негізінде оның түп-тамыры мен қазіргі заман мәдениет типологиясын
анықтау
Дәрістің сұрақтары:
1. Мәдениет анатомиясы
2. Заманауи мәдениеттанудағы типологиялар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 сұрақ. Мәдениет анатомиясы.
Мәдениет анатомиясы дегеніміз ең алдымен мәдениет типологиясы
болып табылады. Бұл жерде тип дегеніміз ежелгі грек тілінен үлгі, пішін, модель яғни мәдениеттің түрлері, үлгілері, модельдері туралы білім болып табылады. Жалпы алғанда мәдениеттер типіне келетің болсақ әлемдік мәдениет екі типке бөлінеді біріншіден шығыс мәдениетті, батыс мәдениетті.
Батыс мәдениеттінен бастасақ батыс мәдениетті қазіргі кекзде әлемде үстемдік етіп тұрған өз үлгілерін әлемге таратып тұрған мәдени тип. Батыс мәдениеттінің негізгі ұғымы бұл әрине белсенділік бұнын рәмізі Гетедегі
Фауст бейнесі, Фауыстын мақсатты жұмақ аспанда емес жер беттінде, жер бетін гүлденген баққа айналдыру. Бұл үшін не керек, бұл үшін батыс мәдениеттінің идеясы бойынша ең алдымен білім, ғылым, техника яғни табиғатты өркендету қажет бұл жағынан батыс мәдени типі үлкен
жетістіктерге жетті, оған қазіргі технологиялық әлем, технократиялық түсініктер жатады. Батыс мәдениеттінің тағы бір ерекшеліктері оның дарашылдығы, жекелігібатыс мәдениеттіңде әрбір адам өзі үшін, «егер мен өзім үшін болмасам кім онда мен үшін?» дейді батыс адамы, бірақ
адамдардың арасындағы мәселелер пайда болса онда жеке дара адамдардың
арасындағы қарым қатынас батыста құқық арқылы реттеледі, батыс адами мәдени типінде адам өз құқықтарынын бір бөлігін өз еркіменен мемлекетке, құқыққа береді.
Келесі мәдени тип ол шығыс мәдени типі, егер батыс матералды мәдениеттерге үлкен жетістіктерге жеткен болса шығыс рухани мәдениеттерге үлкен жетістіктерге жетті. Барлық әлемдік діндер шығыста пайда болды тіпті сонын ішінде батыстын діні христиандықта таяу шығыста қалыптасты шығыс мәдениеттінде адам қашанда қоғамшыл, қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Егер батыста пәле басқадан келетін болса, шығыста пәле адамның өзінде, адам өзіндегі нәпсі құмарлықтан арылып Құдайға,жаратушыға қосылуы керек бұл тек қана ерекше бір рухани дамудын нәтижесінде қалыптасады. Әрине біз шығыс мәдениетті батыс мәдениетті деп айтып отырғанымен олардың айырмашылықтарын абсолютке айналдырып жібермеуіміз керек. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Олжас Сүйлеменов өте тамаша айтқан «Шығыста жоқ, батыста жоқ тек қана күнің атуы мен батуы бар» әсіресе қазіргі әлемде шығыс пен батыс арасында ерекше синтез қалыптасты мәдени типология тек қана шығыс және батыспен шектелмейді, тарихи типология да өте маңызды болып табылады. Мынандай тарихи типтерді атап өтуге болады:
1. Архаикалық ежелгі мәдениет
2. Шығыс өркениеттері
3. Антикалық өркениет
4. Орта ғасырлық мәденеит немесе өрекениет
5. Жаңа заман мәденеитті және қазіргі заман мәденеитті еңді біз мәдени
типология туралы айтқанда, мәдениет анатомиясы туралы айтқанда белгілі бір мәдени толқындар туралы, өркениеттік толқындар туралы айта кетуіміз керек.
Жалпы өркениеттің үш толқыны болды: бірінші аграрлық толқын,
аграрлық мәдениеттердің пайда болуы; екінші толқын бұл өнер кәсіптік
өндірістік толқын бұл негізінен батыс елдерінде басталған және қазіргі
заманда бүкіл әлемді қамтып отырған бұл ақпараттық толқын. Ақпараттық толқын заманында біз сіздермен өмір сүрудеміз.
Бүгінгі күнің тарихи мәдени типтеріне келетің болсақ, бұл негізінен
Хантигтон деген АҚШ ғалымы қарастырған ол сегіз өркениетті атап өтеді:
1. Батыс өркениетті
2. Проваславиялық өркенниет
3. Латын американ өркениетті
4. Ислам өркениетті
5. Конфуцияндық өркениет
6. Оңтүстік Азиялық немесе Буддалық өркениет
7. Қиыр шығыстық негізінен синтоистік өркениет
8. Африкалық өркениет.
Қазақстан осы өркениеттердің ішінде өзінің сенім нанымдары бойынша
ислам өркениеттіне жатады. Қазақстан үш өркениеттің тоғысқан жерінде
ислам өркениеті, конфуциялық өркениеттің және проваславиялық өркениеттің тоғысқан жерінде орналасқан.
Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдыңда оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау мақсаты түрған жоқ. Ол осы тарихи-мәдени
процестің қисындық модельдерін бейнелеу-ге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі
бағыт бар екендігін бай-қаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен техника-ның дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланыс-ты.
Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының қүңдылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне
айналған көріністерімен айқындалып тұр. Н.А. Бердяев бұл туралы былай деген: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айы-рылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған... Өркениеттің негізі
енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі — машиналық.
Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде түтынудың жоғары деңгейіне
көтерді. Дамыған елдерде «не жеймін, не киемінң іқты мөселелер түбегейлі
шешілген. Бірақ адамзат үшін бүлар-І басқа маңызды талап-тілектер бар.
Екінші багытты — адам танилығының дамуы (мәдениет) деп атауға болады.
Ол адам-ң ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатпарларына, ой-өрісіне эылған.
Осы екі бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Ба-сты салыстыру арқылы да
байқауға болады. Егер Шығыс дениетке көбірек көңіл бөлсе, Батыс өркениетті дамытуда талай жетістіктерге жетті. «Батыс адамы Дүниемен,
табиғат, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы кү-; пафосы
— керісінше: ол өзімен-өзі, өзіңдегі толымсызбен реседің Егер тарихи-
мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарас-рсақ, онда тарихи түрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп эсетуге болады.
І. Льюис Генри Морганның ілімі бойынша: 1. Тағылық. Варварлық. 3.
Өркениет.
ІІ. Маргарет Мидтің ілімі бойынша: 1. Постфигуративтік ютүрлік) мәдениет.
2. Кофигуративтік (замандастық) мәде-гт. 3. Предфигуративтік (жас
үрпақтық) мәдениет.
ІІІ. Даниелл Беллдің пікірі бойынша: 1. Индустриалдыққа іінгі қоғам. 2.
Иңдустриаддық қоғам. 3. Индустриалдықтан іінгі қоғам.
Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғаш-қауымдық,
қүлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, комунистік) тән мәдениеттің бес түрін көрсетеді. Бүған дейін мәдениет өзінің түтастық және жалпылық ігілері бойынша бүкіладамдық қасиет ретінде сипаттал-. Алайда, нақтылы тарихта әртүрлі мәдени жүйелер өмірге ііп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді. Ал этнос-к, (үлттық) мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір ғасырдың нде талай өзгерістерді басынан өткізген. Мысалы, XX ғардағы қазақ мәдениеті туралы сөз болғанда көшпенділерден бастап кеңестік тоталитарлық мәдениетпен қоса, қайта жаңғырып жатқан қазақтың төл мәдениеті туралы зерттеу қажет.
Сонда, әр мәдениеттің озіндік ерекшеліктерін жоғалтпай, ірды белгілі бір
жүйеге, топқа келтіруге бола ма? Бүл мәдениеттер типологиясы туралы және
мәдениеттанудағы ең келелі ;елелердің бірі болып табылады.
Гипология (грек тілінен «гипос — пішін, үлгі, із және «логос — ілім, соз деп
аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама
үлгі комегімен талдау, сүрып-тау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін
айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, коп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның XX ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатынын баса айту қажет. Бүл ілімдерде типология әр түрлі қүрылымдык заңдылық-тарды ашу, олардың негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нөтижесінде идеалды типтерді қүрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру сияқты ғылыми негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан алуан мәдениетті зерттеу үшін типология ауадай қажет.
2 сұрақ. Заманауи мәдениеттанудағы типологиялар
Қазіргі мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған.
Бүл жерде шешуді қажет ететін мәселе — медени типтердің өзара байланысы. Дүниежүзілік түтас мәдениеттер эволюциясы бар ма, әлде әрбір
мәдениет оқшау, бір-бірімен алшақтап кете ме? Осы мәдени типтердің тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен адамзат да-муында
белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бүрын гүлденгені, неге кейін
солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады. Енді соларға
түсіндірмелерді іздестіріп көрейік.
Осы мәселе бойынша мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға
болады. XІX ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртүтас
дүниежүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму түжырымдамасы бойынша әртүрлі
өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мөдениеттің үқсас сатыларынан өтеді. Бұлай ойлау, әсіресе, марксизм ілімінде анық айтылған (қоғамдық-экономикалық формациялар, спираль түрінде даму идеялары). Гегель философиясындағы жалпыламалықтың жекелерден жоғары түрып, оларға үстемдік ету принципі мәдениет типтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді елемеуге әкеліп соқты.
XІX ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де оз әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңды-лықтарын логикалық түрғыдан талдаудың орнына әрбір "өркениеттіңң көркем өмірбаянын суреттеу алдынғы қатарға шықты.
Ресейде де бұл идея XІX ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте
орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің тарихи-
мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің «Ресей және Еуропа»
атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өтеді. Осы
тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түркі халықтарын таба алмаймыз. О.
Шпенглер сияқты Н. Данилевский де «Орталық Азия халықтары варварлық
сатыдан шыға алмадың деген еуроорталықтық көзқарас шеңберінде қалып қойған.
Әрбір мәдени-тарихи тип окшау организм тәрізді болған-дықтан, олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы сүхбаттасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, үлттық мәдениеттер шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп қалғандар (реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нөтижесінде кейбір мөдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан озгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай омір сүреді. Оның 1000 жылын қалып-тасу, нәр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этно-графиялық кезеңі алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады.
Тек соңғы 50—100 жыл ішінде тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із
қалдырады. Бүл кезеңді Н. Данилевский оркениет деп атайды. Бірақ өркениет
түбінде этностық мәдениетке орны толмайтын нүқсан келтіреді, оның архетиптік озегін жегідей жейді. Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасында-ғы байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:
• а) жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер
өркениеттерін мүлдем қүртып жіберуі);
• ө) будандастыру (І Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);
• б) тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нәрімен
толығады). Жалпы алғанда кәптеген тың пікір айтқа-нымен, Н. Данилевский
мәдениеттер түтастығын жеткілікті ескермейді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар 5ойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың саддарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдеі бірлігін қалпына келтіре бастайды.
Бүкілпланеталық түтасть: идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі
мәнісін замаңдг сабақтастығынан іздеуге үмтылдырды. Мәдени оқшаулық тес риялары өз орнын адамзат өркениеті дамуының біртүтастығ: жайындағы ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде белгу философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883—1969 белдеулік (осьтік) уақыт ілімі ерекше орын алады.
К. Ясперстін пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда бол ган, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы үқсас Жалпыадамдық мәдениет пен еркениеттің қалыптасуыш шешуші әсер еткен фактор — тарихтағы рухани даму, қүдай-лық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ өрбір дүниежүзілік немесе үлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана «дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытындаң пайда болған философиялық сенім түжырымдады. Бұл — шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыз-дың әр жерінде (Қытайда, Үндістанда, Персия мен Палестина-да, Ежелгі Грекияда) рухани қопарылыс болып, казіргі адам типі қалыптасты. «Бүл уақытта, — дейді К. Ясперс одан әрі, — кере-мет қүбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лао-цзы омір сүрді. Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да копте-ген философтар өз ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы екі елде де адамзаттың бар-лық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті; Ираңда Заратуштра жақсылық пен зүлымдықтың арасында толассыз күрес жүретін әлем туралы оз ілімін уағыздады; Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар шықты; ал Грекия — бұл Гомер мен Парменид, Гераклит, Платон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты трагиктердің уақытың.
К. Ясперс ертедегі үлы мөдениеттердің пайда болуын адам-ның озінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан қүтылу үшін руха-ни күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсатың шы-гармасында үсынады.
Шығыс Ренессансының талай елдерді камтыған және 500 жылдан артық
өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-
Киңди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи,
Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті
адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мүсыл-мандықпен
қатыеы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бүл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бүрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап едд.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам
өз өсерін тигізді. Еліміздегі коптеген түрік тайпалары-ның мемлекеттік
бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдама-ған. Қарахандар мемлекетінде
мүсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955
жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X
ғасырда оғыздар мен кыпшақтардың да бірталай болігі мұсылмандыққа отті.
Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол
кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мүсылманның рухани оміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Пла-тон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші үстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мүрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің озі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замаңдағы рухани-ғылыми кұрал са-налған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мөдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік жөне антикалық мәдениеттерді үштастыра білуі.
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің
мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын
дәлелдеу). 2. Шариғат (мүсылмандық түрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат
(Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі). 4. Маарифат (білімділік, парасаттылық
идеялары).
Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бүл елді жаулап алған арабтар,
осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен,
түсініктілігімен, ой үшқырлығы-мен адамды баурап алады. Әдепті адам
ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік түрғыдан қарастырады және осыңдай
адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шы-
ғармаларында кездесетін адамды «хайуани ақлиң (ақылды жан) деп анықтау
кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Ното заріеш-ке сабақтас. Ақылды
жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани маданиң (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар.
Осыңдай түлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол
өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі
болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар,
сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары туралың, «Бақыт жолын сілтеуң, «Ақыддың мәні туралың, «Данышпандықтың інжу-маржаның, «Бақытқа жету жайындаң ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын үғымы — «қала». Қаланы әл-Фара-би жай ғана қоныс, түрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі медениет үғымының арабшасы «маданиятң, мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қала-сының түрғындары, ұлы үстаздың ойынша, өздерінің инабатты-лығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл-Фарабидің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмеңдегі өлең жолдарынан жақсы байқаймыз. Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме, Олардан аулақ жүр, кашанда әділдік жағыңца бол.
Бүл дүние — біз мәңгі түратын мекен-жай емес, Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды.
Адамдар әлде құмға түскен із бе екен?
Біз соншалыкты дәрменсіз болғанымыз ба?
Бір рет самал соқса-ақ, бәріміз Мына өмірден үшты-күйлі жоғалып кетеміз бе? Адамға бір сөттік кыска ғүмыр берілген.
Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол
дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мүрасы өзінің үлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.