Еліктің Айтолдыға сауалы
Сұрады хан: — Қалай? Күйің сергек пе?
Ұйқың қалай? Күйреп, дертті меңдетпе!
Айтолдының Елікке жауабы
1070 Айтты Айтолды: — Елік, қиын кеселім,
Дерт меңдеді, таба алмадық еш емін?!
Толған айым бара жатыр кетіліп,
Сара құлқым ала болды, сетіліп.
Қарсы алушы ем туатығұн күнімді,
Батты күнім, түнек түннен түңілдім.
Шаттық тірлік безді, түйіп қабақты,
Жалған дүние жүзін теріс қаратты.
Қуаныш, құт кейін қалып барады,
Мехнат, қайғы маған сұғын қадады.
1075 Сенен бүгін айырылып кетермін,
Өкініште жылай-жылай өтермін.
(Үміт үзіп кеттім, жетті екінді,
Өкінішпен теріс бұрдым бетімді.)
Естігейсің дана ел бегі дегенін,
Ел бастаушы кісілердің еренін:
«Қандай жақсы дəулет айнып кетпесе,
Қалауыңша бірге жүрсе, өтпесе!
Қандай жақсы бектік — билік өрлесе,
Болмаса ажал, кісі мəңгі өлмесе.
Қандай əсем, жігіттік шақ — аңғырт шақ,
Қарттық келмей, иілмеген албырт шақ!»
Достарыңызбен бөлісу: |