286
287
Дəулет келіп қонса кімнің басына,
Іші-тысын жөндей бастар асыға.
3080
Егер келсе, бар тілегін əкелер,
Даңқын жайып, ат-абырой əперер!
Егер кетсе, бергенін ап шығады,
Көктен басын қара жерге тығады!
Ай, ақылды ер, дүние қуып шатылма,
Арбағанға сеніп бəле шақырма!
Не қыласың түн-түнекке тұншығып,
Мəңгі жарық еліңе* ұмтыл құлшынып.
Дүние-түннен күдеріңді үз, сабыр қыл,
Əсем орда, жұртыңды тап, дамыл қыл!
3085
Не дегенін тыңда, ай, жаны тазаны,
Барлық істе көңілі түзу дананы:
«Ай, құштар жан, ұста өмірдің өзегін,
Толып-шалқыр сонда, бақыт — өзенің.
Түбін ойла. Көшер дүние кезегі,
Дүние — жалған, безбесең — ол безеді.
Жафашыл ол, сен де оны қапа қыл,
Жафа шексе, ерер қойып шатағын.
(Қу дүние бір опасыз ойласаң,
Жаутаң қағар, ойыншық қып ойнасаң.)
Ай, адасқан, бас қатырып, желікпе,
Түбі — ұйық, сұм жалғанға елікпе!
3090 Иірімге түскен əрі жұтылар,
Қайта шықпай, тұншығар һəм тұтылар.
Ұйықтан шық, жұл өзіңді жоғары,
Ибадатты, құлқы оңды — оңады!
Қайта бастар, берер тірлік берерін,
Тіліңді тый, ойла өмірдің тереңін!»
* * *
Содан бері жан пиғылын оңдады,
Халыққа əділ саясатты қолдады.
Халқы оңалып, арықтары тойынды,
Ел сүйініп, жауы əлсіреп, жойылды.
3095 Қуаныш пен шаттықта күн өткізді,
Жұрт жақсы атын күллі əлемге жеткізді.
Осы күйде күн өткізді кенелді,
Бөрі менен қозы, тоқты теңелді.
Достарыңызбен бөлісу: