«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет8/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

мақалы). «Кісі сүйсе айыбы асыл көрінер, Сүймесе егер, асылы айып көрінер» 

(533) — «Сүйгеніңнің шұнақтығы байқалмас» (халық мақалы).  

2) Түпнұсқадағы бəз күйінде, қаз-қалпында сақталған ұлағат, өсиет сөз дер; 

Мыс.: «Ұлық болсаң, кішік бол» (4532). «Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз, 

Адам көркі — жүз, жүздің көркі — көз» (274).

М. Қашқари. Түркі тілдері диуаны. Үрімші: Шыңжаң халық нəшрияты. 1-т., 3-б.




 22

3) Мағынасы, мəні, өзегіндегі нəрі, өміршең қағидасы жаңа сөз тіркесімен, 

жаңа үлгімен жеткен ой-толғамдар; Мыс.: «Өзіңнен де зорлар сөзін қозғаса, 

Құлағың сал, сөйлеп əуре болма аса» (4116) — «Аузы қисық болса да, байдың  

ұлы сөйлесін» (мақал); «Күштілерім сөз атса, бас изеймін шыбындап» (Абай);  

«Ас — арқауың,  онсыз  күнің  қараңғы,  Құлқын-өңеш  билемесін  адамды» 



(3667) — «Ас — адамның арқауы» (мəтел), «Құлқынның құлы» т.с.с.).

4)  Халықтың  наным-сеніміне,  ырым-нанымына,  салт-дəстүрі  мен  əдеп-

танымының  көрінісіне  айналған;  тұрмыс,  этика  шарттарына  сіңген  ұлағат, 

өсиет сөздер; Мыс.: «Қол созба асқа, тұрған кісі алдында, Ал, ей, зерек, қойған 

асты алдыңа» (4130); «Оң қолмен ал қойған асты алдыңа» (4129); «Əйелдердей 

түсіп кетпе қызығып, əйелдердей жəне қалма сызылып» (4132);  

5) Тіршілік-тұрмыстың үлкенді-кішілі заңдылықтарына айналған рəсімдер; 

Мыс.: «Өсекшіге араласпа жақындап, Өсекшінің өртер тілі лапылдап» (4212)

«Аузыңды  бақ,  енер  содан  кесел  де!»  (4615); «Əдептінің  түр-түсі  де  əдемі» 

(4604); «Айтарыңды  сайлап  сөйле,  жүректі  ер!»  (3878); «Сөйлемесең,  сөзің 

саған құл болар, Сөйлеп қойсаң, сені өзі құл қылар...» (3880); «Көңіл жақын 

болса, жақын алыс жер, Көңілді бақ, алыс кейде қарыс жер!» (3705).

6) Халық даналығына ұласып, ұлттық парасат-сана қисындарымен суары-

лып, мазмұнын байытқан толғаныстар. Мыс.: «Тіршілікке алданбағын, өшеді, 

Дүниеге  алданбағын,  көшеді!»  (1274); «Жамандықты  қусаң,  азап  шегесің, 

Жамандыққа жақсылық қыл, жеңесің!» (929); «Ақыл — бұйда, ере түссең — 

жетелер, Сөйтіп арыз-тілегіне жетеді ер...» (159); «Ақылдылық — асылы ізгі 

жандардың, кішілікте кісілік бар, аңғарғын...» (934) т. с.с. ).

Көлемі 6645 бəйіт  ауқымды  дастанның  ойлары,  насихат-уəзипалары  осы-

лайша  алуан  қырымен  халқымыздың  тұрмысына,  салт-дəстүріне,  санасына, 

əдебиетіне сіңіп, кең таралып кеткен. Шығарманың халық рухына осыншама 

қойындасып, біте қайнасып, өлмейтін өрелі сөзге айналуы сирек құбылыс. Бір 

жағынан,  толғам  тереңдігі,  көркемдік  шындықтың  əлеуеті  тəнті  етсе,  екінші 

жағынан, халықтың өз тəжірибесінен, халықтың өз  рухани тірлігінен еркін алып 

қолданған,  игерген  даналық  сөздері,  мақал-мəтелдері  тілге  орамды,  жүрекке 

жылы тиіп  баурап алады. Ойды ой жаңғыртып, ойды ой дамытып, сан ғасырлық 

əдеби  көркемдік  таным  диалектикасын  алға  тартады.  Шешендік  сөздердің 

жанрлық табиғатынан байқалатын ой мен сөздің өзгеше ұтқыр жарастығынан 

туған ақылман түйіндеулер де орта ғасыр шығармасына жат емес.   

Қазіргі қазақ əдебиетінің алуан қырлы жанрлық нышандарының бірқатар 

алғашқы белгілерін де осындай ежелгі дəуірдің  құнарлы көркем дүниелерінен 

көреміз. Шешендік сөздердің, жұбату мен жоқтаудың, естіртудің, көңіл айтудың, 

түс  жорудың,  жоғарыда  өзіміз  айтып  отырған  мақал-мəтел,  афоризмдердің, 

өсиет сөздің, батырлық жырдың  алғашқы түрлік, жанрлық белгілері «Құтадғу 

біліг» дастанының тағы бір маңызды қызметін аша түседі. «Классикалық түркі 

поэзиясының тарихы «Құтадғу біліг» поэмасынан басталады»

*

 деген пікірдің 



бір дəлелі осындай таза теориялық  бітімінен де аңғарылады.  

Кейінгі кезеңдердегі халық əдебиетіндегі, ауыз əдебиетіндегі, классикалық 

поэзия  үлгілеріндегі  ағартушылық  мұраттардың  бір  ұшығы  осынау  ежелгі 

дəуір дастанында жатыр. ХVІІІ—ХІХ ғасырларда жарық көрген, сол кезеңде 

жазылған  туындылардың  дені  осындай  насихат-ғақлия  мəнерінде  жазылып, 

*  История всемирной литературы. М.: Наука. Том 2. Стр. 201.




 23

саяси-əлеуметтік,  моральдық,  этикалық  мəселелерді  батыл  да  ашық  үнмен 

толғаса,  сол  арқылы  халыққа  жол  нұсқауды  ниет  етсе,  мұндай  этика-дидак-

тикалық бағыттың түп-тамырын тағы да ежелгі түркі толғауларынан табамыз. 

Өткен дəуірдің  зерттеушілері (И.Березин, Ə.Диваев, А.Янушкевич, Бессонов, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет