«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет92/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш жауап беріп: — Түгелдей,
Естіп алдым сөздеріңді жібермей.
Хатқа хатпен жауап жаздың, есті ер,
Маған бергін, аман болсам, жеткізем,
Айтсам, бірақ күдігімді қалдырмай,
Елік қоймас, өз қасына алдырмай.
Сырбаз туыс, мені Елік қайтарар,
Сені алдырмай қалай жаны жай табар.
3825 Тағы өтінер, біл, мінезін білмесең,
Көңілі қалар, егер сонда жүрмесең.
Өгдүлмішке Одғұрмыштың жауабы
Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Бауырым,
Жанға — жара, айтпа сөздің ауырын.
Бұл жерден мен кете алмаймын, одан да,
Өзіңді өзің қинап, қайта оралма.
Тілеу жаман — болмайтұғын тілекті,
Сөз қадірсіз қозғамайтын жүректі.
(Жаман болмас тілегіңді қозғаған,
Айтып, жауап ала алмаған сөз жаман.)
Не дер екен, тыңда, білген адамды,
Бастан кешіп көрген жақсы-жаманды:
3830 «Бермегенді, сұрап, күштеп жүдеме,
Алмағанды тілеп, күштеп тілеме.
Жетпес жерге жүріп аяқ жетер ме?
Шықтың екен — төктің терді бекерге!»
(Сұрап алмағанды күшпен ала алмайсың,
Тілеп бармағанға күшпен бара алмайсың.)
* * *
Айтты Одғұрмыш: — Аттан, дұрыс пейілмен,
Қайта айналып келме, енді ей, інім!
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Өре тұрып айтты Өгдүлміш: — Жүрейін,
Сөзді қойып, саған құлақ түрейін!
* * *
Жолға ұзатты, Өгдүлмішті жақыны,
Тағы айтты білген кеңес-ақылын.


 338
339
3835 Атқа мініп кетті Өгдүлміш асығып,
Суыт келіп түсті үйіне, басылып.
Күн алаулап, жерге жүзін жасырды,
Көк төріне қара сусар асылды.
Жаһан жүзі көмірдей боп қарайды,
Көз жұмылып, ұйқы басты маңайды.
Өгдүлміш те төсекке кеп жантайды,
Көз шырымын алып мызғып, марқайды.
Жалын ойнап туардан, боялды бел,
Келіндей көзін ашқан оянды жер.
3840 Көтерілді гəуһар-маржан қалқаны,
Жайнап жаһан ақ меруерт алқалы.
* * *
Үйден шығып, сарайға енді келгесін,
Құзыр сұрап, күтті. Елік көргесін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет