«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет63/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Айтолдыға сауалы

995  Бəрін ұқтым, — деді Елік жайғасып, —

 

Біліп алдым сөздің мəн мен пайдасын.



 

Қайдан шығып, бұл сөз қайда барады,

 

Мұны да айтып бергін, зерек қарағым!



 

Қашан тиып, қашан тілді шешеді,

 

Бұл жөнінде естілер не деседі?



Айтолдының Елікке жауабы

 

Сөз — сыр, сиқыр, — деді Айтолды, — жүгін,  ер! —



 

Ойға — оны, тілге бірі ілінер.

 

Бірін айт та,  тый тоғызын, қашпайды:



 

Қажетсіз сөз қажеттісін ластайды.



Еліктің Айтолдыға сауалы

1000  Сөздің пайда, зияны не, нақтылап

 

Айт та, Айтолды, түсіндіргін жақсылап?



Айтолдының Елікке жауабы

 

Айтолды айтты: — Жүйелі сөз — ұлылық,



 

Өсірер ол құлдың-дағы құзырын.




 137

 

Сөз қуаты шығарар ел төріне,



 

Қара жерден самғатар ен көгіне.

 

Сөзің ессіз шықса, басты тіге бер,



 

Биік көктен — жер түбіне жіберер!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет