288
289
Заң су дерсің, зұлымдық өрт есірген,
Өртті сумен булықтырып өшірген.
Заңды түзеп, оңдадың ел пиғылын,
Көрінбейді еш қиянат, қиғылық.
Бек үш істен қорлық көрер өлгенше,
Бірі — жалқау, осал болса, сөзге ерсе!
3110 Екінші — қор, бектікті ұстай алмаған,
Үшінші — ашкөз, халық баурын жалмаған.
Елік, сенде бірі де жоқ бұлардың,
Елге қайдан қиянат, зорлық, шығар мұң!
Сен əділсің елдің жəйін ескерген,
Тəңір саған білім, сезім, ес берген!
Ізгілікке тіктің тірлік, басыңды,
Ел тойынды, мұнан көзі ашылды.
Шүкірлік ет, сақтан, сақта еліңді,
Сен сақтансаң, сақтаушың да сенімді.
3115 Сырттан тиер кесел, қырсық кездессе,
Мен құлыңмын, тұрам жауға бермеске!
* * *
Шүкірлік қып, Елік қатты шаттанды,
Қолын жайып, қуанышын ақтарды:
—
Мейірімді ұлы иемсің, құлыңмын!
Қадірледің, қуат бердің, құбылдым.
Маған күллі жақсылықты ұсындың,
Қарыздармын. Өтесем деп, қысылдым.
Қарызымды қалай ғана өтермін,
Өзіңе-өзің менен өтеп өтерсің?!
(Жалбарынам, өте өзіңе мен үшін!?
Сенің арқаң ырыс-бақыт, жемісім!)
Достарыңызбен бөлісу: