«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет80/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке жауабы
3175 Айтты Өгдүлміш: — Елік, байқап көрейін,
Шын тілесең, айтқаныңа көнейін.
Бұйырса Елік, өзім соған барайын,
Шақырайын, сөзімді айтып бағайын.
Тілді безеп, түсіндіріп берейін,
Ақыл, білім қосып, сөзді терейін.
Өз қолымен хат жазса Елік, кішік ер,
Көзі қанып, хан жарлығын түсінер!
Мен деп қалмай, сенсін бүтін сенгесін,
Жарлығыңды естіп, кете бермесін.
3180 Мен сұңқылдап сөйлегенмен, кеңессе,
Елік жазған жарлық күші ерекше!
Айтқан текті: «Көңіл құстан аумайды,
Бек жарлығы қара* көңілін аулайды!»
Білікті өзі айтқан жақсы, ғажабы:
«Бектің сөзі қам көңілді жазады!»
Бегі құлын жылы сөйлеп қылар мас,
Жылы сөзді ол өмірі естен шығармас.
Бектің шырын тілін ешкім қимайды,
Үлкен, кіші — халқы сүйіп, сыйлайды.
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
3185 Елік айтты: — Осы болса шарасы,
Хат жазайын, хатым тордай қамасын.
Барар болсаң, сен жолыңа дайындал,
Баяндайын хатта істің жайын бар!
39. КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА ХАТ ЖАЗЫП, 
ЖОЛДАҒАНЫ АЙТЫЛАДЫ
Жазу жазды дəуіт, қағаз алдырып,
Хатқа ісін түзді жетік, нандырып.
Сөз бастады Алла атты ақ есіммен,
Жаратқан! — деп, — ырзық берген, кешірген.


 294
295
— 
Алла атымен жаздым үшбу хатымды,
Күллі дертке бұл ат дауа, асыл-ды!
3190 Шексіз құрмет, шүкіршілік мыңдаған,
Етемін мен ажалы жоқ Аллаға!
Бір жаратқан бар тірлікті жаратты,
Жан бітірді, ризығын таратты.
Құдіретті ол, беруші əділ, адал заң,
Күші жеткен күллі елге жаралған.
Жасыл-көкті, Күн мен Айды жаратты,
Түнді, күнді, ай-жылдарды санатты.
Айналдырып қойды күллі ғаламды,
Хақ үкімі тағдырмен тең қаланды.
3195 Жаратпастан — қазаны алға жүргізді,
Бойыңды бер, қаза барын білгізді.
(Не тілесе, дайын болды тілегі,
Не қаласа, сол боларын біледі.)
Қалағанын — қылды, істер — қаласа,
Айтса — болды, болар — айтса, қарасаң...
Ханнан сəлем жолдап, тетік*, хат жаздым,
Саулық тілеп, көңілімді ақтардым.
Тəн саулықта, аман-есен бармысың,
Заман жүгін арттың қалай? Армысың!
Сенің құлық, біліміңді естідім,
Ешбірі тең келмес бүгін тұс-теңің.
3200 Алла саған жақсылық қып сеніпті,
Білім, ақыл, өнер, бақыт беріпті.
Сипатыңды естіп күнге теңедім,
Аңсап сені, дидарлассам деп едім.
Туысқаның* Өгдүлмішті жібердім,
Сөзімді ұғып жеткізгенін тілермін.
Туған-туыс жақыныңнан безіпсің,
Ұлыс, қала, елден кетіп, кезіпсің.
Жалғыз өзің иен тауды асыпсың,
Құлшылыққа, ибадатқа қашық тым.
(Сен безгенмен сұм дүние оңар ма?
Жалғыздықтан жарлы көңіл толар ма?!)
3205 Бауырларың неден көңіл қалдырды?
Бетті бұрып, басың неге қаңғырды?
Қорландың ба, мұң есіңді алды ма?
Өкпең бар ма? Айтсаң келіп алдыма.
Əділет пен саған медет берейін,
Сүйініште жаса, тасып мерейің!
(Туғанынан туған қалай безеді,
Безгенімен, өртенбей ме өзегі?)
Туысқаннан туысқанға пайда бар,
Адам жаны пайдаменен жайланар.
Ағайынмен достарыңдай барысқын,
Достарыңмен ағайындай табысқын.
3210 Қайда болса, жарастық пен жақындық,
Көзі сол іс пайданың, көр, асылдың.
(Жарастыққа көнсін патша көңілің,
Жарастықсыз құлар іргең сөгіліп!)
Шайыр сөзі: «— Адамға адам қарасса,
Береке ғой екі жақсы жарасса!
Жарасса, егер жер, су, күннің шапағы,
Мың-мың гүлдер күліп шешек атады.
Жарасса, егер ағайын мен достарың —
Қандастардың қалың жолын қосқаның!»
Егер тағат-құлшылыққа беттесең,
Шаһарда істе, дін жолынан кетпе сен!
3215 Ибадатшы қала, ұлыста толып жүр,
Құр тентіреп, дала безген — тозып жүр.
Құлшылыққа — білік біліп, үйрен бек,
Білімсіз іс — берекесіз бір бейнет.


 296
297
Екі кісі — кісі атанар, қысқасы,
Бірі — шəкірт, екіншісі — ұстазы.
Ал қалғанын хайуанға санайды,
Өз еркінде, кім қайсысын қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет