есептессе — басын ұрып, аңырар!)
Есеп-қисап жөнін кемел білген жөн,
Оған қоса сақ, ширақ боп жүрген жөн!
Хандасаны* жете жақсы түсінсе,
Күрделі есеп-амалды еске түсірсе.
Нəзік есеп бұл хандаса тегінде,
Есептейді жер мен көктің шегін де!»
2785 Құлағың түр біліп өмір сүргенге,
Білікті сөз олжа сынды білгенге:
«Хандасаның терең қисап, есебі,
Тек хакімдер бас қатырып шешеді.
Дəндей шағар жеті қабат көкті де,
Есептейді талдап жерді, шекті де!» 
Білікті, есті керек білмес таласты,
Естілердің күллі ісі жарасты.
Біліктілер түзу жолдан таймайды,
Түзу жүрген ердің күні жайнайды.
2790 Ақылы жоқ өзін ұстай алмайды,
Білімі жоқ ісін істей алмайды.
Қазынашы ісі ішінде ғой сарайдың,
Ондай адам сақтанса игі санаймын.
Тура жүріп, түзу тұтсын қабағын,
Түтін, жалын қақтамасын ажарын.
Көзін бағып, ие болсын тіліне,
Ақыл тізгін салсын нəпсі тініне.
Көзің көрсе — көңіл ауып қалады,
Көңіл ауса — кімдер ұстай алады.
2795 Көңіл — басшы, тəн-жанды алған қолына,
Бек бастаса, құлы ереді соңына.
Білікті жан нақ айтыпты ақылын:
«Көңілің мен көзіңді тый, батырым.
Жеті мүше, тəн көңілге бағынар,
Көңіл жүгін артып адам қамығар.
Көңілсіз жан жансыз сурет баяғы,
Көңілсіз жан білікті атын жояды!»
Сақи емес, керек берік, сақ адам,
Қазынаны шашпас, қолға қараған.
2800 Жақсы нəрсе бұл жомарттық, жаны кең,
Сахи болма, бірақ кісі малымен.
Білу керек сауда-саттық, айланы,
Саудасы жоқ, білмейді əсте пайданы.


 266
267
Нарқын білсін күллі нəрсе тауардың,
Баға-құнын айыра алсын олардың.
Құнын білсе, тектен текке алданбас,
Сатарда-алып арзымасты малданбас.
Тəтті сөйлеп үлкенге де, кішіге,
Жайлы болса алыс-беріс ісіне.
2805 Тез қайтарса, сенен сұрап алғанын,
Қашан да тез берер сұрап барғанын.
Саудада адал, құлқы түзу адамға,
Іздегенін тауып берер табанда!
Олжаны бек əскерлерге арнаса — 
Тең жеткізіп, қиянатқа бармаса:
Қазынашы қысса — əскерге жақпайды —
Əскер көңілі бегіне кір сақтайды!
Сахи басын тыңдап, ұғып аларсың,
Ей, бейшара, қам көңілің ағарсын:
2810 «Сүюшіні жерітудің амалы —
Сұрағанын бермей серттен танады.
Бермесіңді атап қойып, айныма,
Қадір кетер, сөзден табан тайды ма!
Бек айныса — абыройы қашады,
Сенім кетті, құты кеміп сасады!»
Пысық қажет, жақындатпа езбені,
Ез келді ме — берекенің безгені.
Барлық ісші бек ісіне жүгірген,
Есігіне мұқтаждықтан жүгінген.
(Қара көзі қара жерге тесіліп,
Кіріптар боп ашқан қызмет есігін.)
2815 Қолы қысқа қызметшіге жаны ашып,
Жарлық берсе — бекке тұрар жарасып.
Қазынашы малын бермей, сүйресе,
Мұқтаж ісші у ішкендей күй кешер.
Қазынашы бермей оны сүйресе,
Мұқтаж жан да күйрер — үміт күйресе.
Керегіңді тапсаң сол сəт жөнімен,
Шағын нəрсең пілдей болып көрінер.
Көксақалдың сөзін, ерім, аларсың,
Мұқтаждардың мұқтажына жарасын!
«Тілегенің дер кезінде табылса,
Байғазыға аздау болар жаның да!
2820 Керегінде азың пілге теңелер,
Күллі нəрсе парқындай ол еленер!»
Мұндай есті, ұятты адам табылса,
Инабат, ой, білігімен танылса,
Қазынаңды тапсыр, сеніп алаңсыз,
Қақын сақтап, құтты содан табарсыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет