Мәдениет әлеуметтануы



бет3/6
Дата05.04.2023
өлшемі29,67 Kb.
#79495
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
М дениет леуметтануы

Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтары қоғамның үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы, жартылай саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Әр адам бала кезінен көптеген көне мәдени элементтердің қоршауында болады. Ол үнемі көз алдында осы ережелерді көргендіктен, өзі үшін ең дұрыс және ең қолайлы болып қала береді. Бала өсіп-өніп, үлкейген соң, олардың пайда болуы туралы ойланбастан оған өзінен-өзі белгіленген құбылыс ретінде қарайды. Мысалы, амандасу үшін ол дағдылы түрде оң қолын созады, бірақ бір кездері мұндай ым жәй амандасуға қарағанда үлкен мән, дәлірек айтсақ, қолда қару жоқ екендігін білдірген. Қоғамда әдет-ғұрыптар саны өте көп. Жабайы қоғамның өзінде де бірнеше мыңдаған әдет-ғұрыптар болған, ал қазіргі индустриалды қоғамда олардың саны көбейе түсуде.
Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет өмір сүре алмайтынымен қоса, онсыз кез келген адамдар қауымдастығының өмір сүруін көз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл мәдениет және өркениет қоғамы онсыз өмір сүре алмайтын жалпы рухани негіз. Бір сөзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы. Қазіргі социологиялық еңбектерде салт-дәстүрді жайлап үйрену мен ұзаққа созылған қандай да бір қоғамдық талаптар ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларға негізделуі деп қарастырады. Сол себептен салт-дәстүрдегі қажеттілік бір уақытта босататын, жаншитын адамдар жүрегіне жол салатын маңызды қажеттілік болып табылады. Социологиялық анықтамалар қатарында, сонымен бірге салт-дәстүрді әмбебап мәдениет құбылысы ретінде қарастыратын мағыналар да бар .
Салт-дәстүр барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет етеді және олардың өмір саласындағы қажетті жағдай болып табылады. Салт-дәстүрге немқұрайды қатынас қоғам мен мәдениет дамуындағы мирасқорлықтың бұзылуына, адамзаттың құндылықтық жетістіктерінің жоғалуына алып келеді. Салт-дәстүр алдында соқыр бас ию кертартпалық пен қоғамдық өмірде тоқырау туғызады.
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет